Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ Мұражайы

Университеттің негізін салушы тұлғаның мерей тойына орай 2012ж күзде университетте Е.Ә.Мәмбетқазиев атындағы мұражай ашылды.  

Әр мұражайдың өзінің қалыптасқан бояуы, қайталанбас бейнесі болады. Мұражайда университеттің құрылу, даму тарихы, басымдылықтары мен жетістіктері, университетті құрушы тұлғалар туралы, басшылықтың қол астында ҚАЕУ жобасымен жұмыс істеген адамдар жайлы кеңінен қамтылған ақпараттар жинақталған, ҚАЕУ бүгінгі таңда осы жобамен болашаққа қарай аяғын нық басып келеді    

Жеке экспозиция биік рухты, жоғары саналы тұлға ҚАЕУ-дің негізін салушы-Ережеп Мәмбетқазиевке арналған. Ол білім, ғылым ісін реформалаудағы жоо-ның практикасына енгізген    бір қатар иновацияның авторы: тестілеу, «Болашақ» Президенттік бағдарламасы арқылы интеллектуалды элитаны дайындау, үш тілділік, «бакалавр-магистр-Ph.D докторы», аймақтық университеттер т.б.

Ережеп Әлхайырұлы қазақстандық координациялық қосылыстардың электрохимиялық  ғылыми мектебін құрды.   Монографиялар мен оқулықтарды қосып алғанда 740 ғылыми еңбектің авторы, олардың басым көпшілігі АҚШ, Европада, Ресейде, Қытайда, Моғолияда қайта басылып шықты.   Қоғамның интеллектуалды дамуына қосқан үлесі үшін әлемдік және республикалық деңгейдегі атақтар мен марапаттармен лайықты мадақталған. Мұражайдың негізгі экспонаты ҚАЕУ Президентінің өмірі мен қызметі туралы альбом болып табылады.

Мұражайда «Президент бұрышы» деп аталатын барлығының назарын аударатын экспозиция - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың университетке келуіне орай арнайы қойылған бұрыш. Н.Ә.Назарбаев ҚАЕУ-нің ашылу салтанатында және оның алғашқы түлектеріне диплом тапсыру кешіне қатысқан. 

  Мұражайдың орталық орнын халықаралық серіктестігі меншік жоо-н бірлескен жобамен құру бойынша екі елдің, екі континенттің, екі халықтың белгісінің композициясы-Стелла алады.  

«Халықаралық ынтымақтастық» композициясында ҚАЕУ-нің дүние жүзі бойынша білім беру ұйымдарымен және жетекші университеттерімен ынтымақтастығы туралы ақпарат берілген.  
Мұражайда шетелдік ұйымдармен алғаш жасасқан келісім шарттың құжаттары, ресми хаттар сақталған.   Университетке қатысты кең камтылған фотогалерея бар.  Құнды экспонаттар: түлектердің дипломдары, халықаралық ұйымдардың сертификаттары, сонымен қатар түлектердің студенттік билеттері мен зачет кітапшасы сақталған.   

«ҚАЕУ-дің мақтаныштары мен спорттық даңқы» тарауында  халықаралық категориядағы спорт шеберлерінің спорттық марапаттары, мақтау қағаздары мен кубоктары қойылған.

Студенттік өмір мәліметтері жақсы берілген. «Студенттік даму орталығы» қамқорлығы аясында түрлі іс шаралар мен конкурстар өткізіледі, қоғамдық және жастар ұйымымен байланыс орнатылған. Осының бәрі жастардың шығармашылығын дамытуға, спорттық іс шаралар өткізуге, студенттердің ғылыми белсенділігіне ықпал етеді.  

Мұражайда университеттің құрылымдық бөлімшелерінің стендтері бар, онда университеттің білім және ғылым саласындағы жетістіктері, тарихының негізгі кезеңдері, оқу-әдістемелік жұмысы көрсетілген.    

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru