Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Студенттің академиялық саясаты

ҚАЗАҚСТАН-АМЕРИКАНДЫҚ ЕРКІН УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің оқыту кезеңіне Академиялық Саясаты

Бұл академиялық саясат оқыту үдерісін нәтижелі ұйымастырудың және білім сапасының тиімділігін арттыратын,  студенттердің жеке өзіндік дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуға  мүмкіндік беретін ережелер мен рәсімдер тізімі болып табылады.

  1. Студенттер сабақ кестесіне сәйкес  барлық аудиториялық сабақтарға қатысулары керек. Студент сабақты себепті жағдаймен босатса, өтілген тақырыпты оқытушыға тапсыруға құқығы бар және бағасы кемітілмейді. Ал себепсіз жағдаймен босатқанда да өтілген тақырыпты оқытушыға тапсырады, бірақ оқытушы бағаны силлабуста көрсетілген пайызға сай кеміте алады. Сабаққа кешігуге мүлдем болмайды. 10 минутқа кешіккен жағдайда ,студент оқытушының рұқсатымен ғана сабаққа қатыса алады. 10 минуттан көп кешіккен жағдайда  студент сабаққа кіргізілмейді және ол сабақ негізсіз себеппен қатыспады деп есептелінеді. Егер студент сабақтың  50 пайызына қатыспаса, ол пәнді қайтадан өтуге міндетті.
  2. Студенттер аудиториядан тыс өзіндік жұмыстар орындауға дайын болулары керек. Кредиттік оқыту технологиясына сәйкес, студент аудиториялық сабақтың бір сағатына (50мин), кем дегенде аудиториядан тыс екі сағат жұмсау керек. Бұл оның сабаққа тиянақты дайындығын қамтамасыз етеді.  Пән бойынша сұрақтар туған жағдайда, студент СОӨЖ кезінде  кеңес алу үшін оқытушыға жолығуы керек.
  3. Көшіру мен плагиаттың кез келген түріне  тыйым салынады. Бақылау жұмысы, емтихан, тестілеу уақытында шпаргалка қолданылса, көшірілсе жұмыс қабылданбайды.  Курстық және диплом жұмыстарын, рефераттарды ғаламтордан  көшіруге, әдебиеттерді, баспасөз мағлұматтарын, ғаламтор  ресурстарын сілтемесіз пайдалануға тыйым салынады. Антиплагиат  жүйесі арқылы  тексерілген және соған сәйкес анықтама қағазымен бекітілген жазба жұмыстары ғана бағаланады. 
  4. Студенттің сыртқы келбеті жинақы, таза, жарасымды болуы керек. Студенттің сыртқы келбетін  киімі, аяқ киімі, шаш үлгісі, макияжы, әшекейі, сонымен қатар осылардың  бір-бірімен үйлесуі  анықтайды. Спорттық киіммен, жағажайлық киіммен, күн көзілдірігімен, бас киіммен,  терең декольтелі киіммен сабаққа қатысуға рұқсат етілмейді. Жалпы алғанда, студенттің сыртық келбеті ҚАЕУ мәртебесіне сәйкес болуы керек.
  5. Сабақ уақытында ұялы телефон,  плеер,  ғаламторды  қолдануға тыйым салынады.
  6. Университет  ішінде шылым шегуге,  спиртті сусындар ішуге, есірткі шегуге және дөрекі сөздер айтуға болмайды.  Бұл шартты бұзған жағдайда, 3 ТЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ережені қайта бұзған жағдайда, студентті университеттен шығару жөнінде мәселе қозғалады.
  7. Студенттерден университеттің аудиториядан тыс шараларына белсенді қатысулары күтіледі, яғни конференцияларға, спорттық жарыстар, олимпиадалар, студенттік клубтар, конкурстар, мерекелік және т.б шараларға.

Студенттің бұл академиялық саясаты ҚАЕУ-дегі бүкіл оқу кезеңінде  жарамды. Өзгерістер мен толықтырулар болған жағдайда, бұл құжат қайтадан жасалады.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru