Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылыми-зерттеу қызметі

Қазақстан-Американдық еркін университетінің қамқорлығымен жүргізілетін барлық ғылыми зерттеулер, заманауи тәжірибе мен отандық дәстүр негізінде жасалған ғылыми және ғылыми-өнеркәсіптік зерттеулердің құрылымдары мен жаңарулар ең алдымен, университеттің қоғамдық мәртебесін арттыруға, ғылыми-зертеу және ғылыми-өндірістік процестерді интегралдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
 Қазақстан-Американдық еркін университетіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары  ғылыми конференциялар, халықаралық студенттік ғылыми ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми семинарлар, аймақтық семинарлар және т.б. семинар, конференциялар арқылы жүзеге асады.  

ҚАЕУ-нің ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлаудың негізгі міндеттері:

  • инновациялық қызметтің дамуы,  ғалымдардың еңбектерін, ғылыми-өндірістік міндеттерді шешудегі материалдық және қаржы ресурстарын, аймақ пен Қазақстан Республикасының қосымша және іргелі басым бағыттарының даму мәселесін топтау;  
  • салауатты өмір салтын ұстану, білім мәселесі, демография, тілдік байланыстар, экологиялық таза технологиялар мен ресурсты қорғауды енгізу саласында ғылыми зерттеулердің дамуына және ұйымдарға инвестициялар тарту;
  • ғылыми-зерттеу лабораторияларында және кафедраларда нарықтың ғылыми инфрақұрылымын қалыптастыру және жетілдіру;
  • республика мен аймақ үшін жоғары білікті кадрларды оқыту және дайындау;
  • республиканың және аймақтың интеллектуалдық әлеуетінің өсуі, оны сақтап қалу үшін жоо ғылыми ұжымның ғылым мекемелерімен, білім жүйелерімен, өндіріспен бірігуі;
  • аяқталған ғылыми жұмыстардың нәтижесін жеделдетіп енгізу жолымен  ғылыми зерттеудің тиімділігін арттыру, патенттердің санын, авторлық куәліктерді көбейту және өнертабыс бойынша лицензияны сату.

Университеттің ғылыми шараларын ұйымдастыру және өткізу

Ғылыми іс шаралардың негізгі мақсаты әр елдің ғалымдары, жоо-ның ғылыми ұжымы араларында ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар мен тиімді ғылыми ынтымақтастықты орнату және дамытуға жағдай туғызу болып табылады. Бұл міндет экономика, менеджмент, заң, тарих, халықаралық қатынастар, филология, психология, педагогика, экология, математика, компьютерлік технология, тіл білімі мәселелеріне арналған конференция, семинар, дөңгелек үстел, шеберлік кластарын ұйымдастыру ретінде шешіледі.
ЖОО-да дәстүрлі түрде төмендегі конференциялар өтіп тұрады.

Жас ғалымдардың  халықаралық  форумы «Қазіргі ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеуден инновацияға дейін » жыл сайын көктемде өткізіледі.
Форумның жұмысы келесі бағыттарда өтеді:

  • Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының қазіргі  аспектілері.
  • Білім берудің жалпы мәселелері және тіл мәселесі.
  • Педагогика мен психология мәселесі.
  • Филология және тілдік пәндерді оқыту әдістемесінің мәселесі.
  • Педагогика және оқыту әдістемесінің мәселесі.
  • Экологияның, математика мен информатиканың өзекті мәселелері.
  • Математика және компьютерлік технология.
  • Экономика мен менеджмент мәселесі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің секция бөлімшесінен тұрады.
  • Шетел филологиясының мәселелері жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің секция бөлімшесінен тұрады.
  • Құқықтану мәселесі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің секция бөлімшесінен тұрады.

Форумның жұмысы мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.   Жас ғалымдардың халықаралық форумына қатысушылардың жалпы саны 700 баяндамашылардан тұрады. Форум аясында білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған басқа да ғылыми шаралар өткізіледі. 

Халықаралық ғылыми конгресс жыл сайын күзде ғалымдар үшін өткізіледі. 
Конгрестің жұмысы келесі бағыттардан тұрады:

  • Экономика және менеджмент мәселелері.
  • Заң мен тарихтың өзекті мәселелері.
  • Экология, математика және компьютерлік технологияның өзекті мәселелері.
  • Педагогика және психология: мәселелер мен даму болашағы.
  • Қазіргі тілдің дамуы және оқыту әдістемесінің мәселелері .

 Аталған шара аясында тұрақты негізде отандық және шетелдік мамандардың ғылым мен білім мәселелері бойынша шеберлік кластары, дөңгелек үстелдер, шетелдік мамандардың ашық дәрістері өтеді.  

Конгреске қатысушы баяндамашылардың жалпы саны орташа 300 адамды құрайды.

Аймақтық ғылыми-практикалық конференция дәстүрлі түрде«мектеп-колледж-жоо» сатыларының сабақтастығының мәселелері бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығымен бірлесіп көктемде өтеді.Өткізілген жылдар ішінде аталған шараның баяндамашылары арасында-Шығыс Қазақстанның ауылдары мен қаладағы барлық мектептерінің мұғалімдері болды.    

Конференцияның жұмысы келесі бағытта өтеді:

  • Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық мәселелері: оларды шешу жолдары.
  • Білім беру жүйесінің өзара әрекеті бойынша психология-педагогикалық  аспектілер.
  • Мамандарды тілдік дайындау.
  • Білім беру мекемелеріндегі  оқу процесін технологиялық сүйемелдеу.
  • Қосымша білім беру мәселесі баланың даму құралы ретінде.
  • Бастауыш және мектепке дейінгі білім деңгейінің сабақтастық мәселесі.

Секцияның жұмысы мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді. Жұмыстың аясында отандық және шетелдік мамандардың шеберлік кластары өткізіледі.
Қатысушылардың жалпы саны орташа 400 адамды құрайды. 

 

Жыл сайын сәуір айында дәстүрлі түрде аймақтық семинар «Чистяков оқулары» өткізіледі. 

Аймақтық семинардың жұмысы келесі бағыттардан тұрады:

  • Михаил Чистяков өлеңдері мен ақын өлеңдеріне жазылған әндер конкурсы.
  • Михаил Чистяковтың әдеби мұрасы.
  • Аймақтық  әдебиет.
  • Туған өлкенің білім мен мәдениет мәселелері.

Секцияның жұмысы мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді. 
Семинар жұмысының аясында аймақтың әдеби процесі бойынша аталған бағыт мамандарын тартумен шеберлік кластары өткізіледі. Мәнерлеп оқушылар сайысына Шығыс Қазақстанның ауылдары мен қаладағы барлық мектептерінен 100-ден артық оқушы қатысады. 70 баяндамашы аймақтың әдеби және мәдени мәселелерін жұртшылықтың талқылауына ұсынады.  

Хабарландыру

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru