Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Шет тілдер» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

 novitskaya

Аты-жөні, тегі: Новицкая Юлия Васильевна, M. Ed.

Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі

Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы,86, дәрісхана 501,

Электронды мекенжайynovitskaya@gmail.com

Жұмыс телефоны:  8(7232) 49-25-15

 Новицкая Юлия Васильевна – 1971 жылы туған. Білімі жоғары, M.Ed.. Педагогикалық қызметінің жалпы өтілі -23 жыл. 1993 жылы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетіндегі шет тілдер факультетін бітірген; ағылшын және неміс тілінің мұғалімі мамандандырылуы берілген. Оқуын аяқтаған соң, Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінде ағылшын тілінің практикалық курсы кафедрасында оқытушы ретінде еңбек жолын бастаған. 1996 жылы ШҚМУ-дың тіл мен аударма кафедрасының аға оқытушысы қызметіне ауыстырылған,  2001-2003 жылдары ШҚМУ-дың шет тілдер факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған. 2003 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Vanderbilt University магистратурасында білім беру грантын жеңіп алды. (Нэшвилль қ., Теннесси штаты, АҚШ). 2005 жылы «Жоғарғы білімді басқару» мамандығы бойынша Vanderbilt University магистратурасын аяқтап, «Білім беру магистрі» дәрежесін алды. Letourneau университетінде  (Лонгвью қ., Техас штаты) «Қызметкерлерді басқару» курсы бойынша қашықтықтан білім алды. 2014 жылдың маусым айында Новицкая Ю.В.  Ньюкаслдық университетте (Ньюкасл қ., Ұлыбритания) педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру курсын сәтті аяқтады. 2015 жылдың ақпан-наурыз айларында Warner Pacific университетінде ( Портленд қ., Орегон штаты, АҚШ) «Visiting International Professor» кәсіби даму бағдарламасы бойынша оқытылды, 2016 жылдың тамыз  айында Сингапур қаласында (СингапурРеспубликасы) кәсіби даму бағдарламасына қатысты. Новицкая Ю.В. British Council мен «Ғылым фонды» АҚ арасындағы серіктестік бағдарламасы шеңберінде ҚАЕУ-да ашылған Кәсіби даму мен өзара әрекеттестік орталығының үйлестірушісі болып табылады. Тәжірибесі бар аудармашы, «Ағылшынша-Орысша» тілдік жұппен жұмыс істейді, ауызша және жазбаша бірізді аударма жасайды. Жыл сайын магистратура мен доктарантура бағдарламалары бойынша ағылшын тілінен қабылдау емтихандарын өткізуде Республикалық аппеляциялық кеңестің мүшесі болады, ғылыми және әдістемелік қызметпен айналысады. Шет тілдерін оқыту әдістемесі, аударманы оқыту, сонымен қатар жоғарғы білім берудің реформалануы жағдайында өзгерістерді басқарудың ұйымдастырушылық аспектілері сияқтылар - Новицкая Юлия Васильевнаның ғылыми және кәсіби қызығушылықтарының шеңберіндегі тақырыптар болып табылады. 

 

 

Кафедрасы

Кафедрада келесі мамандықтар бойынша білім беріледі: 5В020700 «Аударма ісі», 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» (ағылшын), «Аударма ісі», 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» (неміс) және  6М011900 «Шет тілі: екі шет тілі», 6М020700 «Аударма ісі»  мамандықтары бойынша магистрлерді дайындау жүзеге асырылады.

Шет тілдері кафедрасында 12 штатты оқытушы қызмет атқарады. ОПҚ орта жасы – 39 жас. Кафедраның барлық оқытушысында магистр академиялық дәрежесі бар, шет тілдерін оқытуды терең білімге, мәдениаралық қарым-қатынастағы тәжірибеге ие,  әрқашан өз кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыс жасайды. Жыл сайын оқытушылардың 100%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Кафедрадағы біліктілікті арттырудың негізгі формалары - Гете-Институттың тілдік семинарларына қатысу, ҚАЕУ семинарлары мен тренингтеріне қатысу, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (Алматы қ.) және Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын «Өрлеу» БАҰО, АҚШ университеттеріндегі тағылымдамаларға қатысу.

«Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі»  мамандықтарының студенттері заманауи білім беру нарығының талаптарына жауап беретін жұмыс оқу бағдарламалары бойынша білім алады. «Аударма ісі»  мамандығының студенттері үшін ауызша және жазбаша аударма бойынша мамандандырылуға ие болуға мүмкіндік беретін білім алу траекториялары енгізілсе, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері үшін балалар/ересектер аудиториясында шет тілін оқыту бойынша мамандандырылуға ие болуға мүмкіндік беретін білім алу траекториялары енгізілген.

«Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі»  мамандықтарының студенттері шет тілдерін оқытуда коммуникативті әдістемеге негізделген үздік оқу құралдары бойынша білім алады. Тілдік мамандықтардың барлық студенттері екі шет тілін оқиды. Негізгі шет тілі ретінде ағылшын және неміс тілін оқиды, ал екінші шет тілі ретінде студенттер неміс, испан, француз немесе түрік тілін таңдай алады.

Кафедра жұмысының шеңберінде студенттердің «Lingua» ғылыми үйірмесі жұмыс жасауда. СҒҮ жұмысы ғылыми-ұйымдастыру бөлімімен, шет тілдері кафедрасымен, университеттің студенттік орталығымен тығыз қатынаста жұмыс істейді.

Шет тілдері кафедрасына бекітілген арнайы жабдықталған кабинет те бар. Лингафонды кабинет заманауи жабдықталған және шет тілдерін оқыту үрдісінің барлық талаптарына жауап береді. Онда лингафонды құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге қажеттінің барлығы бар компьютерлер бар. Орнатылған бағдарламалық қамсыздандырылу ЖОО оқытушылары үшін әдістемелік диапазонды кеңейтіп, оқытылатындарға ең заманауи материалдарды ұсынуға мүмкіндік береді. 

diagram en 1

diagram en 2

Тәжірибелер базасы

ҚАЕУ колледжі, ҚЭК, қалалық жалпы білім беру және арнайы тіл оқыту мектептері тәжирибе өту орындары болып табылады,ЖШС «Sieg»,  ЖШС  «Деловые консультации», АҚ «Шығысмашзауыты», тіл орталығы «Best»,  тіл орталығы «Oxford Team», ЖШС «Лингво-Интенсив», ЖШС «Қазмырыш», АҚ «Орика Казахстан»,  А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана, АҚ  ШҚ РЭК, АҚ «Өскемен арматура зауыты» және басқа кәсіпорындар мен ұйымдар тәжірибе өту орындары болып табылады

 

Кафедра пәндері

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі » мамандығы

  1.       Академиялық мақсаттағы тіл 
  2.       Ауызша қарым-қатынас дағдысы
  3.       Базалық негізгі шетел тілі
  4.       Базалық шетел тілі
  5.       Елтану
  6.       Кәсіби бағдарланған шет тілі
  7.       Көптік интеллект теориясының негіздері  
  8.       Көптік интеллект теориясының практикумы
  9.       Лингвистикалық зерттеулер  жүргізу  негіздері
  10.   Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі базалық  шет тілі
  11.   Негізгі шет тілдің практикалық грамматикасы
  12.   Негізгі шет тілдің практикалық фонетикасы 
  13.   Негізгі шет тілінің ауызша және жазба тілінің практикасы
  14.   Оқылатын тіл теориясының негіздері
  15.   Оқытылатын тіл елінің әдебиеті
  16.   Педагогикалық мамандыққа кіріспе
  17.   Стандартталған тестілеу
  18.   Стилистика
  19.   Тіл біліміне кіріспе
  20.   Шет тілін оқытудағы ақпараттық технологиялар
  21.   Шетел тілдерін оқытудың арнайы бағытталған әдістемесі    
  22.   Шетел тілі
  23.   Шетел тілі (Екінші)
  24.   Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту
  25.   Шетел тілін оқыту әдістемесі 

 5В020700 «Аударма ісі » мамандығы

  1.       Академиялық мақсаттағы тіл 
  2.       Ақпараттық аударма практикасы
  3.       Аудармадағы ақпараттық технологиялар
  4.       Аудармашылардың кәсіби іс-әрекеті негізі
  5.       Ауызша аударма практикасы
  6.       Базалық шетел тілі
  7.       Екі жақты ауызша аударма
  8.       Екінші шет тілінің жазбаша аудармасының тәжиірибесі 
  9.       Елтану
  10.   Жазбаша аударма практикасы   
  11.   Жеке аударма теориясы
  12.   Іскерлік құжаттардың аудармасы
  13.   Іскерлік шетел тілі
  14.   Кәсіби бағдарланған шет тілі
  15.   Көркем аударма практикасы 
  16.   Қазақ/ орыс және шет ел тілдерінің функционалды стилистикасы   
  17.   Мәдениетаралық   коммуникация контекстіндегі арнайы- кәсіби шет Мамандырылған кәсіби шет тіл 
  18.   Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі базалық  шет тілі
  19.   Мәдениетаралық қарымқатынастың теориясы мен практикасы
  20.   Мәтіннің аударма алдындағы  сараптамасы
  21.   Негізгі шет тілі боыйнша лексикоө грамматикалық практикум
  22.   Негізгі шет тілінің ауызша және жазба тілінің практикасы
  23.   Оқылатын тіл теориясының негіздері
  24.   Практикалық грамматика
  25.   Техникалық аударма
  26.   Шетел тілі
  27.   Шетел тілі (Екінші)

6М011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы

  1.       Ана тілі мен шетел тілінің салыстырмалы типологиясы
  2.       Білімді бағалау және бақылау
  3.       Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  4.       Ғылыми мәтіннің стилистикасы
  5.       Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен оның мәні
  6.       Жоғары мектепте шет тілінде білім берудің қазіргі әдістемесі
  7.       Корпустық лингвистика
  8.       Шет тілі бойынша жаңа оқу курсын   жасау
  9.       Шет тіліне оқытудың қазіргі технологиялары.
  10.   Шетел тілі (Екінші)
  11.   Шетел тілі (кәсіби)
  12.   Шеттілдік білім берудегі коммуникативтік-когнитивтік тәсіл

  6М020700 «Аударма ісі» мамандығы

  1.       Аударма бөлімінің қазіргі тенденциялар
  2.       Аударма практикасы мен теориясының қазіргі әдістемесі
  3.       Аударманың жалпы теориясы бойынша семинар
  4.       Ғылыми мәтіннің стилистикасы
  5.       Жазбаша аудармадағы қазіргі компьютерлік технологиялар
  6.       Кәсіби-бағдарланған аударма
  7.       Шетел тілі (кәсіби)

 

Кафедра оларды мақтан тұтады

 


Самойлова-Цыплакова Инна Михайловна



2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.


Моисеева Елена Александровна


2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.


Кравченко Алексей Валерьевич



2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.


Бугаева Юлия Алексеевна



2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.

 

Мещерякова Татьяна Сергеевна

2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.


Гофман Оксана Иосифовна

2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.

 

Фоминых Елена Игоревна

2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.

 

Кулик Татьяна Александровна



2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.

 


        

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru