Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Бизнес, құқық және педагогика» факультеті

Декан

Т.А.Ә.: Мензюк Галина Анатольевна – з.ғ.к., доцент,  «Бизнес,

құқық және  педагогика» факультетінің деканы  

Мекен жайы:  Тәуелсіздік даңғылы каб. 401 

Эл.мекен жайы:  menzjuk@mail.ru 

Телефон:   жұм.: 8(7232)77-65-61

Мензюк Галина Анатольевна – ұлты орыс, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

Жалпы жұмыс өтілі - 27 жыл, соның ішінде ЖОО-да 15 жыл.

Білімі:

  • 1984-1989ж.ж. – ӨПИ, мамандығы- «Тарих», қосымша мамандығы - «Педагогика»,біліктілігі «Тарих, қоғамтану мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша әдіскер».
  • 1993-1997ж.ж. – ШҚМУ, заң факультеті, мамандығы –«Құқықтану», біліктілігі «Заңгер».
  • 1998 – 2002ж.ж. - 12.00.02 – конституциялық құқық; муниципалдық құқық; әкімшілік құқық; қаржылық құқық мамандығы бойынша ізденуші.

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты (2002ж.), 12.00.02 – конституциялық құқық; муниципалдық құқық; әкімшілік құқық; қаржылық құқық мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасында кеден ісін басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» тақырыбындағы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші диссертациясы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы.

Ғылыми атағы: «Құқықтану» мамандығы бойынша доцент (2011ж.).

Еңбек қызметі:

  • 1989-1997ж.ж. – Өскемен қаласының №26 орта мектебі, тарих мұғалімі, оқу-тәрбие ісі бойынша мектеп директорының орынбасары;
  • 1997-2001ж.ж. – ШҚМУ, заң факультеті, конституциялық құқық кафедрасының оқытушысы, заң факультеті деканының орынбасары;
  • 2001-2002ж.ж. - ШҚМУ, Экономика және құқық институты директорының оқу ісі бойынша орынбасары;
  • 2002 ж.-қазіргі кезге дейін – Қазақстан-Американдық еркін университеті «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы.

Негізгі ғылыми еңбектері:

80 –ге жуық ғылыми еңбек, соның ішінде оқу құралдары – «Кеден ісі» (2008), «ЕАЭО құқығы» (2016). Ғылыми мақалалары Алматы, Астана, Портланд (АҚШ) қалаларында жарық көрген: «Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының құқықтық мәртебесі жайлы» (ҚазҰУ Хабаршысы, заңтану сериясы, №1(22), 2002), «Кеден ісі саласындағы жеңілдіктер: Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы заң шығарушылығына салыстырмалы талдау» (Фемида № 11. 2005), «Кеден тәртібі институтына теориялық – құқықтық талдау жасау» (Фемида. №12.2006), «Декларациялаудың процессуалды-құқықтық алғышарттары: салыстырмалы талдау» (Фемида №3 2009),  «Әкімшілік-құқықтық тәртіп жүйесіндегі еркін құрылым» (Әділ сот, №1, 2010),  «Model of legal support of interstate customs integration of the Eurasian economic community» (Portland, Oregon, USA. - October 26-27, 2012); «Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамалық табиғаты» (Наука и жизнь Казахстана, Астана, №1, 2016ж.), «Адам мен азамат құқықтарын сот органдарының қорғауын қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық ережелерді жүзеге асыру проблемалары» (ҚАЕУ Хабаршысы: білім беру мен қоғамның саяси-құқықтық проблемалары. - №4. – Өскемен, 2015)

Халықаралық конференцияларға, жобаларға қатысу.

  • «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы: нәтижелер мен даму болашағы» халықаралық ғылыми конференция - (Алматы:  2001), «Транзиттік қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық модернизациясысының мәселелері: «Тұран» университетінің республикалық ғылыми- практикалық конферениясының материалдары»  -(Астана, 2004).
  • «Үлкен Еуропа: Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ бен ТМД батыс елдерінің  саудасына әрекеттестік» БҰҰДБ жобасына қатысу (Грузия, Тбилиси қ., 2011г.).
  • Кристиана Альбрехт университетінің (Килль қ.) құқықтанушылар қоғамының жұмысына қатысу, Шығыс-Еуропалық құқық институтының ғалымдарымен ортақ ғылыми-зерттеушілік жұмыс жасау (Шығыс-Еуропалық құқық институтының шақыруы, 2011г.).
  • 2015 жылдың ақпан-наурызында ҚАЕУ мен Co-Serve International АҚШ фондының халықаралық серіктестігі бағдарламасы шеңберінде «Visiting  International Professor» кәсіби даму бағдарламасы бойынша Warner Pacific университетінде оқыды (Портленд қаласы, Орегон штаты, АШҚ).  For completing with excellence the 2015 Servant Leadership Academy for Visiting International Educators сертификаты.

Мадақтаулар:

  • Қала әкімі атынан ҚАЕУ ұйымдастыру мен құруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс хат (2004 ж.);
  • Білім беру жүйесіндегі ерең еңбегі мен жоғары біліктілікті мамандарды дайындауы үшін ШҚО әкімінің атынан мақтау қағазы (2014 ж.);
  • «Білім беру жүйесіндегі еңбегі мен Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолындағы жетістіктері үшін» ҚР Білім мен Ғылым Министрінің  Құрмет грамотасы (2014 ж.).

Г.А. Мензюк керемет ұйымдастырушылық қабілеттерге ие, оқу және тәрбие жұмысын жемісті ұйымдастырып, бақылайды, факультет пен университет деңгейіндегі іс-шараларды дайындауға белсенді атсалысады. Ғылыми зерттеулер нәтижелері мен оқытудағы жаңа әдістерді, оқу үрдісінің толық әдістемелік кешенін пайдалана отырып өткізетін сабақтарының жоғары теориялық деңгейі кафедра отырыстарында, студенттердің әлеуметтік сауалнамасы өткізілгенде сан рет аталып өткен. Студенттер мен магистранттардың зерттеушілік жұмыстарына жетекшілігі диплом, магистрлік зерттеулер түрінде жүзеге асып отырады. Бұл зерттеулердің нәтижелерімен студенттер мен магистранттар халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Басқару мен оқытудағы нәтижелі қызметі және ғылыми-зерттеушілік жұмысқа деген байыпты қарым-қатынасы үйлесіп отырады. Жақсы оқытушы, талантты ұйымдастырушы, әдепті және жан-жақты адам қасиеттері бар Мензюк Г.А. оқытушылар мен студенттер арасында өте сыйлы.  

 

 

 

Факультет

 

«Бизнес, құқық және педагогика» факультеті бакалавриаттың 28 мамандығы, магистратура мен  PhD докторантура бойынша дайындық жүргізіледі. Мамандықтар қазақ,  орыс тілідерінде Қазақстандық және американдық бағдарламамен оқытады. Факультеттің 67  студенті Мемлекеттік білім Грантының иегерлері болып табылады, 5 студент ҚР Президенті шәкіртақысын алады, 7 студент ҚАЕУ Президенті шәкіртақысының иегерлері.«Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің құрамына келесі кафедралар кіреді: «Бизнес», «Құқық және халықаралық қатынастар», «Шет тілдер», «Педагогика және психология». Мамандарды дайындау Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мен мамандықтардың үлгідегі оқу жоспарына сәйкес жоғары білікті оқытушылармен жүзеге асырылады. Факультетте маманды жан жақты дайындап қалыптастыруға баса назар аударылады. Барлық оқу жұмыс жоспарларына  «Кәсіптік бағдарланған шет тілі» мен «Ақпараттық технологиялар» пәндері енгізіліп  оқытылады. Факультетте оқыту сапасына көп көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары оқытудың дәстүрлі әдістерін пайдаланумен қатар студенттердің танымдық қызметі активизациясының жаңа құралдары кеңінен қолданылады. Оқу процесіне іскерлік ойындар, ойын сабақтары, компьютерлік рөлдік ойындар,  «кейс-технология» элементтері белсенді түрде енгізіледі. Өзіндік жұмысы ретінде студенттер ғылыми зерттеулер жүргізеді, олардың ақпараттық технология пайдалану мүмкіндігі  ынталандырылып отырады 

Факультетте білім алып жатқан студенттердің ағылшын тілін жоғары дейгейде меңгергені оның негізгі басымдылығы болып табылады. 2003жылдың қазан айында американдық оқытушылармен бірлесіп тілдік емес мамандықтар үшін ағылшын тілі курстары ұйымдастырылды.  Курстың мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікке мүмкіндік беретін ағылшын тілін терең оқып үйрену, болашақ мамандардың шеберлігін арттыру болып табылады. Курс бірнеше деңгейден тұрады. Бірінші деңгей барлық студенттер үшін міндетті болып табылады және жоо-ның компонентінің есебінен әр семестрде 1 кредитті қамтиды. Сабақ коммуникативті тәсілмен құрылған. 

Факультет студенттері мәдени және академиялық алмасудың халықаралық бағдарламаларына тұрақты қатысады. Факультеттің 9 түлегі «Болашақ» Президенттік бағдарламасының степендиаттары болып табылады. 200-ден артық студент АҚШ-да кәсіптік практика бағдарламасынан өтті. Көптеген студенттер планетаның  тағы да 107 елінің студенттерін біріктіретін AIESEC  ірі халықаралық студенттік ұйымның белсенді қатысушысы бола жүріп оқу мен дүние жүзі бойынша саяхатты табысты өткізуде. Сонымен қатар «Шет тілі» және «Аударма ісі» мамандығының студенттері жыл сайын DAAD білім алмасу стипендиясын жеңіп алады және тұтас академиялық семестр мен жаз айын Германияда өткізу мүмкіндігімен осы елдің бір университетінде білім алады. Факультеттің студенттері ғана емес оқытушылары да халықаралық алмасу бағдарламасына қатысады. Факультеттің 5 оқытушысы шетелдік университеттің магистр дәрежесін алған, 19 оқытушы АҚШ, Великобританияда, Германияда кәсіптік практикадан өтті.

Жоғары білімнен кейінгі білім беру

Жоғары білімнен кейінгі білім беру бойынша мамандықтардың оқу процесін «Бизнес», «Құқық және халықаралық қатынастар»,  «Шет тілі», «Педагогика және психология» кафедралары жүзеге асырады. Жыл сайын оқу процесінде және магистранттардың ғылыми зерттеулеріне, докторанттардың ғылыми консультациясына АҚШ, Канада, Ұлыбританияның оқытушылары қатысады.  Шетелдік мамандар семинар оқулар, тәжірибе алмасу бойынша дөңгелек үстелдер өткізеді, ҚАЕУ ғылыми-практикалық конференциясына қатысады. Магистранттар мен PhD  докторанттарының диссертациялық зерттеулерінің нәтижесін мақұлдау ҚР БҒМ саласындағы бақылау бойынша Комитет ұсынған тізімге кіретін «ҚАЕУ Хабаршысы» Республикалық журналының жарияланымдары мен АҚШ Конгресі кітапханасында тіркелген КАСУ «KAFU Academic Journal» ғылыми журналы,  халықаралық ғылыми конгресс, жас ғалымдар Форумы, аймақтық ғылыми-практикалық конференциялар  аясында жыл сайын университет базасында өткізілетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жүзеге асырылады.     

Магистратура бағдарламасы 6М050700 «Менеджмент», 6М030100 «Құқықтану», 6М011900 «Шет тілі: екі шет тілі», 6М050900 «Қаржы», 6М070300 «Ақпараттық жүйелер», 6М020200 «Халықаралық қатынастар»,  6М020700«Аударма ісі», 6М050300«Психология» мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. Оқыту күндізгі оқу түрінде жүргізіледі. Оқу мерзімі дайындық бейініне байланысты: 1, 1,5 и 2 жыл жыл.

Магистратураның бейінді бағыты  - бұл бір жылдық (бір жарым жылдық) таңдаған салаға мамандануға бағытталған бағдарлама. Бір жыл ішінде диплом алу үшін магистрант теориялық курсты меңгеріп кәсіптік практикдан өтуі керек және эксперименттік зерттеу жұмысын орындап магистрлік диссертацияны қорғауы тиіс. Жоғары оқу орнынын кейінгі қызметкерлер құрамын дайындайтын магистратураның бейінді бағыты экономика, заң, бизнес пен қызмет көрсету саласына терең кәсіптік дайындықтан өткен мамандарды дайындайды.   Бұл бағытта МВА (іскер әкімшілік магистрі) дайындаудың, ҚАЕУ карьера мен тұлғаны дамыту орталығы бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады.

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты  - жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен терең ғылыми-педагогикалық дайындығы бар ғылыми-зерттеу секторлары үшін мамандарды дайындауды жүзеге асыратын екі жылдық білім бағдарламасы. 

Осы бағдарламаның көлемінде магистрант негізгі зерттеу дайындығынан өтеді, оның ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуға және жоғары мектепте оқытушылық қызметті де атқаруға мүмкіндігі болады. Оқу кезінде магистрант теориялық курсты меңгереді, кәсіптік практикдан өтеді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды және магистрлік диссертация қорғайды. 

Магистратураның білім бағдарламасын меңгеріп магистрлік диссертация қорғаған тұлғаларға «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.

Докторантура

ҚАЕУ-нің PhD) докторантура бағдарламасы 6D030100 «Құқықтану» және  6D050700 «Менеджмент» мамандықтары бойынша 2007 жылдан бері шетелдік серіктестіктегі университеттермен жүзеге асырылады.  

Оқу мерзімі  – 3 года.

Академиялық дәрежесі – PhD докторы.
Докторантура бағдарламасында басқа тілде  оқытуды  талап ететін пәндерден басқасында оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Байланыс ақпараты: 070018, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86, (7232) 77-09-66, 77-65-61, 52-30-70.

 

http://profikrep.ru/ заглушка декоративная центрметиз диаметр отверстия.
Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru