Жадауова Ж.А.

Жадауова Ж.А. Кеден одағы мүше елдерінің кедендік заңнамаларының теориялық негіздері (Қазақстан Республикасы мысалында): Монография. – Өскемен, 2014. – 186 б. (11,6 б.т.). ISBN 978-601-7334-47-5

Монография Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасын құру мен жетілдірудің теориялық аспектілерін кешенді түрде зерттеуге арналған. Монография авторы - Жадауова Жанар Абдилдаевна, заң ғылымдарының кандидаты, аталмыш еңбегінде кедендік заңнама ұғымы мен мазмұнына қатысты сұрақтарды қозғап, Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының негізгі даму кезеңдерін сипаттайды; Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының басым бағыттарын анықтайды.

Өткізілген зерттеуде кедендік құқықтың жеке институттарын нормативті-құқықтық реттеу бойынша кемшіліктер көрсетілген. Кеден қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын ары қарайғы дамытудың тұжырымдамалық және нормативті ережелері ұсынылған.