City University of International Partnership / State license АБ 0137478
International accreditation ACBSP (USA) / Institutional and specialized accreditation IQAA (Kazakhstan)

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған көркем сөз оқу сайысы

Қазақстан-Американдық еркін университеті Шығыс Қазақстан облысының қазақ, орыс тілдерінде білім беретін мектептерінің 10,11 сынып оқушылары, колледждердің білім алушы студенттері арасында  «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған көркем сөз оқу сайысы өткізілетіні жайлы хабарлайды.

Сайыстың  өткізілу уақыты мен орны:

Сайыс 2020 жылдың 24 ақпан күні сағат 13.00-де Горький көшесі, 76 мекен-жайында орналасқан Қазақстан-Американдық еркін университетінің акт залында өткізіледі.

Сайысқа қатысушылар:

Әр мектептен, колледжден әр номинация бойынша бір-бір адамнан барлығы 3 адам қатыса алады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар.

Сайыс үш номинация бойынша өтеді:

  1. Абайдың бір өлеңін қазақша жатқа мәнерлеп оқу;
  2.  Абайдың бір өлеңін орысша жатқа мәнерлеп оқу;
  3. Абайдың бір өлеңін ағылшын тілінде  жатқа мәнерлеп оқу.

Үміткерлердің өнерлерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына,  сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім үлгісіне баса назар аударылады.

Сайыс қорытындыларын шығару

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады, ал жеңімпаздарға оқу ақысын төлеуге 15%, 20%, 30%   жеңілдік сертификаттары беріледі.

Барлық өтінімдер 2020 жылдың 20 ақпанына дейін shonova_zarina@mail.ru электронды мекен-жайына «Сайысқа қатысу бойынша ұсыныс» тақырыбымен қабылданады,  байқау барысында ешқандай өзгерістерге рұқсат етілмейді. Өтінімде мәтінді мәнерлеп оқуға техникалық сүйемелдеу қажеттілігі болса, көрсетуді сұраймыз.  

Дұрыс ресімделмеген немесе толық емес өтінімдер қарастырылмайды!

Ұйымдастыру бойынша сұрақтар болған жағдайда 8/7232/50-29-45 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Өтінімді толтыру үлгісі                          

Мектеп
Қатысушының аты- жөні
Номинацияның аты
Өлеңнің аты
Сынып
Жетекшінің аты- жөні
1
Өскемен қаласы әкімдігінің №25 орта мектебі
Асқаров Алтай
Телефон
Абайдың өлеңін қазақша жатқа мәнерлеп оқу;
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
10
Жарасова Назира Асқаровна
Телефон,e-mail

Ескерту: Әр оқу орнынан бір өтінім қабылданады (онда барлық қатысушылар көрсетілу керек). Шараны ұйымдастырушылардың өзгерістер енгізуге құқығы бар. Сайысқа қатысуға ұсыныс жасау сайыс шартымен танысу және келісу ретінде қарастырылады.

Attachments:
Download this file (Письмо Абай конкурс.pdf)Письмо Абай конкурс1427 kB61 Downloads
Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Kazakh-American Free University (KAFU). All rights reserved.

 M.Gorkiy street 76, Ust-Kamenogorsk, East Kazakhstan Region, Kazakhstan, 070018

+7(7232)500-300 &nbsp  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20

kafu_ukg@mail.ru