Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Академиялық бағдарламалар

Түлектерге қазақстандық дипломмен қатар американдық диплом беру. Бірыңғай білім беру ортасын құруға және дипломдардың өзара мойындалуына жол ашатын Болон декларациясы Республиканың әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануына нық бағыт болды. ҚАЕУ өз уақытынды Қазақстанның алдында тұрған үлкен мүмкіндікті болжай алды. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола алатын мамандар даярлаудың жоғары деңгейі ресми түрде 1999 жылы мойындалды. Осы жылы Республика Президенті Н.Назарбаев жоғары оқу орны түлектеріне екі бірдей диплом тапсырды: қазақстандық және американдық. Қазір ҚАЕУ түлектерінің дипломы World View қауымдастығына мүше халықаралық университеттердің барлығында мойындалады. Университет Орегон штатының толық құқықты жоғары оқу орны ретінде тіркелген. Бұл екі елдің білім технологияларын үйлестірудің арқасында мүмкін болды.

Қазақстан-Американдық еркін университеті - халықаралық стандарттарға сай бакалаврларды дайындауды бастаған бірінші жоғары оқу орны (АБ 0137478 мемлекеттік лицензиясы, 2010 ж.). Университте оқу бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша екі факультетте– «Бизнес, құқық және педагогика» және «Сырттай және қашықтықтан оқыту» факультеттерінде американдық және қазақстандық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.

Бакалавриат

Мына бағыттар бойынша 18 мамандық:

  • білім беру
  • гуманитарлық ғылымдар
  • құқық
  • әлеуметтік ғылымдар және бизнес
  • техникалық ғылымдар мен технологиялар
  • қызмет көрсету

Магистратура

Специальности:

Менеджмент Магистранттарға оқуға мыналар ұсынылады: стратегиялық менеджмент; қызметкерлер құрамын басқару; инновациялық менеджмент, сапа менеджменті; көшбасшылық негіздері және т.б.
Құқықтану Магистранттарға пәндердің кең таңдауы ұсынылады: ҚР азаматтық процессуалдық құқығы; ҚР қылмыстық процессуалдық құқығы; ҚР салық құқығы; ҚР қаржы құқығы және т.б.
Шет тілі: Бұл бағдарлама ұсынады: екі тілді терең оқу; шет тілдерін оқыту әдістемесінің қазіргі заманғы өзекті мәселелері; шешендік өнерге үйрену; жоғары оқу орнында оқу сабақтарын ұйымдастырудың түрлері және тәсілдерімен танысу.

Докторантура

Специальности:

Менеджмент
  • бизнесті басқару
  • білім беруді басқару
  • халықаралық көшбасшылық

Заңтану

  • халықаралық құқық
  • әкімшілік құқық
  • қаржылық құқық
  • ақпараттық құқық
  • экологиялық құқық

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру

Элиталық мектеп – лицей ҚАЕУ лицейі 2007 жылдан бастап қызмет етеді. Лицей оқушылардың қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану, физика-математика салалары бойынша да жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.
ҚАЕУ колледжі 9-11 сыныптар базасында оқытудың күндізгі бөлімі бойынша, 11 сынып базасында оқытудың сырттай бөлімі бойынша орта кәсіптік білімді мамандарды даярлайды.

Университеттің 6 оқу корпусы, АҚШ-та 2 офисі, қазіргі заманға сай кітапхана қоры, жабдықталған қонақ үйі, жаттығу залы, студенттер кафесі, «Сібе» және «Көгілдір бұғаз» спорттық-сауықтыру базалары бар.

Оқыту түрі
  • күндізгі
  • кешкі
  • сырттай
  • сырттай-қысқартылған
  • іштей-қысқартылған
  • қашықтықтан

Хабарландыру

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru