Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Кітапхана

Жалпы

 ҚАЕУ кітапханасының құрылымы – ол ресурстық орталықтар желілері.

Тәуелсіздік даңғылы, 86 бойынша ресурстық орталық (негізгі зал)

Бажова, 86 бойынша ресурстық  орталық (колледждің оқырман залы)

Ворошилова, 160  бойынша ресурстық  орталық (колледждің оқырман залы)

Сондай-ақ:

Дүниежүзілік тілдік және әдебиет ресурстық орталығы;

Үнемі әрекеттегі «Айматық авторлар мұрасы» көрмесі

 Оқырмандар назарына:

мамандықтар бойынша оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер;

- мерзімді басылым (100 атаудан астам);

- көркем әдебиеттер;

- электронды тасығыштағы әдебиеттер;

- бағдарламалық өнімдер;

- мультимедиялық электронды баспалар.

 ҚАЕУ кітапханасында көрмелер өткізіледі:

- дайындау бағыты бойынша жыл сайыңғы «Түлектер аптасы»;

- ЖОО-мен колледждердің әртүрі іс-шараларына арналған тақырыптық көрмелер;

- ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Е.Мәмбетқазиевтің еңбектерінің үнемі әрекеттегі көрмесі;

- ПОҚ еңбектерінің үнемі әрекеттегі көрмесі;

- Михаил Чистяковтың және басқада аймақтық авторлардың шығармашылығын зерделеуге арналған үнемі әрекеттегі «Аймақтық авторлар мұрасы» көрмесі (Бажова көшесі, 68).

 
1
 1
 1
 4
 5

 

 

Қолдану ережесі

 

Кітапханы пайдалану ережесі

  1. Қорды пайдалануға білім алушылар, профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлердің құқығы бар.
  2. Кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі түрлері тегін көрсетіледі.
  3. Кітпаханаға жазылу оқырманның университетте оқитынын куәландыратын құжат бойынша: білім алушылар үшін - студенттік билет, оқытушылар мен қызметкерлер, басқа категориялар үшін – жеке басын анықтайтын құжат немесе қызметтік куәлік пен 3*4 көлемдегі бір фотосурет.   
  4. Оқырманға бірыңғай оқырмандық билетпен бірге қор орталығын пайдалану құқығы беріледі және тіркеу карточкалары, оқырман формуляры толтырылады.   
  5. Оқырмандарды тіркеу кезінде оқырмандық формулярға ережемен танысқаны туралы міндетті растап, оларды орындайтыны туралы қол қойылады.  
  6. Оқырмандық билеттің әрекет ету мерзімі-1 жыл. Жыл сайын оқырмандарға қайта тіркеу жүргізіледі.  Олардың қолындағы әдебиеттерді есептеуді ұсынумен және кітапхананың белгілеген мерзімі мен оқырмандық билетті ұзартылады.   Қайта тіркеуді өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.
  7. Оқу орнынан шығу кезінде оқырмандар кітапханаға алған басылымдары мен оқырмандық билетті қайтарып береді.  Оқудан шығу парағын толтырады.   
  8. Оқырман алған әдебиетін күтіп ұстауы қажет. Әдебиеттегі мәтіндерді сызуға, парақтарды бүктеуге, жұлуға қатаң тыйым салынады. Жоғалтқаны, бүлдіргені үшін оқырмандар нақ сондай басылымдармен немесе кітапханада сұранысқа ие басылымдармен орнын толтырады.  Орнын толтыра алмаған жағдайда оның нақты құнын төлейді (он есе төлеу (ҚР Үкіметінің 1999ж. 12 мамырдағы № 565 қаулысы))
  9. ҚАЕУ оқу залында және ресурс орталығында әдебиеттер бірыңғай оқырман билеті бойынша немесе студенттік билет бойынша төмендегідей мерзімге беріледі:
    • Оқу және әдістемелік әдебиет 1 күнге  2-3 кітап санымен;
    • Ғылыми және арнайы әдебиет 3-5 күнге 2-3 санымен;
    • Көркем әдебиет 10 күнге 1-2 кітап санымен беріледі;
    • Өткен жылдың мерзімді басылымдары 2 күн мерзімге (5) беріледі.  
    • Оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса әдебиеттерді қолдану мерзімі ұзартылуы мүмкін, болмаса егер қолданыстағы әдебиет бір дана ғана болса немесе ол әдебиет жоғары сұранысқа ие болса мерзімі қысқартылуы мүмкін.
  10. Оқырман қолына алған әр әдебиет үшін оқырмандар формулярына немесе кітап формулярына қол қояды.
  11. Әдебиетті топтық сабақтарда қолдану оқытушының жазбаша талабы бойынша және  студенттік топтың кезекшісінің қол қоюы арқылы  тіркеу журналынан өткен соң  беріледі.    Топтық сабақтар үшін алынған әдебиетке жауапкершілік оқытушыға жүктеледі.
  12. Кітапханаға жеке және кітапханалық кітап, журнал, газет, баспа басылымдарының қиындыларымен және басқа да баспа материалдарымен кіруге болмайды.   Қолындағы есепке алынған әдебиеттерге ғана рұқсат етіледі, кітапханашы бұған белгіленген тәртіппен белгі соғады.    
  13. Әдебиетті кітапханадан тіркеусіз алып шығуға тыйым салынады. Бұл ереже бұзылған жағдайда оқырман тәртіп бұзудың сатысына байланысты әкімшілік белгілеген кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.  

Электронды кітапхананы пайдалану ережесі

Электронды кітапхана- бұл кітапхана пайдаланушыларының жергілікті және алыстағы ресурстарға қол жетімділігінің тақырыптық мәліметтер жүйесі. Электронды каталог тарауында университет жиынтығындағы электрондық қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі кітаптар беріледі.

Электронды кітапхананың жүйелі және алфавиттік каталогы бар. Алфавитті каталог  – бұл кітаптың атауы, автордың тегінің алфавиттік тәртіпте топталатын  библиографиялық жазбалар каталогы.  Алфавиттік каталогке кітапхананың кітап қорында нақты бір кітаптың бар екенін білу керек болған жағдайда ғана жүгінді. Алфавиттік каталогте алфавиттік тәртіпте (курстық, дипломдық, рефераттық жұмыстар, кітаптар) беріледі және олардың белгілі бір классификациясы болмайды. Жүйелі каталог белгілі бір классификация бойынша жұмыстардан тұрады. Жүйелі каталог- бұл библиографиялық жазбалар білім салалары бойынша орналасқан каталог. Жүйелі каталог «Электрондық ресурстар» кітапхана қоры бойынша электронды ресурстарды ғана (компьютер басқаратын) көрсетеді. Жазабалар білім салалары бойынша орын алады. Электронды кітапханадағы жұмыстың негізгі кезеңдері:

  1. ЭК электронды ресурстар бойынша әкімші іске қосады;
  2. Файлға рұқсат гиперсілтеме бойынша өту жолымен жүзеге асады;
  3. Жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек;
  4. Пәндер тізімі пайда болады (мысалы: психология, экономика, проза...және т.б.);
  5. Таңдаған тақырыпқа еніңіз:
  6. Қажет материалды тапқан кезде Сіз электронды ресурс бойынша әкімшіге болмаса кітапханшыға жүгінесіз;
  7. Қажет материалдың көшірмесін жасап алуға болады, мұндай жағдайда жұмыс үстеліне құжат дайындау қажет;
  8. Енді Сіз бұл материалды түзетіп шығарып алуыңызға болады.  

Материалды іздеу алфавиттік каталог бойынша да  жүргізіледі.  

 

Электронды ресурстарды

Жылдам және сапалы қызмет көрсету үшін кітапхана төмендегі ресурстарды ұсынады:

КАБИС – кітапханада қызмет көрсетуді басқарудың автоматтандырылған жүйесі     (интегралды кітапханалық-ақпараттық жүйе).



Электронды каталог бойынша КАБИС-те кітап басылымдарын ыңғайлы іздестіру: 

  • «Ағылшын тіліндегі кітаптар» базасы
  • «Орыс тіліндегі кітаптар» базасы
  • «Мерзімді басылымдар» базасы

Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электронды кітапхана

Қазақстан-Американдық еркін университеті ресурстарына толық қол жетімділікті қамтамасыз ететін  Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электронды кітапханмен келісім шарт жасасқан.   Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электронды кітапхана  (РЖАЭК) – бірыңғай ақпараттық жүйеге республиканың ЖОО-дарының электрондық білім беру ресурстарын біріктіретін  бірыңғай деректер қоры. Аталған деректер қорының негізгі мақсаты: профессор-оқытушылар құрамын, жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды   заманауи ақпараттық білім  беру және  интерактивті мультимедиялы ресурстармен толық қамтамасыз ету;

Сілтеме: lib.kazrena.kz

Springer деректер қоры

Қазақстан-Американдық еркін университеті on-line режимінде Springer деректер қорының толық текстегі ресурстарға қол жетімділікті қамтамасыз ететін Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен келісім шарт жасасты. 

Ресурс тың төмендегідей нәтижелері бар:  

  • электронды кітаптар
  • электронды анықтамалықтар
  • журналдар
  • on-line-журналдарының мұрағаттары
  • on-line-кітаптарының және т.б. мұрағаттары.

Сілтеме: www.springerlink.com

G-Global порталы

«G-Global коммуникативті» алаңы – бұл әлем бойынша төмендегі порталдарда қатысуды Интернет қамтамасыз ететін бірегей жүйе:  

  1. Кітаптар- ақпараттық білім беру ресурстары.
  2. Жарияланымдар- аналитикалық жұмыс, сынақтардың және ғылыми жұмыстардың қорытындысы мен нәтижелері.
  3. Жарыссөздер – саясат, экономика, бизнес т.б. өзекті мәселелері бойынша екі немесе одан да көп қарсыластың пікірлесу алаңы.
  4. Сұрақтар  
  5. Форумдар (2009ж. бері әрекет етіп келеді) – Әлем бойынша ғылыми қызметкерлердің ғылыми идеясымен, тәжірбиесімен алмасуы.
  6. Эксперттік шолу – заманауи мәселелер бойынша өз ісіне жетік маманның пікірі.
  7. Жобалар –бизнес-жобаны эксперт шолуына ұсыну мүмкіндігі, бизнес-жоспардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен кеңестер алу, ең бастысы аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция тарту.
  8. Блогтар – «қоршаған әлемдегі оқиғаларға «кәсіпқой еместердің» үйреншікті заттарға жаңа көзқарасы.   

Аталмыш коммуникативтік алаң туралы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті айтып өтті және алаң Президенттің бастамасымен құрылды. 2012 жылдың 12-қаңтарында Астана экономикалық форумының www.aef.kz  сайтында бүгінгі таңдағы қазақстанның ғана емес бүкіл дүние жүзінің танымал ғалымдарын, бизнес бірлестіктерін, билік органдарын,  біріктіретін "Коммуникативная площадка G - Global" таңдаулы жобасы шықты.  «G-Global коммуникативті» алаңы  әлемдік экономика мен жеке экономиканың дамуына қызығушылық танытатын  барлық әлеуметтік топтар мен әлем елдерінің азаматтарына бағытталған.   Бүгінгі таңда АЭФ-ның G-Global коммуникативті алаңы Қазақстандық және әлем бірлестіктері дүниетанымының әлеуметтік желісін біріктіреді.  Соңғы жыл ішінде сайтты күнделікті пайдаланушылардың саны  күніне 50-ден   2000-ға дейін артты.    АЭФ  сайтында 10.000 артық пайдаланушы тіркелді.

Пайдаланушылар бойынша елдің саны 128 әлем елдерін құрайды. 

Иинтернеттің порталының басты ерекшелігі Қазақстанның және әлемнің танымал тұлғалары мен заманның тамаша ойларының қатысуымен өтетін интерактивті жаңа жоба «ПЕРСОНА МЕСЯЦА» «Ай Адамы» онлайн конференциясы.  Ай сайын аталмыш онлайн конференцияның өту барысында шақырылған «қонақ» өзінің консультативті пікірімен бөліседі және қатысуға тілек білдірген порталдың барлық қатысушыларының сұрақтарына жауап береді.   

ЖОО-ның студентері және қызметкерлері үшін

ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША БАСЫМДЫЛЫҚТАР 

  1. Форумға үздік жұмыстар жинағын шығару –сайтта орналасқан материалдардан форумның жинағына жарияланымды ары қарай орналастыру үшін  үздік жарияланымдар таңдалып алынады;
  2. Әлем бойынша ғылыми қызметкерлердің тәжірибелерімен және ғылыми идеяларымен алмасу;
  3. Жаһандық деңгейде ғылыми байланыс орнату;
  4. G-Global сайтында орналасқан жарияланымдар мен барлық ғылыми мақалалар бойынша ресми жарияланған статусын беру жөнінде жұмыстар жүргізілуде;
  5. Жаһандық өзекті мәселе шешіміне конкурс өткізу, мысалы бірыңғай әлемдік валюта мәселесі. 

Сілтеме: www.g-global.aef.kz

ПОЛПРЕД деректер қоры

Қолмен жиналатын маңызды жарияланымдар мұрағаты. Рубрикаторлы деректер қоры: 26 сала / 600 дерек/ РФ-ның 8 федералды округі/ 235 ел мен территорий /басты материалдар/ бірінші 5000 тұлға бойынша мақалалар мен сұхбаттар. 

15 жыл ішінде күн сайын мыңдаған жаңалықтар, орыс тілін толық қамтыған тақырып,  баспасөз бен ақпарат агенттігінің  миллиондаған үздік сюжеттері, іскерлік баспасөз.  Толық тақырыпты іздеу, негізгі сөз тіркестері, Word бойынша экспорт және т.б. тақырып редакторы, ондаған тақырып бойынша сабақтастықты іріктеу. Жеке іріктеу сюжеттері мен белгілері кез келген пайдаланушы құрылғысынан қол жетімді.  Салалар мен елдер бойынша интернет-сервис. Кітапхананың барлық компьютерлері мен ішкі желілерінде Polpred.сот –қа рұқсат етілген.   


Сілтеме: Polpred.com

Электронды каталог

Университеттің электронды каталогы бұл әдебиеттер мен ресурстар есебінің қозғалысы,  іріктеу және кітап қорын ұйымдастыру; оқырмандарға қызмет көрсету және «КАБИС»бағдарламасы бойыншабасқа да ақпараттық-аналитикалық қызметтер базасы болып табылады.    

ҚАЕУ ресурстық орталығында «КАБИС» кітапханаларды автоматтандыру жүйесінің бағдарламасы пайдаланылады.  Аталмыш бағдарлама  кез келген типтегі және профилдегі кітапхана жағдайында пайдалануға арналған, кітапхана технологиясын автоматтандыру үшін типтік интерграция шешімін қарастырады. Жүйе электронды каталогты (ЭК) құрастыратын кез келген көлемдегі деректер базасын сақтай алады және ол үшін бар жағдайды жасайды немесе белгілі бір мәселеге бағытталған библиографиялық деректер базасын (ДБ) қарастырады.    Бұл жүйе кез келген сәйкестік сипаттау элементі бойынша жедел іздестіру нәтижесі негізінде  сөздіктерді автоматты құру технологиясын қарастырады. 

Каталогтандыру құралдары кез келген басылым түрлерін аудио-бейне материалдары, картографиялық материалдар, компьютерлік файлдар мен бағдарламалар, ноталар мен т.с.с сияқты дәстүрлі емес басылым түрлерін қосып алғанда, оларды сипаттауға және өңдеуге мүмкіндік береді.  

Жүйеде іріктеу, жүйелеу, каталогтау, оқырмандар ізденісі, кітап беру және басқару технологияларымен бірге автоматтандырылған алты типтегі жұмыс орындарының (АЖО) өзара байланыста қызмет атқаруы негізінде:  «Комплектатор», «Каталогизатаор», «Оқырман», «Кітап беру», «Админстратор», «Штрих-кодтау» сияқты   барлық типтегі кітапханалық технологиялар жүзеге асырылған.    

АЖО «КОМПЛЕКТАТОР» - кітапхана қызметкерінің арнайы деректер базасын жүргізу негізінде кітапхана қорының есебі мен іріктеу қызметін атқаратын  жұмыс орнын қарастырады.

Жүйе бір база деректерін бір мезгілде толықтыру (түзету) мүмкіндігі арқылы  АЖО-ның «КОМПЛЕКТАТОР» ерікті мөлшерінің қызметін қамтамасыз етеді; 

  • АЖО «КАТАЛОГИЗАТОР» - электронды каталог бойынша деректер базасын құру (толықтыру және түзету) жөніндегі барлық қызметті атқаратын кітапхана қызметкерінің жұмыс орнын қарастырады.   ШЕЖ (ЛВС) жағдайында жүйе бір база деректерін бір мезгілде толықтыру мүмкіндігі арқылы  ерікті мөлшерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • АЖО «ОҚЫРМАН» - Электронды Каталогтың негізгі пайдаланушысының жұмыс орнын қарастырады, Электронды каталогта ақпаратты тегіс қамти алатын ізденіске,  табылған әдебиетті беру үшін тапсырыс жасауға және табылған ақпаратты басып шығаруға/қарауға арналған.    ШЕЖ (ЛВС) жағдайында жүйе Электронды каталогты пайдаланушылардың ерікті мөлшерін сол база деректері бойынша бір мезгілде іздеу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;
  • АЖО «КІТАП БЕРУ» - оқырманның жасына лайық құрылған тапсырысқа сәйкес әдебиетті беру жөніндегі қызметті атқаратын кітапхана қызметкерінің жұмыс орнын қарастырады.
  • АЖО «АДМИНИСТРАТОР» -деректер базасының өзекті күйін мақұлдауға бағытталған, оның тұтас жүйелік операциясын атқаратын маманның жұмыс орнын қарастырады.
  • АЖО «ШТРИХ-КОДТАУ» кітап не оқырман туралы библиографиялық ақпаратты сандық   күйінде қамтамасыз ететін көмекші нұсқаушы болып табылады.

Университеттің электронды каталогы Тәуелсіздік даңғылы, 86, 3-қабатта оқырмандар залында қойылған, көруге рұқсат шектеулі желі бойынша жүзеге асырылады. ҚАЕУ кітапханалық-ақпараттық орталығы өзінің жеке толық мәтінді деректер базасы бар: «ҚАЕУ хабаршысы»  (http://www.vestnik-kafu.info/), «KAFU Academic Journal» (http://www.kafu-academic-journal.info/), сілтемелер университеттің ресми сайтында берілген.

Қазіргі таңда пайдаланушылардың отандық толық мәтінді кітапханалық электрондық қорларға кіру рұқсаты бар:   «Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы» (www.kazneb.kz); Республикалық жоо аралық элктрондық кітапхана (www.rmeb.kz.).

Ақпараттық қорларды кеңейту мақсатында кітапханалық-ақпараттық орталық ай сайын Республикалық жоо аралық электрондық кітапхананың www.rmeb.kz.  ДБ-на жеке ғылыми және оқу қорын орналастыра алады.     Бүгінгі таңда 2613 библиографиялық жазба толық мәтін сілтемесімен табыс етілген.

Университет кітапханасы халықаралық толық мәтінді төмендегі ресурстарға рұқсаты бар: Thomson Reuters «Webof Knowledge» (http://wokinfo.com), Springerlink  (http://link.springer.com), Sci Verse Science Direct компании Elsevier (http://www.elsevier.com), Scopus (http://www.scopus.com)

Университеттің компьютерлік сыныптары мен электоронды оқу залдарында барлық базаларға кіру рұқсаты бар. Электронды ақпараттық ресурстардың сапалы іріктелуі студенттер мен қызметкерлерге, ПОҚ-на ғылыми зерттеулердің жаңа материалдарына қол жеткізуге, беделді және рецензияланған контентті алуға, бейінді білім саласында жарияланымды таба білуге көмектеседі.  

Университеттің электронды кітапханасы өз пайдаланушыларына құрастырылған жоғарғы оқу орнының ішкі басылымдарын, оқу және ғылыми әдебиеттің толық мәтінді аналогтарын, білім бағдарламалары бойынша пәннің оқу-әдістемелік кешендерін және электронды ресурстардың басқа типтері мен түрлерін ұсынады.  

Кітапханада интернет желісіне қосылған 10 пайдаланушының  жұмыс орны ұйымдастырылған. Кітапханада үнемі кітап қорын арттыруға қағаз түріндегі даналар, сол сияқты электронды тасушылар бойынша жұмыстар жүргізіледі.    

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru