Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Іскерлік білім беру орталығы

Іскерлік білім беру орталығы (бұдан ары ІБО) ҚАЕУ құрылымында 15 жылдан артық жұмыс істеп келеді.  Облыстық жұмыспен қамту қызметімен бірге 90-жылдардың ортасында жұмыссыз азаматтарды нарықтық қатынастарға көшу барысында қайта оқыту мақсатында  ашылған болатын. Кейіннен орталық осы қызметтің қалыптасуы мен халықтың сұранысы мен қажеттіліктеріне сәйкес дамыды және жетілді, жаңа бағыттар мен жаңа бағдарламалар ашты.

ІБО қызметінің бағыты:

  • Жоғарғы сынып оқушыларын алғашқы кәсіби дайындау;
  • Студенттерге арналған қосымша оқыту қызметтері;
  • Облыстағы  кәсіпорындар мен ұйымдардың бастықтары мен мамандарына арналған бизнес-білім беру;
  • Халықты кәсіби дайындау және біліктілігін көтеру;
  • Жұмыссыз азаматтарды қайта дайындау және біліктілігін көтеру;
  • Тұрғындарды лингвистикалық оқыту (тілдік курстар);
  • Компьютерлік бағдарламаларды меңгеру бағдарламалары бойынша  көпдеңгейлі курстық дайындық.

Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жұмыс істеген 15 жыл ішінде ІБО базасында барлығы 7 мыңнан астам жұмыссыз адам төмендегі мамандықтар бойынша білім алды:

  •  «Құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесші»;
  • «Хатшы-референт (қазақ және орыс тілдерінде іс жүргізу)»;
  • «Шағын бизнес кәсіпкері(сала бойынша, компьютерлік технологияларды білу)»;
  • «Бухгалтер (компьютерлік технологияларды білу)»;
  • «Аударма ісі»;
  • «ПЭВМ операторы»;
  • «Зейнетақы қорының агенті»;
  • «Сауда агенті»;
  • «Жарнама агенті»;
  • «Банк агенті»;
  • «Сақтандырушы агент»;
  • «Туристік агент»;
  • «Визажист»;
  • «Стилист».

Тендерлік комиссияның курсты бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы талабын міндетті түрде орындау ұзақ мерзімде осы категориядағы оқушылармен жұмыс істеудің ерекшелігі болып келді. Сол себептен оқыту барысында  фирмалардың, банктердің, әкімдіктің басшылары мен менеджерлері, қорлардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері сияқты  болашақ жұмыс берушілермен кездесулер, «дөңгелек үстелдер» өткізіліп тұрды. Алғашқы уақыттарда курсты бітірушілердің 80% жұмысқа орналастырылды, ал кейіннен еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты бұл мәселені шешудің басқа жолдары қолға алынды. Мысалы 90-жылдардың аяғында зейнетақы, сауда, жарнама және сақтандыру агенттерін дайындамас бұрын жұмыс беруші-фирмадан қажет мамандарға тапсырыстар алынды тек содан кейін ғана жұмыспен қамту қызметі арқылы топтар ұйымдастырылып, сабақтар жүргізілді (біздің университет алғашқы болып қолданған бұл тәсілді кейіннен басқа оқыту орталықтары кеңінен қолдана бастады). Осы тәртіппен «ҰларҮміт» зейнетақы жинақтау қорына, «Наско», «Казагрополис» сақтандыру компанияларына, бұқаралық ақпарат құралдарына қажет мамандардың топтары дайындалып шығарылды.

 

Университет құрылымында компьютерлік технологиялар Орталығы ашылғаннан кейін  барлық курстардың оқыту бағдарламаларына арнайы және мамандандырылған компьютерлік дайындық алушылардың топтары ашылды. «Компьютерлік технологиялардың негізі» бағдарламасы шеңберінде компьютерлік дизаинды, бағдарламалау негіздерін, электронды іс жүргізу негіздерін, есептеу-қаржылық құжаттарды компьютерлік өңдеуді меңгеріп шығатын ПЭВМ операторларының курстары ұйымдастырылды.

Басқару персоналының біліктілігін көтеру төмендегі блоктар бойынша жүзеге асырылды:

  • Менеджмент;
  • Маркетинг;
  • Қаржы;
  • Құқық;
  • Іскерлік қатынас психологиясы;
  • Іскерлік этикет;
  • Көпдеңгейлі лингвистикалық дайындық;
  • Компьютерлік технологиялар.

Университет базасындаөткізілетін семинарлар мен тренингтер:

  • Өзгерістерді басқару;
  • Жалпы менеджмент;
  • Қаржылық менеджмент;
  • Жаттықтырушыны оқыту (жаттықтырушылық  шеберлік негіздері);
  • Басқару психологиясы;
  • Іскерлік келіссөздер: жетістіктер мен сәтсіздіктер;
  • Персоналды басқару;
  • Кадрлық ресурс сапасы: оқыту тиімділігін бағалау;
  • Заманауи маркетинг: проблемалары мен даму мүмкіндіктері;
  • Интеллектуалдық меншік объектілерін қорғау;
  • Бизнес-жобалау тиімді басқару құралы;
  • Жұмысты  қалай іздеу, табу және сақтау туралы.

Жаттықтырушыларды біліктілендіру бағдарламаны клиенттердің сұранысына сәйкес моделдеуге жол береді. Бизнес-білім берудің әртүрлі формалары қолданылады:бизнес-тренингтер, тақырып бойынша қысқа мерзімді семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, шеберлік-класстары, кеңес берулер, «Шағын бизнес кәсіпкері»  лицензиялы бағдарламасы бойынша курстық дайындық.

ІБ Орталығының оқыту бағдарламалары бойынша серіктестері:

  • «Ұлттық интеллектуалдық меншік институты» РМҚК;
  • ШҚО Әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау орталығы;
  • ТРИЗ «Диол» халықаралық ассоциациясы  (Ресей, Новосибирск қ.).
  • «Ключевые технологии» кәсіби кеңес берушілер  ассоциациясы (Ресей, Новосибирск қ.);
  • Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана  (Өскемен қаласындағы филиалы).

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru