City University of International Partnership / State license АБ 0137478
International accreditation ACBSP (USA) / Institutional and specialized accreditation IQAA (Kazakhstan)

Қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиада

Қазақстан-Американдық еркін университеті Шығыс Қазақстан облысының қазақ тілінде білім беретін мектептерінің 10,11 сынып оқушылары арасында  қазақ тілі мен әдебиетінен өтетін олимпиаданың уақыты өзгергендігін хабарлайды. Бұрынғы хатта 24 ақпанда өтетін олимпиаданың 10 наурызда өтетінін ескертеміз. 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан-Американдық еркін университеті Шығыс Қазақстан облысының қазақ тілінде білім беретін мектептерінің 10,11 сынып оқушылары арасында  қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Олимпиаданың өткізілу уақыты мен орны:

Олимпиада 2017 жылдың 10 наурызында Тәуелсіздік дғ, 86 мекен-жайында орналасқан Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткізіледі. Олимпиаданың өткізілу уақыты: 9.00-ден 16.00-ге дейін.

Олимпиадаға қатысушылар:

Олимпиадаға қатысу үшін әр мектептен 4 оқушы шақырылады (10-сыныптан – 2 оқушы, 11-сыныптан -2 оқушы).

Олимпиада екі кезең бойынша өтеді:

І кезең – тест  тапсырмаларын орындау (Тест тапсырмалары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен беріледі). І кезеңнен ең жоғары балл жинаған оқушылар ІІ кезеңге өтеді. 

ІІ кезең – қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен талдау жұмыстарын орындау. 

Олимпиаданы өткізу кестесі

09:00 – 09:30

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу

Вестибюль, 1қабат

09:30 – 10:00

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі

Акт залы, 2 қабат

10:00 – 11:30

Олимпиаданың 1 кезеңі

Дәрісханалар

11:30 – 12:00

Олимпиаданың 1 кезеңін қорытындылау

 

12:00 - 13:00

Түскі ас

 

13:00 – 15:00

Олимпиаданың 2 кезеңі

Дәрісханалар

15.00 - 15.30

Олимпиаданы қорытындылау

 

15:30 - 16:00

Олимпиаданың жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау

Акт залы, 2 қабат

Сағ.10.00-де ҚАЕУ-дің акт залында оқушылармен бірге келген мұғалімдерге семинар ұйымдастырылады. Соңында сертификат беріледі.

Олимпиада қорытындыларын шығару

Олимпиада қорытындысы бойынша әр сыныпқа бір 1- орын, екі 2-орын, үш 3-орын беріледі. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады және оқу ақысын төлеуге жеңілдік сертификаттары беріледі.

Ұсыныс беру мерзімдері:

Олимпиадаға қатысу үшін ұсынысты 2016 жылдың 20 ақпанына дейін anur_81@mail.ru электронды мекен-жайына «Олимпиадаға қатысу бойынша ұсыныс» тақырыбымен жіберу керек.

Ұсыныс формасы

Оқу орнының атауы_____________________________

Қатысушының толық аты- жөні

1.                      _________________________________

2.                      _________________________________

3.                      _________________________________

Бірге келетін мұғалім_________________________________________________

Қосымша ақпарат (телефон, e-mail)_____________________________________

Олимпиадаға қатысуға ұсыныс жасау сайыс шартымен танысу ретінде қарастырылады.

Ұйымдастыру бойынша сұрақтар болған жағдайда 49-25-11 (ҚАЕУ –дің «Педагогика және психология» кафедрасы, кафедра меңгерушісі Нұрланова Әсем Нұрланқызы) телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Kazakh-American Free University (KAFU). All rights reserved.

Prospect Nezavisimosty 86, Ust-Kamenogorsk, East Kazakhstan Region, Kazakhstan, 070018

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru