Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Кафедрасы Педагогика және психология

 

Кафедра меңгерушісі

Т.А.Ә. Нурланова Асем Нурланкызы – ф.ғ.к..,

доцент,«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі 

Мекен жайы: Тәуелсіздік даңғылы, 86,  701 кабинет

Телефон: 8(7232) 49-25-11

Эл.мекен жайы: anur_81@mail.ru 

 

Нұрланова Әсем Нұрланқызы – 1981 жылы туған, ұлты - қазақ, білімі жоғарғы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Жұмыс өтілі – 14 жыл.  2002 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ШҚМУ-ды бітірген. 2005 жылы «Әдебиеттану» мамандығы бойынша филология магистрі дәрежесін алды. 2002-2005 жж. –оқытушы, 2006-2009 ж.ж. -  аға оқытушы, 2010 жылы - доцент, 2011 жылдан бастап «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі болып табылады.

2010 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы 10.01.02-«Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша  «Еңлік-Кебек сюжеті әдеби және тарихи контексте» тақырыбында диссертация қорғады.

Жоғарғы мектептегі жұмысының барысында Нұрланова Ә.Н. оқу үрдісін жетілдіру, жаңа идеяларды, технологияларды ендіру бойынша жоспарлы жұмыс жасауда. Оның басшылығымен студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, студенттердің университет ішілік және халықаралық ғылыми конференцияларына қатысады, диплом жұмыстарын жазады. Сәтті ұстаздық қызметін ғылыми-зерттеу қызметімен ұштастырып отырады. Нұрланова Ә.Н. 70-тен астам ғылыми мақалалардың, 2 оқу-әдістемелік құралдың және монографияның авторы.  

Әсем Нұрланқызы жоғары шығармашылық қабілеттерге, оқу үрдісін жетілдірудің тың жолдарын іздеу талпынысына ие. Нұрланова Ә.Н. шығармашылық мүмкіндіктерінің ерекшелігі сол-  кәсіпқойлығының жоғары деңгейі, жақсы ұйымдастырушылық қасиеттері, ниеті, қоғамдық жұмыстағы белсенділігі мол. Бойындағы қарым-қатынас орнатуға бейімді болу қасиетінің арқасында оқытушылар мен студенттер арасында өте сыйлы.

Шығыс-Қазақстан облысының әдеби мұрасын сақтауы және әдеби мұрасын насихаттауы үшін Өскемен қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрмет грамоталарымен марапатталған. 2011 жылы ШҚО әкімінің орынбасары Т.Тусупбековтан аймақтық мәдениет идеяларын дамытқаны үшін алғыс хат алды. 2014 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының директоры С.З. Байхоновадан «мектеп-колледж-ЖОО» жүйесіндегі тәжірибе алмасудың әдістемелік және практикалық мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін алғыс хат алды. 2014 жылы ШҚО әкімі Б.Сапарбаевтың атынан жоғарғы білім беру жүйесіндегі көп жылғы мінсіз еңбегі, жоғары білікті мамандарды дайындауға қосқан елеулі еңбегі үшін  үшін мақтау грамотасымен марапатталған. 

 

Тәжірибеден өту орындары

Кәсіби іс-тәжірибе университетте оқу барысында алынған теориялық білімдерді бекіту, практикалық дағдылар мен құзіреттіліктерге ие болу және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған. Кафедралардың мамандықтарына сәйкес іс-тәжірибелердің келесідей түрлері болады:  оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды іс-тәжірибелері.

Іс- тәжірибелерді өткізу үшін жарғылық қызметі мамандарды дайындау саласына сәйкес келетін, кәсіби іс-тәжірибені басқаруды жүзеге асыратын білікті мамандары және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдармен келісім-шарт жасалған.

Іс-тәжірибелер базалары болып табылатындар: №9, 29, 46 Орта мектептері КММ, «№3 мектеп-лицейі» КММ, ҚАЕУ Колледжі ЖШС, "Шығыс-Қазақстан облыстық спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ, "Шығыс-Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" КММ, "Шығыс-Қазақстан облыстық ауыр атлетика бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" КММ, Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасы және балалықты қорғау орталығы» КМҚК, «Надежда» психологиялық орталығы, «6699 әскери бөлімі» РММ, ««Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС, «Шығыс ақпарат» ЖШС, «Регион баспа үйі» ЖШС, Қазақстан РТРК АҚ ШҚО филиалы. 

Кафедрасы

Кафедрада бакалавриаттың алты білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіледі -5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті»,  5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В050300 «Психология», 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В050400 "Журналистика" және магистратураның бір білім беру бағдарламасы бойынша  - 6М050300«Психология». 5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында көп тілді бағдарлама бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

Кафедрадағы жағымды моральді-психологиялық жағдай оқу үрдісі мен ғылыми және өзге білім беру қызметін жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кафедра ПОҚ-ы әрқашан өз ғылыми-теориялық деңгейлерін, педагогикалық шеберліктерін жоғарылатумен, біліктілікті арттыру курстарынан, ғылыми тағылымдамалардан үздіксіз өтіп отырумен айналысып, оқулықтарды, көрнекі құралдар мен оқу-әдістемелік құралдарды, жоспарлар мен жұмыс бағдарламаларын құрастырумен және кафедраның басқа да оқу-әдістемелік жұмыстарына тікелей атсалысады, кафедраның зерттеу бағыттарының тақырыптары шеңберінаде ұйымдастырылатын  семинарлар, кеңестер мен конференцияларға (солардың ішінде халықаралық) қатысады.

ped16111

    Кафедра доценттері мен аға оқытушылары жұмыстарын енді бастап келе жатқан кафедраның жас оқытушыларына оқыту шеберлігі мен кәсіби қасиеттерді  меңгеруде оқу және әдістемелік жақтан көмектерін көрсетеді.

Оқу үрдісінде тренингтер, тренинг-семинарлар, іскери ойындар және оқытудың басқа да интерактивті әдістері, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қашықтықтан оқыту қолданылады. Сабақ үстінде студенттер барлық қажетті құралдармен, оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар кафедра оқытушылары дәріс және семинар сабақтарын өткізу үшін компьютерлік сыныптарды, мультимедиялық жабдықтарды пайдаланады.

 
ped16112

  Кафедра мамандықтарының оқу-зертханалық базасына келесідей арнайы кабинеттер де кіреді – «Анатомия, физиология және дене мәдениеті», «Мемлекеттік тілді оқыту», «Спорттық үстел ойындары», «Экология» кабинеттері. Бұл кабинеттер оқу үрдісін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.   Сондай-ақ кафедра негізінде «Тегін психологиялық көмек көрсету бойынша студенттік психологиялық қызмет» құрылған. Арнайы кабинеттер мен оқу зертханалары негізінде практикалық және зертханалық сабақтар өткізіледі. Арнайы кабинеттер, кабинеттер мен оқу зертханалары зертханалық-практикалық сабақтарды өткізу үшін барлық керектілермен жабдықталған.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары кәсіби және ғылыми мәселелерді өз беттерімен шеше алатын білікті мамандарды дайындаудың ажырамас бөлшегі болып табылады. Кафедарның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері болып табылатындар:

·        іргелі, зерттеушілік, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық қызметті ендіру;

·        ғылыми-зерттеу қызметкерлері мен білім алушылардың ғылыми зерттеу және шығармашылық қызметі арқылы жаңа білім алу;

·        ғылыми зерттеулердің нәтижелерін білім беру үрдісіне енгізу;

·        оқу үрдісін ең жаңа ғылыми зерттеулермен қаруландыру, студенттерді зерттеу жұмысының негізі үрдісімен іс-жүзінде таныстыру және оларды осы жұмысқа қатыстыру.

Кафедраның ғылыми-зияткерлік құзіреті осы міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-зерттеу жұмысы «Түрлі әлеуметтік салалардағы жыныстық тепе-теңдікті қалыптастыру үрдісінің психологиялық жағы мәселесі» тақырыбының шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл тақырып ҒТАҰО-да тіркелген. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өзінің ңылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін түрлі ғылыми басылымдарда жариялап, республикалық та, халықаралық та конференцияларға үздіксіз қатысып отырады.

Кафедра қала және облыстың түрлі мектептерімен өзара әрекеттестікті жүзеге асырып, университеттің әртүрлі деңгейдегі конференцияларына мектеп мұғалімдерінің қатысуларын қарастырып, ұсыныстар жасап отырады. Кафедра оқытушылары мектеп мұғалімдерінің әдістемелік құралдарының рецензенттері болып, сонымен қатар ЖОО іс-шараларына конкурстар мен олимпиадалар жұмыстары бойынша комиссиялар төрағалары, секциялар төрағалары мен хатшылары болып қатысады. Кафедра қаланың психологиялық орталықтарымен, Қалалық білім беру бөлімімен, Өскемен қаласының мәдениет пен тілді дамыту  бөлімімен, Өскемен қаласының дене мәдениеті мен спортты дамыту бөлімімен, ҚО ҚМ-нің "27943 Әскери бөлімі" РММ-мен бірлесе жұмыс істейді. 

 ped16113

 ped16114

ped16115

   Кафедра жыл сайын 10-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиада мен Өскемен қаласының 8-сынып оқушылары арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдері арасында «Полиглот» қалалық олимпиадасын («Шет тілдері» кафедрасымен бірлесе отырып) өткізіп отырады. 

 ped16116

  Оқытушылар оқу пәнін бақылап отырудан басқа, студенттерді салауатты өмір салтын ұстауға, өзіндік даму мен өзіндік жетілдірілуді қылыптастыруға бағыттайды, қоғамдық өмірге қатыса отырып, белсенді өмір қалыптыстаруға шақырады. 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының оқытушылары ҚАЕУ студенттерінің қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуларын ұйымдастырады. 

ped16118

    Кафедра мамандықтары бойынша жыл сайын Ғылым мен шығармашылық апталықтары өткізіліп отырады, оның шеңберінде семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, спорттық сайыстар, атақты ақындармен, тілшілермен кездесулер ұйымдастырылады. 

 ped16119

ped161110

  Кафедра «Bliss» психология орталығы» қоғамдық ұйымымен және «Шығыс-Қазақстан облысының жазғы спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ-мен эксперементальді-әдістемелік базаға ие. «Bliss» психология орталығы» қоғамдық ұйымымен серіктестікте отбасылық психология, отбасындағы қақтығыстар мен зорлық көрсетудің алдын-алу, қарым-қатынастарды үйлесімді ету бағытында тренингтер, семинарлар, терапевттік жұмысар өткізіледі. 

 ped161111

  Кафедрада «Педагог-психолог» студенттік ғылыми үйірмесі бар. Бұл үйірме – студенттің ары қарайғы ғылыми қызметте болашағы бар жас маман ретінде өзін жетілдіруге мүмкіндік беретін студенттердің ерікті ұйымы.

Үйірмедегі жұмыс студенттерге дамып, өз мүмкіндіктерін ашуға, кәсіби жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Үйірме жұмысына қатысатын студенттердің көпшілігі өз жұмыстарының келесідей ынталарын ерекше атайды: танымдық қызығушылық және өзін-өзі жетілдіруге ниеттену. 

 ped161112

 Кафедра Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясымен, Омск қаласындағы Сібір мемлекеттік Дене мәдениеті және спорт университетімен өзара әрекеттестікті жүзеге асырып, серіктестік орнатқан. Кафедраның аға оқытушысы Вдовина Е.Н. Мәскеулік Гештальт-институтымен серіктестікте болып, «Gestalt»  психологиялық орталығында кеңес беру- әдістемелік жұмыс атқарады. Кафедра доценті И.К.Мацкевич БҰҰ ЮНИСЕФ балалар фонды және Лакуил университетімен (Италия) серіктестік жасауда.

 

 

Кафедра пәндері

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

  1.       Абайтану
  2.       Аударма негіздері
  3.       Балалар әдебиеті
  4.       Ежелгі дәуір әдебиеті
  5.       Әдеби шығармашылық
  6.       Әдебиет теориясы
  7.       Әдебиеттануға кіріспе
  8.       Жалпы тіл білімі
  9.       Кәсіби қазақ тілі
  10.   Қазақ әдеби сынының тарихы
  11.   Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
  12.   Қазақ тілі
  13.   Қазақ тілін оқыту әдістемесі
  14.   Қазақ тілінің стилистикасы
  15.   Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
  16.   Қазіргі қазақ әдебиеті
  17.   Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы
  18.   Қазіргі қазақ тілі морфологиясы
  19.   Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
  20.   Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы
  21.   Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
  22.   Орыс әдебиетінің тарихы
  23.   Тіл біліміне кіріспе
  24.   Халық ауыз әдебиеті
  25.   Хандық дәуір әдебиеті
  26.   ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
  27.   ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет
  28.   Шетел әдебиетінің тарихы

 

5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы

  1. Орыс тілі  
  2. Экология және тұрақты даму
  3. Тіл біліміне кіріспе
  4. Әдебиеттануға кіріспе
  5. Орыс халқының ауыз әдебиеті
  6. Орыс тілі
  7. ҚОТ фонетикасы
  8. ҚОТ лексикасы мен фразеологиясы.
  9. Ежелгі орыс әдебиеті
  10. Орыс әдебиетінің тарихы 18 ғасыр
  11. Орыс тілін оқыту әдістемесі
  12. Жалпы тіл білімі
  13. ҚОТ синтаксис
  14. Орыс әдебиетінің тарихы 19 ғасыр  (1жартысы)
  15. Орыс әдебиетінің тарихы 19 ғасыр (2 жартысы)
  16. Орыс әдебиетінің тарихы 20 ғасырдың басы
  17. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
  18. Әдебиетті оқыту әдістемесі
  19. ОТ тарихи грамматикасы
  20. Орыс әдеби тілінің тарихы
  21. Орта ғасырдағы және қайта өрлеу дәуіріндегі шетел әдебиетінің тарихы.
  22. 17-18 ғасырдағы шетел әдебиетінің тарихы
  23. 19 ғасырдағы шетел әдебиетінің тарихы
  24. 20 ғасырдағы шетел әдебиетінің тарихы
  25. ҚОТ диалектологиясы.
  26. Словян филологиясына кіріспе.
  27. Антикалық әдебиет
  28. ҚОТ сөзжасам және морфология
  29. 20 ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихы
  30. Әдебиет теориясы
  31. Ғылыми-зерттеу әдістемесі
  32. Орыс әдебиеті сынының тарихы
  33. ҚОТ стилистикасы
  34. Қазақ әдебиеті
  35. Сөз таптары саласындағы ауыспалы құбылыстар
  36. Типологиялық тіл білімі.

5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы

  1.       "Көркем еңбекті" оқыту теориясы мен әдістемесі
  2.       Балалар әдебиеті
  3.       Бастауыш білім берудегі қазіргі педагогикалық технологиялар
  4.       Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
  5.       Бейнелеу өнері мен еңбекке баулу
  6.       Ғылыми–педагогикалық зерттеулер әдістемесі  
  7.       Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
  8.       Информатиканы оқыту әдістемесі
  9.       Қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі
  10.   Қазіргі балалар әдеби үрдісі
  11.   Қазіргі қазақ (орыс) тілі негіздері
  12.   Қоршаған дүниені оқыту технологиясы
  13.   Математиканы оқыту әдістемесі
  14.   Мектеп педагогикасы
  15.   Музыканы оқыту әдістемесі
  16.   Оқушылармен сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
  17.   Педагогика
  18.   Педагогика тарихы
  19.   Педагогикалық шеберлік
  20.   Салыстырмалы педагогика
  21.   Сауат ашу және әдебиеттік оқу
  22.   Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
  23.   Шағын кешенді мектептегі педагогикалық үрдістің теориясы мен технологиясы
  24.   Этнопедагогика

 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы

  1.       Cуға жүзу
  2.       Анатомия, спорттық морфология негіздері
  3.       Баскетбол
  4.       Волейбол
  5.       Гимнастика
  6.       Дене мәдениеті  және спорт психологиясы
  7.       Дене мәдениеті және спорт педагогикасы
  8.       Дене мәдениеті және спорттың тарихы
  9.       Дене мәдениеті медицина-биологиялық негіздері және емдік дене мәдениеті
  10.   Дене мәдениетінің экономикалық негіздері
  11.   Дене тәрбиесі жаттығуларының биомеханикасы және спорттық метрология
  12.   Дене шынықтыру және спорт биохимиясы
  13.   Жас ерекшеліктік физиологиясы және мектеп гигиенасы
  14.   Жеңіл атлетика
  15.   Көпшілік сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру және ғылыми зерттеу жұмыстары
  16.   Қазіргі кезгі сауықтыру технологиясы мен дене мәдениеті жүйесіндегі валеологиялық мониторинг
  17.   Мектептегі гимнастиканың теориялық және әдістемелік негіздері                                                                                                                       
  18.   Мектептегі жеңіл атлетиканың теориялық және әдістемелік негіздері
  19.   Мектептегі спорттық ойындардың теориялық және әдістемелік негіздері
  20.   Мектептегі футболды өткізудің теориялық және әдістемелік негіздері
  21.   Мектептегі шаңғы спорты мен жүзуді өткізудің теориялық және әдістемелік негіздері
  22.   Методика преподавания физической культуры и спорта
  23.   Оқушылардың физиологиялық дамуы
  24.   Спорт медицинасы
  25.   Спорт түрлері мен дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері
  26.   Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
  27.   Теоретические и методические основы национальных видов спорта в школе
  28.   Туризм
  29.   Ұлттық спорт түрлері мен қозғалмалы ойындар
  30.   Футбол
  31.   Шаңғы спорты

  5В050300 «Психология» мамандығы

  1. Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе
  2. Жалпы психология
  3. Мамандыққа кіріспе
  4. Психофизиология
  5. Психология тарихы
  6. Жас ерекшелігі және әлеуметтік психология
  7. Тұлғаның дифференциалдық  психологиясы.
  8. Психикалық құбылыстар психологиясы.
  9. Тұлғаның қазіргі теориясы.
  10. Эксперименталды психология бойынша практикум және психодиагностика
  11. Топтардың психологиясы.
  12. Заңгерлік психология
  13. Еңбек психологиясы
  14. Психологиядағы математикалық әдістер
  15. Теориялық және практикалық психологияның әдістемелік мәселелері.
  16. Басқару психологиясы.
  17. Психологиялық тренинг негізі.
  18. Саяи  психология
  19. Медициналық  психология
  20. Психологиялық кеңес беру негізі. 
  21. СМЖ психологиялық  аспектілері.                       
  22. Қазіргі кеңес берудің қолданбалы мәселесі.
  23. Отбасы психологиясы және отбасылық кеңес.
  24. Мамандандырылған психология
  25. Мамандану практикумы.
  26. Психологияны оқыту әдістемесі.
  27. Психологиялық бизнесті ұйымдастыру
  28. Психологиялық қызметтің заманауи технологиялары.
  29. Арт-терапевтік тәсіл
  30. Топтың пайда болуының психологиялық  аспектілері.
  31. Кәсіпкерлік қызметтің психологиясы
  32. Сексология және сексопатология негізі.
  33. ПДТ және аномалді даму психокоррекциясы мен психодиагностика.  
  34. Дін және суб мәдени білім психологиясы.
  35. Психологиялық қызметті ұйымдастыру
  36. Психология тарихы
  37. Конфликтология
  38. Мәдениеттанудың психологиялық аспектілері.
  39. Психотерапия негіздері.
  40. Адамның дамуы және психология
  41. Өзіні өзі тану

6В050400 "Журналистика" 

  1. PR-ға кіріспе
  2. БАҚ-тағы жарнама
  3. Газет-журнал шығару, телерадиохабарлар даярлау
  4. Жанрлық формалар және қазіргі жураналистиканың функциясы
  5. Жаңалықтар журналистикасы
  6. Журналистика психологиясы
  7. Журналистикаға кіріспе   
  8. Журналистік шеберлік
  9. Журналистің кәсіби этикасы
  10.   Журналистің шығармашылық шеберханасы
  11.   Қазақ (орыс) әдебиетінің тарихы
  12.   Қазақ журналистиканың тарихы
  13.   Қазіргі қазақ (орыс) тілі
  14.   Қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары
  15.   Орфография  және пунктуация
  16.   Сөйлеу мәдениеті
  17.   Стилистика және редакциялау
  18.   Телерадиожурналистика

6М050300 «Психология» мамандығы

  1.   Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  2.   ЖОО-да психологияны оқытудың белсенді әдістері
  3.   Заманауи психотехнологиялар
  4.   Зерттеу әдістері мен тәжірибесі
  5. 5.   Кадрлық қызметтер жұмысының құқықтық негіздері
  6.   Қазіргі әлеуметтік әдіснама
  7.   Психология
  8.   Психологиядағы қазіргі статистика
  9.   Психологиялық бизнесті ұйымдастыру
  10.     Психологиялық эксперименттің теориясы және практикасы
  11.     Сараптамалық және аналитикалық зерттеулердің мәселелері
  12.     Теориялық-әдістемелік психологияның негіздері
  13.     Ұйымдағы адам  ресурстарын басқарудың психологиясы
  14.     Ұйымдағы қызметкерлер құрамын психодиагностикалау әдістері
  15.     Этнопсихологиядағы кроссмәдени және эксперименттік зерттеулер 

Кафедра олардың есімін мақтаныш етеді

ҚАЕУ студенттері Қазақстан Республикасы Чемпионатының, Азия чемпионатының, Қысқы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жасөсіпірмдер арасындағы әлем Чемпионатының жүлдегерлері, дүние жүзілік қысқы Универсиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.     

Трентино (Италия) қаласында өткен дүние жүзілік қысқы Универсиадада «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Геннадий Матвиенко  шаңғы жүгірісі жарысы бойынша ерлер эстафетасы құрамында алтын медалға ие болды.   Ал ҚАЕУ студенттері құрамына енетін хоккей құрама командасы 2 орынға ие болды, олар Канада құрамасымен табан тірескен кездесудің нәтижесінде екінші орын алды.

Полежаева Светлана Азия чемпионатында есу спортынан алтын медаль жеңіп алды (Тайвань а.). 

СабимолдановаАйгуль  армрестлинг бойынша Азия чемпионы атанды. Самаркандта (Өзбекстан)  өткен XV  Азия чемпионатында байдаркада және каноэде есу спортынан Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері  Куликова Анна мен  Шпак Андрей  2 күміс медаль ұтып алды.   Валерия Цой Әлем Кубогы кезеңінде сноубордтан 4 орынға шығып ҚР Сочидегі Олимпиадалық құрама командасына енді.   Турсынбеков Ерасыл қазақша күрестен Қазақстан Республикасының жеңімпазы атағына ие болды.

Полежаева Светлана 

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті, Азияның үш дүркін чемпионы, есу спорты түрінен ҚР бірнеше дүркін чемпионы.

Атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Матвиенко Геннадий

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының» мамандығының 3 курс студенті, 2013 ж. Шаңғы жүгірісі бойынша дүние жүзілік қысқы Универсиаданың чемпионы, жасөсіпірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.     

Атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Валерия Цой

Сноубордтан Әлем Кубогында 4 орын алған. ҚР тоғыз дүркін чемпионы. ҚР Сочи-2014-ке барған олимпиадалық құрама командасының мүшесі.

Атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сабимолданова Айгуль

Дене шынықтыру және спорт» мамандығының» мамандығының 4 курс студенті,  Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, армрестлинг бойынша  ҚР бірнеше дүркін чемпионы.

Атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Байдаркада және каноэде есу спорты бойынша ҚР құрама командасының мүшелері.


Шпак Андрей - Дене шынықтыру және спорт» мамандығының» мамандығының 2 курс студенті,    Азия чемпионатының күміс жүлдегері,   байдаркада және каноэде есу спортынан ҚРЧ бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.   

Атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Ларионов Степан – Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті, байдаркада және каноэде есу спортынан жасөсіпірімдер арасындағы Азия чемпионы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы. 

Атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Куликова Анна – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті, байдаркада және каноэде есу спортынан Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 

Атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Турсынбеков Ерасыл

Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті, ҚР қазақша күрес бойынша чемпион.

Атағы: Спорт шебері 

Тупик Ксения

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті. Сноубордтан ҚР-ның бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.

Атағы: Спорт шебері .

Подставочкина Екатерина 

«ДШ және С» мамандығының 1 курс студенті, байдаркада және каноэде есу спорты бойынша ҚР СШ, Самаркандта өткен Азия чемпионатында  2 орын алған, ҚР чемпионы.  Алматы, 2013-2014 жж

Грищенко Алексей, Метальников Леонид, Рымарев Евгений

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының түлектері ҚР шайбалы хоккей командасы  турнирдің үздік ойыншысы құрамында 2013ж. Дүние жүзілік қысқы Универсиаданың күміс жүлдегерлері.  

Шуликин Александр Алексеевич

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі, ҚР Республикалық гвардиясының офицері.

Мазибаева Жанар Оралхановна

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі, Абай атындағы ҚазҰПУ «Қазақ тілі теориясы және әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, 30-ға жуық ғылыми мақала мен оқу құралдарының авторы.

Килыбаева Гульнур Кенжаканқызы

5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлегі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Бастауыш білім теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, 30 ға жуық мақала мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

 vashylov

Ващилов Иван Алексеевич

5В050300 «Психология» мамандығының 2010 жылдың түлегі, Өскемен қаласының «Еңбек нарығын сараптау және болжау орталығы» қоғамдық қорының үйлестірушісі, «Gestalt» қоғамдық бірлестігінің қызметкері, тәжірибедегі психолог-кеңесші (Ресей, Красноярск қ.)

 pedagog3

Мошенская Наталья Алексеевна

 

5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 2010 жылдың ҚАЕУ түлегі, ҚАЕУ-дің Ғылыми-зерттеу бөлімінің менеджері, экономика ғылымдарының магистрі.

Біздің жұмыс

«Мен мамандығын таңдаймын»

2015 жылдың 28-қаңтарынан 2015 жылдың 3-ақпаны аралығында «Педагогика және психология» кафдрасының оқытушылары Вдовина Е.Н., Оракбаева М.К., Федорова И.А. және Сыдыканова Г.А  КММ «Қашықтықтан  және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығында»  кәсіптік бейімделу тренингтерін өткізді.  

Өскемен қаласы әкімдігінің КММ  «Қашықтықтан  және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығы» жалпы орта білім негізгі баспалдағының функционалды қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.    Бейінді мектеп оқу - өндірістік кабинеттерде жұмыс істейтін 15-18 жас аралығындағы оқушыларды оқытуды жүзеге асырады.  Бейінді мектепте Өскемен қаласы мектептерінің 9-11 сынып бойынша 1838 оқушы оқиды:   №5 ОМ, №27 ОМ,  №19 ОМ, №4 ОМ, №7 ОМ, №35 ОМ,  №39 ОМ, Меновное орта мектебі, №8 ОМ, №13 ОМ, №15 ОМ, №42 ОМ, №6 ОМ, №9 ОМ, №20 ОМ, №23 ОМ,  №33 ОМ. 

Мектеп оқушылары үшін ҚАЕУ туралы фильмдер мен алғашқы таныстырулар көрсетілді, әңгіме жүргізілді.  Оқушылар белсенді қатысып, өздері білгісі келген сұрақтарға жауап алды.

Оқытушылардың келесі кезеңі «Мен ... ... ... мамандығын таңдаймын» тренингтер топтамасын өткізу, бұл тренингтер өзінің болашақ кәсібін белсенді жоспарлау процесіне бойлау жолымен жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімделуден хабардар болуын қалыптастыру мақсатында   өткізілді.    

Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасы КММ «Қашықтықтан  және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығымен» ынтымақтастықты алдағы уақытта белсенді түрде жалғастыруды мақсат етіп қойып отыр.   

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru