Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Американдық бағдарлама

Американдық программасы

Американдық бағдарламаға қабылдау шарты – ағылшын тілін меңгеру деңгейі-  Upper Intermediate (ортадан жоғары), аттестаттың орташа балы – 4,0.

Түсу емтиханының (тестілеу және әңгімелесу) нәтижесі бойынша В2 деңгейінен төмен тілдік дайындық деңгейі бар американдық бағдарламаның талапкерлері тілдік дайындығына сәйкес (Fundamental)  американдық бағдарламасының мамандығына  қабылдануы мүмкін.  Түсу емтиханының (тестілеу және әңгімелесу) нәтижесі бойынша В2 деңгейінен жоғары тілдік дайындық деңгейі бар американдық бағдарламаның талапкерлері  тілдік дайындықсыз (General) американдық бағдарламаның мамандығына сәйкес қабылдануы мүмкін

 

  «Foundation Year» тілдік дайындығы ағылшын тілін 1 жыл ішінде қарқынды оқытуды (810 сағат),  мәдени аралық коммуникация негізі (60 сағат), академиялық жұмыстар негізі (академиялық хаттар мен көпшілік алдында сөйлеу өнері-120 сағат) қарастырады.

1 жыл дайындықты бітірген соң студенттер ағылшын тілінен кешенді тестілеу тапсырады. Тілді меңгерудің жоғары дейңгейіне жеткен  студенттер американдық бағадрламаны оқуды жалғастырады. Дайындық курсының талаптарын орындай алмаған студенттер қазақстандық бағдарламамен оқуды жалғастырады.   «Foundation Year» аяқтаған соң студенттер тілді меңгеру деңгейі көрсетілген ағылшын тілі бойынша қарқынды оқытудан өткені жөнінде сертификат алады.   

 

Американдық бағдарламамен білім алып жатқан студенттер ҚАЕУ-де қосымша білім беру бағдарламаларына қол жеткізеді: «Халықаралық көшбасшылық», АҚШ-дағы жазғы практика, кәсіптік даму бағдарламасы, АҚШ-дағы университеттеріндегі курстар.  

Американдық бағадрламадағы пәндердің 30%  шетелдік оқытушылармен ағылшын тілінде оқытылады, шетелдік оқытушылар болмаған жағдайда пәнді қазақстандық оқытушылар жүргізеді.  

Американдық бағдарламаны бітірген соң түлектер ағлышын тілін еркін меңгеріп шығады және халықаралық қатынастың  анағұрлым тәжірибесін игереді, бәсекеге қабілеттіліктері артады. .
Американдық бағдарламаның түлектері  мемлекеттік үлгідегі дипломға қоса американдық бағдарламаны бітіргені туралы диплом алып шығады.   

Қабылдау тәртібі

ҚАЕУ американдық бағдарламамен оқытылатын күндізгі оқыту түріне қабылдау талапкерлердің өтініші бойынша конкурс негізінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының технологиясымен әзірленген (ҚР БҒМ ҰТО)  ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде (ҰБТ) берілген сертификат балдары мен немесе кешенді тестілеу нәтижесінің балдарына сәйкес жүзеге асырылады.   

Американдық бағдарламаға қабылдау жоо-ның барлық мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. 

Қабылдаудың жалпы ережесімен толығырақ мына жерде танысуға болады. 
Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін талапкерлер тестілеу мен әңгімелесуден өтеді

Тестілеу 90 минутқа есептелген және келесі тараулардан тұрады:

  • Грамматика.
  • Лексика + оқу.
  • Аудирование.

Әңгімелесу 15 минут жүргізіледі.  Қорытындысы 30 минутта шығарылады. 

Американдық бағдарламаға  ағылшын тілі бойынша түсу емтиханының нәтижесімен әр үміткерге түсу емтихандарының құрылымында бар  бақылаудың барлық түрі негізіндегі нәтижелер мен тілдік деңгейі көрсетілген белгіленген үлгідегі сертификат тапсырылады.    

IELTS 5.5 или TOEFL 570\90  халықаралық сертификат иегерлері университеттің американдық бағдарламасына ағылшын тілінен сынақсыз қабылдануы мүмкін. 

Американдық бағдарламаға тестілеуді өткізу кестесі: Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат  14.00-де. 

Тестілеуден өту үшін  492502 –нөміріне хабарласып тіркелуге, болмаса біздің сайтта тіркелуге болады.  

Мекен жайымыз:  Тәуелсіздік даңғылы,  86, ауд. 105, 302.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru