Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Зияткерлік мұра жобасы

Құрметті әріптестер!

Халықаралық серіктестік мүшесі болып табылатын Қазақстан-Американдық Еркін университеті  2014 жылы 20–жылдық мерейтойын атап өтті. Өзінің аз ғана тарихында оқу орнымыз басты міндетін мінсіз атқарып келеді: қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық әлем жағдайында Қазақстанға берік бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете алатын кәсіпқой ұрпақ дайындау бойынша қолданысқа енгізілген өзіміздің сәтті технологиямыз қолдау тауып, жаңа типтегі ЖОО моделі ретінде бағаландық, Республиканың басқа университеттері үшін басым бағыттарды анықтадық. 

Қазақтан –Американдық Еркін университетінің қызметінде көрініс тапқан халықаралық серіктестік моделінің маңызды құрамдасы – білім беру сапасын арттыру мақсатында тұжырымдамалармен, идеялармен, тәжірибемен бөлісу болып табылады. Жаһандану үрдісінде білім беру толық масштабты халықаралық серіктестіктің негізгі байланыстырушы түйіні болып отыр.

Дәл осы мақсатпен, өзінің 20-жылдық мерейтойында Қазақтан –Американдық Еркін университеті Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің жоғарғы білім беру жүйесінің жетекші мамандары мен ғалымдарының ғылыми және оқу–әдістемелік жұмыстары енгізілетін «Зияткерлік мұра» жобасын бастап отыр.

Аталмыш жобамыздың сәттілігі мерейтой иесі болып отырған университетіміздің абырой–беледін растап қана қоймай, әлімді жақсы жаққа өзгертуге бастайтын XXI ғысыр көшбасшыларын қалыптастырудағы ілгері тенденциялар белгісі болады деп үміттенемін.

Е.Мамбетказиев

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru