Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылыми басылымдар (ҚАЕУ хабаршысы, KAFU Academic Journal)

Университеттің ғылыми-зерттеу қозғалысының негізгі басым бағыты – «Қазақстан-Американдық еркін университетінің хабаршысы» Республикалық ғылыми-зерттеу журналының шығарылымы (журнал Қазақстанда тіркелген, 2005жылдан бері басылып келеді, 2012жылға дейін ҚР БҒМ БҒСБК-мен  ұсынылған басылым тізіміне енген). Халықаралық «KAFU Academic Journal»  ғылыми журанлының шығарылымы (журнал АҚШ-да тіркелген, 2008жылдан бері шығып келеді).
«Қазақстан-Американдық еркін университетінің хабаршысы» жылына 6 рет шығады және оған төменде көрсетілген атаулар кіреді (мақала қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде қабылданады): 

  1. бірінші шығарылым- «Білім беру технологиялары». Мақала тақырыбы білім берудің жалпы мәселесін, білім берудегі электрондық технология, педагогика мен оқыту әдістемелерін, білім берудегі психологиялық аспектілерді, ҚАЕУ-дегі білім беру, білім беру мен денсаулық мәселелерін, білім беру мен экология мәселелерін т.б. қамтиды.
  2. екінші  шығарылым - «Филологияның жалпы мәселелері» Тақырып тілдерге оқыту әдістемесін, тілдің, мәдениеттің, қоғамның өзара әрекетін, әлемдік әдебиеттің, тілдің тарихын, жалпы филология туралы мақалаларды және т.б. қамтиды;
  3. үшінші шығарылым - «Қоғам және білім берудің экономикалық мәселелері». Тақырып  менеджмент пен маркетинг, сапа менеджменті жүйесін, дағдарысқа қарсы басқару, қаржы мен салық, экономиканың жалпы мәселелерін, экономикалық және әлеуметтік басқа да аспектілер, сонымен қатар экология мен денсаулық мәселесі жайында мақалаларды қамтиды;
  4. төртінші шығарылым - «Қоғам мен білімнің саяси-құқықтық мәселелері». Тақырып азаматтық және отбасылық құқық, әкімшілік құқық және мемлекеттік басқару,  қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы, халықаралық құқық пен шетелдердің құқығы, еңбек пен салық құқығы, саяси және басқа да құқықтық мәселелер жайлы мақалаларды қамтиды;
  5. бесінші шығарылым – «Психология мәселесі: тұлға, білім беру, қоғам». Тақырып заң психологиясын, әлеуметтік психологияны, жалпы психологияны, педагогикалық психологияны, медициналық (клиникалық) психологияны, саяси психологияны, тұлға психологиясы туралы мақалаларды қамтиды. 
  6. алтыншы шығарылым  – «Экология, математика және ақпараттық технология мәселелері». Мақала тақырыбы экологиялық мониторинг, өнеркәсіп пен коммуналды экология мәселесін, математика мен оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін, математика мен информатиканың қолданбалы аспектілерін, ақпараттық технологияның даму  мәселесін қамтиды.  

«ҚАЕУ Хабаршысы» журналының даналары облыстық техникалық кітапханасына, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасына Шығыс Қазақстан облыстық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына, облыстық әкімшілікке, Ұлттық Кітап палатасына, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына, ҚР Парламенті кітапханасына ұсынылады.  
Журнал сайты - www.vestnik-kafu.info. Журнал қазақстандық дәйексөз базасына кіреді.  
«KAFU Academic Journal» журналы жылына 1 рет шығады, мақала тек ағылшын тілінде жарияланады. Журнал АҚШ Конгресінде тіркелген және дәйектелген. 
Бас редакторы – Маршалл Кристенсен. Журнал халықаралық ғылыми басылым болып табылады.
Мақала төрт айдармен қабылданады – «Білім берудің жалпы мәселелері», «Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселесі», «Құқық мәселесі», «Бизнес-әкімшілік және қоғамның дамуы».
Журнал сайты  - www.kafu-academic-journal.info

 

Хабарландыру

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru