Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақстан-Американдық еркін университетінде білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулер оқу және тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын, ағымдағы жағдай реалиясын ескереді:   

  • Ғылыми-зерттеу процесін оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық жабдықтаудың жеткіліксіз деңгейі;
  • Ғылыми өнеркәсіптік және тәрбиенің маңызды әлеуметтік-педагогикалық институт ретінде білім беру рөлінің өзгеруі 

Осыған байланысты бірнеше тіл меңгерген көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мақсатты дайындық жұмысының қажеттілігі туады.  Ана тіл мен мемлекеттік тілді білу, шет тілдерін оқып үйрену, мемлекет пен онда тұрып жатқан халықтың тарихын білу жоғары кәсіптік білім мамандықтарының оқу жоспарларымен, ғылыми зерттеулермен, аудиториядан тыс жұмыстармен қаланады.      

СҒЗЖ негізгі мақсаты- жоо-да тиімді интегралды тәрбие жүйесін дамыту үшін оңтайлы кадрлық, ұйымдастыру, ғылыми әдістемелік, ақпараттық және басқа да жағдайларды жоо-ның басшылығымен ПОҚ-мен қамтамасыз ету.  Бұл білім алушыны адамгершілігі мол өнегелі,  жоғары зиялы, көп мәдениетті, рухани мәдениеттілік, бәсекеге қабілеттілік бағытымен ажырататын  тұлғаны қалыптастыруға,   болашақ маманның кәсіптік дамуына  және әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді. Шығармашылығы жағынан тұтас дамыған тұлға өз кезегінде тәрбие саласында әлемдік тәжірибенің жаңа жетістігі мен ұлттық дәстүрлерді пайдалану негізінде жоғары азаматтық ұстаныммен нағыз күрделі міндеттерді практикалық түрде өз бетімен шеше білу керек.       

СҒЗЖ міндеттері:

  • Ғылыми зерттеу арқылы тәрбиенің әлеуметтік мәртебесін көтеру.
  • ЖОО-ның тәрбие жұмысын нығайту және дамыту.
  • Білім алушы жастардың көшбасшылық қасиетін дамытуға, өзін-өзі басқаруға оқытуға ден қоя отырып тәрбиелік процесті басқарудың  демократиялық стилін дамыту.   
  • Студент жастар ортасында этникалық және ұлт аралық қатынастар мәдениетін арттыру.
  • Қоршаған болмысқа деген құндылық қатынастарын қалыптастыру (тілге, мәдениетке, тарихқа, дәстүрлерге, дінге және т.б.)
  • Гуманитарлық принциптердің, азаматтық және адамгершілік тәрбие механизмдерін дамыту.  
  • Адам құқығы Декларациясына сәйкес жастар мен балалар құқықтарына құрметпен қарауды қалыптастыру.
  • Білім алушыларға дәрігерлік-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жүйесін құру.
  • Тұтас педагогикалық процесте тәрбиені басқарудың кәсіби деңгейін арттыру және басқа әлеуметтік институттармен жоо-ның өзара әрекет жүйесін қамтамасыз ету 
  • СҒЗЖ қазіргі жағдайдағы маңызы, оның мақсаттары, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері мен тәсілдері туралы педагогикалық кадрлар мен басшылардың теориялық білімдерін тереңдету және кеңейту.
  • Басшылар мен педагогикалық кадрлардың этнопедагогикалық ой өрісін жетілдіру, мемлекеттік тілдің, өнер мен мәдениеттің, қазақ халқының дәсүрлері мен әдет ғұрыптарының маңызы туралы жанама ұғымдарды жою.  
  • Этнопедагогикалық білім мәселесі бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындықтан өткізу.

СҒЗЖ жоғарыда аталған міндеттері мен мақсаттары аясында жоо жыл сайын дайындықтың барлық бағыта бойынша  Ғылым мен Шығармашылық Апталығы өткізіледі. Ең үздік жұмыстар республикалық «Қазақстан-Американдық еркін университетінің Хабаршысы» ғылыми журналында жарияланады.  

Студенттердің Қазақстанда өндірістік практикадан өту базалары ретінде облыстағы шетелдіктер тартылған ірі кәсіпорындар: «Қазмырыш» АҚ, ҮМЗ АҚ,  «ТМК» АҚ, «AES» компаниясы және т.б. болып табылады. Кейбір кәсіпорындардың арнайы тапсырысымен орындалған түлектердің жұмыстары практикаға енгізіледі және ғылыми-өндірістік жоба болып табылады.  

Ең үздік диплом және бітіру жұмыстары салмақты ғылыми зерттеуді қарастырады және кафедраның бастамасы бойынша үздік жұмыстар аннотациясының жинағы шығарылады.

Бұл - СҒЗЖ бір түрі ғана емес, бұл студенттердің ғылыми жұмысын қолданбалы және іргелі деңгейге көтерген ғылыми жетекшілердің  кәсіби шеберлігі. 


 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru