Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Студенттік даму орталығы

Жалпы мәлімет

ҚАЕУ студенттік даму орталығы

Студенттік шақ бұл болашақтың бастамасы, бұл бойыңдағы дарынды ашып көрсету мүмкіндігі, бұл шетелде тағлымдамадан өту, бұл жаңа жеңістер мен жетістіктер кезеңі, бұл батыл шешімдер мен ойдағыны іске асыру уақыты.

ҚАЕУ егеменді Қазақстанның болашақ игілігі үшін 21 ғасыр көшбасшыларын шығаратын халықаралық серіктестегі жоо ретінде өз студенттерінің кәсіптік және шығармашылық әлеуетін жан жақты дамытуды жүзеге асырады.

ҚАЕУ студенттік даму орталығы – бұл қазіргі жастардың қызығушылығымен бірге өмір сүретін біріккен команда, сонымен қатар студенттік  өмірдің барлық саласында белсенді саясат жүргізеді.

ORIGINAL1

2010 жылы ҚАЕУ-де жастар саясатының міндеттері мен мақсаттары шешу үшін және ЖОО-да студенттік қызметтің дамуын ескере отырып студенттік даму Орталығын құру қажет болды. Орталықты құрған сәттен бастап осы күнге дейінгі дамудың негізгі бағыттары белгілі болды – бұл шығармашылық және кәсіптік даму. Дамудың шығармашылық векторы Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, студенттер арасында көркемөнер және студенттерді күшімен құрылған үйірмелерді жетілдіруге, олардың дарындары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған.   Кәсіптік сектор өз кезегінде, кәсіптік құзіретті кеңейтуге және бекітуге, кәсіптік қарым-қатынасты арттыруға, өз мамандығы бойынша қосымша практикалық білім алуға бағытталған.  

Атап өту керек, соңғы 4 жылда студенттік даму орталығының құрамы мен құрылымында өзгерістер болды. СДО-ның динамикасын талдай отырып, осы оқу жылында орталықта белсенді жастардың көбейгені байқалды. 2011-2012 оқу жылында 45 белсенді, 2012-2013 оқу жылында 41 белсенді, 2013-2014 оқу жылында 90 студент, ал 2014-2015 оқу жылында олардың құрамы 101-ге жетті. ЖОО-дағы белсенділердің басым көпшілігі-1-2 курс студенттері. Бұл жерде СДО-ның белсенді студенттер құрамының артқанын ғана емес, сонымен қатар сапалы өткізілген шаралар қатарын да айтып өту керек, яғни орталық жұмыс істей білетін және кәсіби шеберліктері бар жастармен толықты.  

Орталық қызметіндегі негізгі орынды ай сайын шығатын “Free Students” студенттік газет алады. Газет 2007 жылдың қыркүйегінен бастап шығады. Редакция газетті визуальді толтырады, ұсыныстар мен мазмұн стилистикасын материалдың сапасы мен корпоративтік стилін сақтай отырып оалрды үнемі жетілдіру үстінде.  Редациялық алқа штаты тұрақты түрде ҚАЕУ дарынды студентерімен толығып тұрады. Университет оқытушылары газетті белсенді қолдап шын ықыластарымен жариялануға ниет білдіреді.    Қазіргі кезеңде газеттің сайтын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 

gazeta

СДО-ның Мәдени-көпшілік клубы ҚР Тәуелсіздік күніне және басқа да айтулы күндерге арналған қазақ, орыс және басқа да тілдерде баяндамалар, өлеңмен жазылған эссе, шығарма конкурстарын өткізуді дәстүрге айналды

 Екінші жыл қатарынан жаңалық ретінде «Студенттік бал» және «ҚАЕУ жігіт сұлтаны» сайыстары өткізілді.  Аталмыш шаралар оң нәтиже көрсетті, болашақта оларды жыл сайын өткізу жоспарлануда. Мәдени-көпшілік секторына қатысушы студенттер «Наурыз» жалпы ұлттық мерекесін атап өтуге белсене ат салысты, қалалық әкімшілік ұсынған алаңдарда концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.  

Тұңғыш рет біздің студенттер Семей қаласында 30 минуттық қойылыммен облыстық «Студенттік көктем-2014» байқауына қатысты. Қалалық «Студенттік көктем-2014» байқауында студенттердің құрамымен құрылған хор ұйымы «Академиялық вокал» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.  

3IrG758fKJE

Қалалық «Студенттік көктем-2015» байқауында ҚАЕУ-нің «Breezy Beat»  шығармашылық ұжымы «Оригинальды жанр» номинациясы бойынша жеңіске қол жеткізді. Студенттер өз жоғары оқу орнын көпшіліктің алдында абыроймен таныта білді, сонымен қатар мыңдаған көрермендерді өздерінің орындау шеберліктерімен қуантты, бұл дегеніміз ҚАЕУ-де тек дарынды жастар оқитынын тағы бір дәлелдейді. 

Студент жастар Көңілді Тапқырлар клубынсыз қалай өмір сүрмек?   КТК- бұл өзіндік тапқырлық, сөз өнері, ділмарлық; біздің студенттер бұл қасиеттермен кенде емес деуге болады. Университетте КТК-ның қазақ және орыс тілдеріндегі лигалары белсенді қызмет етеді.   ҚАЕУ КТК командасына қатысушылар қалалық КТК лигасына белсенді өнер көрсетіп жүлделі орындардан көрінді. Соңғы жылдарда, біздің команда көп нәрсеге қол жеткізді: премьер-лига чемпионы атанды, бірқатар кубоктарды ұтып алды, марапаттар мен жүлделерге қол жеткізді.

ҚАЕУ-нің студенттік даму орталығының жұмысында маңызды рөлді Бизнес клуб алады, Бизнес клуб –бизнес пен жоғары білім арасындағы одақ.  Клуб мүшелері  тұрмысты жақсарту және оның деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыру үшін бизнес-тұжырымдамалар мен кәсіпкерлік тәсілдерді қолдануға қатысады. 

Бизнес клубқа қатысушылар бизнес-жоспарлар жасайды, әр түрлі жобалар әзірлейді, әлеуметтік мәні бар идеяларды жүзеге асырады, сонымен қатар локальды және халықаралық деңгейдегі әр түрлі конференцияларға, форумдарға конкурстарға қатысады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ҚАЕУ-нің дебаттық қозғалысы қайта жанданды. Дебаттар өз пікірлестерінің бойынша отан сүйгіштікті, білгірлікті,әзіл-қалжыңды көтере білуге және оларды өз өмірлік ұстанымдары қалыптасқан тұлға ретінде тәрбиелейді.

2014 жылы ҚАЕУ –нің 20 жылдық мерей тойы құрметіне ҚАЕУ Президенті кубогы үшін тұңғыш рет Республикалық дебат турнирі ұйымдастырылды. Турнирға Астана, Павлодар, Семей, Көкшетау, Өскемен қаласының дебатерлары қатысты.

ҚАЕУ дебаттық қозғалысының мүшелерімен 2014 жылы қалалық дебат лигасы жұмыс істей бастады, дебатқа қатысқысы келгендер үшін тренингтер өткізілді, бүгінгі таңда ҚАЕУ колледжі, Өскемен ЭҚК, МЭСИ және ШҚМУ-нің командалары қамқорлыққа алынды.  

Студенттік даму орталығында құқықтық көмек пен кәсіптік жетілу аясында ҚАЕУ «Фемида» Заң клиникасы жұмыс істейді. Заң клиникасының құрылуы бұл жоо-ның студенттері арасында құқықтық сана деңгейін көтерудің нақты қадамы және ҚАЕУ базасында жоо-ның қызметкерлері мен қала тұрғындарына тегін заңгерлік кеңестер беру арқылы заңгерлік мамандықтағы студенттердің теориялық білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. 2013-2014 оқу жылында Заңгерлік клиника қатысушыларымен ІІД жанындағы Өскмен қаласының полициясымен бірлесіп әрекет етуде ерікті халық дружиналарының қызметкерлері мен отряд мүшелері үшін құқықтық сауат ашу сабақтары жүргізілгенін ерекше атап өту керек.

Сонымен қатар студенттер үшін клиентпен қарым қатынас негізін оқыту тренингтері мен ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды терең оқып үйрену семинарларлары және т.с.с. шаралар ұйымдастырылды. 

2013-2014 оқу жылында университеттің волонтерлік Ассоциациясы өз қызметінің жаңа деңгейіне көтерілді: мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтары мен қарттар үйі-интернатты өз қамқорлықтарына алды. Осы ретте волонтерлар ай сайын аталмыш орындарға қолдарынан келгенше көмек көрсетеді, қарттар мен балаларға арнап түрлі көңіл көтеру кештерін өткізеді.  

ҚАЕУ волонтерларының қызметі туралы аймақтық газет бетіне мақалалар шығып облыстық теледидардан ақпараттар берілді. Бүгінгі таңда олар «Назарбаев зияткерлік мектебі» волонтерларымен ынтымақтастық орнатты.

Студенттік даму орталығында қазіргі бағыттағы би студиясын құру жөніндегі бастама жобасы табысты жүзеге асырылды.

  Аталмыш жобаның нәтижесі: би студиясының бишілер ұжымы үнемі қалалық флешмобтар, шараларға, ҚР бірінші Президенті күніне арналған шараларға, қала күніне, «Студенттік көктем» және басқа көптеген шараларға тұрақты түрде шақырылады.  

Студенттік даму орталығында психологиялық семинарлар, тренингтер, әр түрлі кеңестер өткізу, оқытушылар мен студенттер арасында әлеуметтік сауалнама ұйымдастыру мақсатында психологтар Клубы жұмыс істейді. 

СДО базасында барлық тілек білдірушілерге арналған тілдер Клубы жұмыс істейді. Клубтың негізгі міндеті:

  • Клуб мүшелеренің шешендік қабілетін дамыту;
  • Пән бойынша оқу материалын бекіту;
  • Мемлекеттік және шет тілдерінде басты әлеуметтік-экономикалық, жастар, саяси мәселелерді талқылау;
  • Мемлекеттік және шет тілдерде көркем фильмдер қарау.

Туризм – кейбір адамдар үшін ел аралау, кейбір адамдар үшін таным, қатынас құралы, ал кейбіреудің тұрмыс-тіршілігі.  

Бүгінгі таңда ҚАЕУ «Liberty» Туристік клубы – бұл әр адам өзі үшін ашуға талпынған Terra Incognita, 10-нан артық белсенді демалыс түрлері.  Біздің қызықты әбден қалыптасқан тәсіліміз саяхат жасау мезгілі мен саяхат жасайтын аудандарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді деген сенімдіміз. Бізбен бірге саяхатқа шыққан жандар бұл сапардан ұмытылмас әсер алып саяхаттық өмірдің роматикасына  рахаттана көтеріңкі көңіл күймен оралғанын қалаймыз. 

СДО-да Вокал студиясы жұмыс істейді. Студиядағы жұмыс түрлері: студенттерді шығармашылыққа тарту, студенттік шығармашылық фестивалдер мен конкурстарға қатысуға тарту;

Университетте кезек кезек қалалық қоғамдық, бұқаралық ақпарат құралдарының, жастар бірлестігі, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің ішкі саясат Департаменті, қоғамдық бірлестікер: «АСК», «Феникс»,  «АМиДО» БҚ, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерін шақыра отырып студент жастардың құқықтық сауатын қамтамасыз ету, төзімділік пен азаматтық, отан сүйгіштікті жастардың бойына қалыптастыру бойынша мемлекеттік жастар саясатын, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру және насихаттау шаралары өткізіледі.

 ORIGINAL2

Біз әрқашан ынтымақтастыққа, конкструктивті қарым қатынасқа  дайынбыз, және «татулық – бірлік негізі» деген ұранды ұстанған тобымыздың жаңа мүшелерін шын ықыласымызбен ортаға тартамыз.

Біздің басты міндетіміз-  университеттегі студенттік өмірді жарқын, студенттер үшін тиімді, өмірлері мазмұнды, есте қаларлықтай өткізу емес, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның игілігіне қызмет ететін өмірге деген көзқарасы мықты қалыптасқан, өз айтар ойы мен шешімі бар, жігерлі де қажырлы 21 ғасыр көшбасшыларын тәрбиелеуге ықпал ету болып табылады.  

 

 

 

Студенттік үкімет

ҚАЕУ-де оқу-тәрбиелік процесімен басқару жүйесінің элементі болып Студенттік үкімет болып табылады және ең жоғары деңгейдегі ықыласын арттыру есебімен студенттердің талаптарын болжайды. Студенттік үкімет қызметінің негізгі мақсаты болып барлық студенттер ұжымының күшін біріктіріп үйлестіру, ғылыми қызметі мен мәдени бос уақыттарын жетілдіру мақсатында Университет әкімшілігіне жәрдемдесу, студенттер ұжымын басқару процесін жандандыру, оларды университеттің қоғамдық тұрмысына еліктіру болып табылады.

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru