Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Аккредитация

Халықаралық аккредитация

Дүние жүзінде динамикалық қозғалыстағы халықаралық білім беру кеңістігіне еліміздің жоғары білім жүйесінің тез арада ықпалдастығы үшін ұсынылатын білім беру қызметінің сапасы үшін жауапкершілікті арттыру қажет.  Жоғары білім жүйесіндегі сапа кепілдігін қамтамасыз етудің кең тараған түрі  аккредитация болып табылады. 

Описание: Преимущества международной аккредитации

Білім беру ұйымдарының аккредитациясы – тиімді механизмдердің болуын растау оларды жетілдіру және сапасы туралы объективті ақпаратты ұсыну мақсатында білім беру қызметінің белгіленген талаптары мен стандарттарына сәйкестігін  аккредитациялық органның тану процедурасы. (Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»  // Казахстанская правда, 27 шілде 2007 ж).

Аккредитация еріктілік, тәуелсіздік, объективтілік, жариялылық, айқындылық принциптеріне негізделген.  

Аккредитация құрылымы бойынша болады: мекемені тұтас аккредитациялауды ұйғаратын институционалды (мысалы, университет, академия, институтты) және жеке білім беру бағдарламалары (мамандықтарды) аккредитациялауға арналған мамандандырылған.      
ҚАЕУ АҚШ-дағы халықаралық серіктестері халықаралық агенттік танып мойындаған  - Аккредитациялау жөніндегі Бизнес Мектеп пен халықаралық бағдарламалар Кеңесін (бұрынғы атауы-алқалық бизнес-мектеп пен бағдарламалар ассациациясын) ұсынды

Бүгін ҚАЕУ Аккредитациялау жөніндегі аталған кеңесте халықаралық аккредитациялаудың толық процедурасынан өткен Қазақстандағы бірінші және әзірге жалғыз жоо болып отыр

Бакалавриаттың барлық экономикалық мамандықтарына, магистратура мен Ph.D бойынша 10 жыл мерзімге аккредитациялаудан өтті, сонымен қатар басқарушылар үшін МВА бағдарламасы да осы процестен өтті.   

 ACBSP2

ҚАЕУ аккредитацияланған мәртебесі Аккредитациялау жөніндегі Кеңестің www.acbsp.org  ресми сайтындағы Аймақтар тарауында №8 аймақта расталуы мүмкін.    

Описание: Аккредитация организаций образования

ҚАЕУ үшін халықаралық аккредитациялаудан өтудің негізгі басымдылықтары:
сыртқы:

  • Халықаралық мойындау, ҚАЕУ экономикалық мамандықтарына берілетін біліктілік пен берілетін дәрежелердің конверсиялануы және салыстыруға болатыны.   
  • ҚАЕУ беделінің дамуы мен Қазақстандық және халықаралық білім беру нарығында бәсекелестік позициясының нығаюы. 
  • ЖОО-ның халықаралық мәртебесін, жоғары білім беру қызметі мен сапасының кеплідігін, халықаралық талаптарға сәйкестігін  растау.  
  • Дүние жүзілік білім кеңістігіндегі басқа да университеттермен ынтымақтастықты арттыру мүмкіндігі, атап айтқанда жоғарыда айтылғандар бойынша сапаның жоғары стандартын қуаттайтын Ассоциацияның басқа да мүшелерімен ынтымақтастықты арттыру мүмкіндігі. 
  • ҚАЕУ білім бағдарламаларының тиімділігі мен нәтижелігіне негізгі мүдделі тараптардың (потенциалды талапкерлердің, студенттердің, жұмыс берушілер мен жұртшылықтың) сенімін арттыру.    

ішкі:

  • Білім беру бағдарламасын жетілдіру үшін әр стандарт бойынша ұсыныстар мен мықты және әлсіз тараптардың сараптамалық қорытындысын алу.  
  • Бағдарламаны жетілдіруге, білім беру нарығында жоо бәскеге қабілеттілігіне қызмет ететін  инновация енгізуге ACBSP тарапынан кәсіптік көмек.   
  • ҚАЕУ басшылығының басқару шешімдерін қабылдау үшін жоо мен факультеттің тұтас қызметі туралы ақпараттың объективтілін арттыру.   
  • Барлық профессорлық-оқытушылар құрамын сапаны қамтамасыз ету, жоо мен факультет құндылықтары, сонымен қатар сапа мәдениетінің мәртебесін арттыру жұмысына тарту.       

оқытушылар мен қызметкерлерге арналған артықшылық:

  • жоо-ның басшылығы мен бизнес кафедрасының штаттағы оқытушылары қосымша жарнасыз автоматты түрде ACBSP мүшесі болып табылады және ақпараттық ресурстарды, мүмкіндіктерді, сонымен қатар айрықша және тиісті құқықтарды қолдануға құқықтары бар.      
  •  оқытушылар «Үздік оқытушы» атағы үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндіктері бар.  ACBSP жыл сайын 18 сыйлық тапсырады (әрқайсысына 2 сыйлықтан тоғыз аймақ бойынша). Сыйлық жыл сайын өтетін ACBSP халықаралық конференциясында тапсырылады. 
  • жаңа кәсіптік мүмкіндіктер-әр апта сайын  ACBSP мүшелері ақпараттық хабаршы алады, онда ACBSP-ға мүше-университеттеріне оқытушылық және әкімшілік бос орындар туралы жаңа ақапараттар жарияланады (хабаршыны алу үшін ACBSP сайтында тіркелу қажет).     
  • бенчмаркингтерге арналған мүмкіндіктер және өзара бағалау –ассоциация мүшелері-жоо-дары бірлесіп зерттеу, статистикалық салыстырулар жүргізеді, жаңалық енгізу және тәжірибемен бөліседі.  
  • аймақтық және ACBSPдың халықаралық конференцияларына қатысу (барлық қатысушылар 9 аймаққа бөлінген).  

студенттер үшін:

  • дипломды халықаралық мойындау-аккредитация алған білімнің маңызы мен сапасын растайды. 
  • ACBSP-ға мүше –шетелдік жоо-на ауысу мүмкіндігі, ҚАЕУ оқуы бойынша кредиттерді ескере отырып.
  • магистратура мен докторантурағы білімін шетелдік жоо-да жалғастыру үшін  шетелдік жоо-на қабылдау процедурасын жеңілдету.
  • түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жақсарту  және халықаралық еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.  
  • халықаралық маңызды қоғамдастықтарға мүше болу мүмкіндігі (Бета Сигма Дельта мен Дельта Мю Дельта).

Описание: Этапы аккредитации

АСBSP ұйымы 2014 жылдың 5 маусымынан бері Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу 

органдарының  ұлттық тізіміне енгізілген (Accreditation Council for Business Schools and Programs).   

ACBSP2014

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru