Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Сырттай және кешкі-қашықтықтан оқыту факультеті

Декан

Т.А.Ә.: Шефер Надежда Михайловна – п.ғк., доцент БҒСБК, 

«Сырттай және кешкі-қашықтықтан оқыту» факультетінің

деканы

Мекен жайы: Бажов көшесі,68, каб. 209

Эл.мекен жайы: nadezhda090@mail.ru

Телефон: жұмыс: 8(7232)71-27-00

Шефер Надежда Михайловна – 1956 жылы туған, орыс, білім жоғары,  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Жалпы жұмыс өтілі-37жыл. Соның ішінде жоғары оқу орнындағы еңбек өтілі-36 жыл. 2001 жылдан бері ҚАЕУ қысқартып білім беру бағдарламасымен оқыту бөлімінің деканы, 2011 жылдан бастап бұл бағдарлама сырттай және кешкі-қашықтықтан оқыту факультеті болып қайта құрылды.   Қазіргі уақытта  СжКҚОФ деканы.

2014 жылы конкурстық негізде ҚАЕУ профессоры лауазымына ие болған. Шефер Н.М. үздік ұйымдастырушылық қабілеті бар, факультеттегі оқу процестерін үздік ұйымдастыра және бақылау жасай біледі.  Үздік әкімшілік және оқытушылық қызметі ғылыми –зерттеу жұмыстарына деген салмақты көзқарасымен сәйкестік табады. 25 желтоқсан 2003 жылы «Қазіргі әлеуметтік мәдени жағдайда кәсіптік білімді үздіксіз ұйымдастыру» тақыры бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін  13.00.08. «Кәсіптік білім» мамандығы негізінде Барнаул мемлекеттік педагогика университетінде кандидаттық жұмыс қорғады.

2011 жылы «Педагогика» мамандығы бойынша «БҒСБК-нің доценті» ғылыми атағы берілді.  Шефер Н.М. Өскемен қаласы әкімдігі «Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі – ресурстық орталығы» ММ мектеп оқушыларының конкурстық жұмысының сарапшысы болып табылады. Шефер Н.М. өмірлік ұстанымы белсенді,  жеке қасиеттері ретінде адамгершілік, рухани байлық, жайдарылық, өз әрекеттерін сынай білу тән.   Дарынды ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында Шефер Н.М. әріптестері мен студенттердің арасында зор беделі бар.

Факультет

Сырттай және кешкі-қашықтықтан оқыту факультеті Қазақстан-Американдық еркін универсиеті құрамында ЖОО құылғаннан бері келеді. Бұрын бұл бөлім «Қысқартып оқыту бағдарламасы» болған, бөлімде жоғары білімі немесе орта кәсіптік білімі бар тұлғаларды дайындады. 2006жылы «Қысқартып оқыту бағдарламасы» «Сырттай және кешкі-қашықтықтан оқыту» факультеті болып өзгертілді. Осы жылы факультет қашықтықтық оқыту технологиясы бойынша мамандарды дайындай бастады. Қашықтық оқыту технологиясын ҚАЕУ сайтында орналасқан «Moodle» бағдарламасы қамтамасыз етеді. Сырттай және кешкі-қашықтықтан оқыту факультеті  кешкі және сырттай оқыту түрі бойынша, соның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім, жоғары білім базасы негізінде қысқартып білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды. Мамандарды дайындау мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.

Факультеттің мамандықтары, оқу мерзімі және академиялық дәрежесі туралы ақпарат төемендегі кестеде берілген:


Шифр

Мамандық

Академиялық дәрежесі

Оқумерзімі

 

 

Кешкі

Ж.Б. базасында

ТжКБ базасында

 1.

5В051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Экономика және бизнес бакалавры 

5 жыл

2 жыл

3 жыл

2.

5В050400

Журналистика

Әлеуметтік білім бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

3.

5В011900

Шет тілі: екі шет тілі

Білім бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

4.

5В070300

Ақпараттық жүйе

Техника және технология бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

5. 

5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

Білім бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

6. 

5В020200

Халықаралық қатынастар

Гуманитарлық білім бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

7.

5В050700

Менеджмент

Экономика және бизнес бакалавры 

5 жыл

2 жыл

3 жыл

8. 

5В011500

Экономика және құқық негізі

Білім бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

9. 

5В010200

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Білім бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

10. 

5В020700

Аударма ісі

Гуманитарлық білім бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

11. 

5В050300

Психология

Әлеуметтік білім бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

12.

5В011800

Орыс тілі мен әдебиеті

Білім бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

13.

5В030400

Кеден ісі

Құқық бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

14.

5В090200

Туризм

Қызмет көрсету саласының бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

15.

5В050800

Есеп және Аудит

Экономика және бизнес бакалавры 

5 жыл

2 жыл

3 жыл

16.

5В010800

Дене шынықтыру және спорт

Білім бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

17.

5В050900

Қаржы

Экономика және бизнес бакалавры 

5 жыл

2 жыл

3 жыл

18.

5В050600

Экономика

Экономика және бизнес бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

19.

5В030100

Құқықтану

Құқық бакалавры

5 жыл

2 жыл

3 жыл

 

Оқыту оқу ақысын толық өтей отырып келісім шарт негізінде жүргізіледі, алайда студенттердің бір бөлігінің мемлекеттік білім беру гранттары бар. Факультеттің оқу –процесін ҚАЕУ кафедраларының профессорлық –оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. 

Оқу процесін ұйымдастырумен факультеттің жеткші мамандары мен әдіскерлері- Садибекова Меруерт Абилхасимовна мен Исабекова Алмаш Максутовна  айналысады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім стандарттарының талаптары мен көлеміне сәйкес  студенттерді дайындау жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Оқыту сапасы мен оқу процесін ұйымдастыруға аса көңіл бөлінеді. Факультет қызметінің мазмұны мен технологиясы білім алушының кәсіптік және шығармашылық, тұлғалық қабілетін өсіруге  бағытталған. Өзара сенім мен құрмет атмосферасын орнату студенттерді оқытудағы басты принцип болып табылады. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы контигент спецификасын ескереді- олар машықтанған, кәсіптік тәжірибеден өткен адамдар.

Факультеттегі оқу-әдістемелік жұмыстың құрамына университет оқытушыларымен әзірленген оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулар, ұсыныстар басылымы кіреді. Қағаз жүзіндегі және электронды тасымалдаудағы ПОӘК университеттің кітапханасында болады, студенттер оны өзіндік жұмыс кезінде, зерттеу кезінде, диплом жұмысын орындау барысында пайдаланады. Факультет түлектерімен орындалған дипломдық жұмыстар қолданбалы қолданысқа ие және өндіріске енгізілген, бұл теориялық дайындық пен таңдаған мамандық бойынша тәжірибелік машықтанудың және тез өзгеретін орта жағдайында шешім қабылдай білу қабілетінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Жоғары кәсіптік білім бағдарламасын өте жақсы меңгерген, ғылыми қызметке бейімі бар факультет түлектері оқуды ары қарай магистратурада жалғастыруға мүмкіндіктері бар.

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru