Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жалпы мәлімет

Әлемдік білім беру кеңістігінде бірыңғай білім беру ортасын құруды, дипломдарды өзара құрметтеуді қарастыратын Болон декларациясы республикада интеграция жолының тұрақты бағытына негізделген.    Білім саласындағы ұлттық бағдарламаның басты міндеті әлемдік тенденциялар арасында қолайлы балансқа, стандарттар мен жеке позитивті тәжірибелерге, отандық дәстүрлі ерекшеліктерге  қол жеткізу болып табылады. ҚАЕУ бұрын да қазіргі Қазақстанның болашағы үшін осы  қажеттілікті болжаған болатын.  Еңбек нарығында лайықты бәсекеге түсе алатын мамандарды дайындаудың жоғары деңгейі 1999жылы ҚАЕУ алғашқы түлектеріне ҚР Президенті Н.Назарбаев екі тілдегі: қазақстандық және американдық екі дипломды табыстаған кезде белгілі болған еді. Бүгін ҚАЕУ түлектерінің дипломдарын World View Ассоциациясының мүшелері болып табылатын,  халықаралық университеттері мойындап отыр.  ҚАЕУ осы ассоциацияның ресми мүшесі.  Бүгінгі таңда университет Орегон штаты территориясында білім беру қызметін жүргізу құқығымен осы штаттың толық құқықты жоо ретінде  тіркелген.  Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бір ізге салудың, екі елдің білім беру технологияларының прогрессивті элементтерін пайдаланудың арқасында осы жетістікке қол жетті.    
 Қазақстан-Американдық еркін университет- бакалавларды халықаралық стандарт бойынша (мемлекеттік лицензия 23 қараша 2010жылы берілген № 0137478) дайындай бастаған бірінші жоғары оқу орны.     Университетте оқыту екі факультетте- «Бизнес, құқық және педагогика» және «Қашықтықтан оқыту» факультеттерінде бакалавриат мамандықтары бойынша, магистратура, PhD докторантурасы бойынша екі бағдарламамен (қазақстандық және американдық) жүргізіледі.  

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру

ҚАЕУ колледжі күндізгі оқыту түрі бойынша 9-11 сынып базасында, сырттай оқыту түрі бойынша 11 сынып базасында мамандарды дайындап орта кәсіптік білім беруді жүзеге асырады.

Өскемен экономика және қаржы колледжі  1943 жылы құрылды. 2011 жылы ҚАЕУ –нің құрылымына енді. Өзінің қызмет ету кезеңінде білім беру бірлестіктеріне қабылданып, жетістіктеріне байланысты марапатқа ие болған. Сырттай оқыту түрі бойынша 11-сынып базасында, күндізгі оқыту түрі бойынша 9-11 сынып базасында мамандарды дайындап орта кәсіптік білім беруді жүзеге асырады.     

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru