«Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасы (International Servant Leadership Program)

 

Мақсаттарыменміндеттері:

«Халықаралық көшбасшылық»бағдарламасы (ISLP - International Servant Leadership Program) – Қазақстан-Американдық еркін университетінің АҚШ Орегон Портланд қаласындағы Co-Serve International  ұйымымен ынтымақтастық негізінде жасалған бірегей бағдарлама.   Аталмыш бағдарлама көшбасшылықтың жаңа тәсілдерін  оқыту мақсатында университеттің студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін арнайы әзірлеген, бағдарламаның негізіне  әр тұлғаның жетістігін құрметтеу, қоғамға қызмет етудің принциптері, тұлғалық және кәсіптік әлеуеттің дамуы, жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін шығармашылық күшті біріктіру және команданы құру жатады. қызмет ету жатады.   
Бағдарламаның міндетіне кіреді:

 Мақсаттық топ:

Тағылымдамадан өтуге грантты жеткілікті деңгейде ағылшын тілін меңгерген, жоо-ның өмірінде көшбасшылық әлеуетін танытқан ҚАЕУ қызметкерлері мен әкімшілігі, студентер, оқытушылардың алуға мүмкіндігі бар.   

Қатысу шарттары мен іріктеу процедурасы:

Бағдарламаға қатысу үшін В2 (upper intermediate and advanced) деңгейінен төмен ағылшын тілін меңгерген бакалавриат пен магистратура білім алушылар шақырылады. Қосымша критерий ретінде үздік үлгерім, жоо-ның өміріне белсене қатысу, оқытушылардың ұсыныстары жатады.    

Іріктеу процедурасы:

«Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасына қатысушылардың құрамы қосымша ОЖжББ бойынша вице-президент  Конопьянова Г.А-мен және ҚАЕУ-нің президенті, ҰҒА академигі Мәмбетқазиев Е.Ә.-мен бекітіледі.   

Құны және гранттар:  

«Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасының шығындары бір қатысушыға (жол шығынын қоспағанда)  $10,000 долларды құрайды.   Алайда, конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар Co-Serve International-дан  $9,650  доллар көлемінде грант алады және $350 доллар көлеміндегі шығынды ғана төлейді, сонымен қатар жол шығындары мен визалары үшін қаражатқа жауапкершілік жүктеледі (АҚШ-қа ұшу). Жыл сайын Co-Serve International «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасына қатысу үшін ҚАЕУ студенттеріне  8 орыннан 12 орынға дейін грнаттық орындар бөледі.    

Бағдарламаның құрылымы: 

«Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасының екі жылдық циклі 4 негізгі кезеңнен тұрады:

Аталған курс көшбасшылық бойынша қызмет етудің 30 сағатын құрайды, ол белсенді түрдегі және командалық оқыту стилінде шақырылған оқытушы-тренерлермен өткізіледі.   Қарым қатынас, өзара әрекет, нақты үлгілер мен қатысушылардың диалогы арқылы әдеттегі ұғымдардан ерекшеленетін көшбасшылықтың негізгі принциптерімен танысады.

Бұл кезеңде қатысушылар 20 апта ішінде тәжірибелі тәлімгер-ментормен өзара хат алмасу барысында  көшбасшылық принциптерін зерттеуді жалғастырады, қосымша әдебиеттер оқиды, оқу құралы бойынша тапсырмаларды орындайды.   Тәлімгерлердің көпшілігі – АҚШ азаматтары, оқытушылар, қоғам қайраткерлері, бизнесмендер, әр түрлі қызмет саласында жеке және кәсіби бай тәжірибесі бар адамдар.   

Үшінші кезең студенттер мен оқытушылар үшін АҚШ-дағы Жазғы Көшбасшылық Академиясына (немесе оқытушылар үшін серіктес университеттің бірінде кәсіптік практикадан өтуді) халықаралық сапарды қарастырады. 

Академия студенттерге 3 апта аралығында қатысушылар негізгі курста зерттеген зерттеулері мен менторлық бағдарлама бойынша  көшбасшылықтың принциптерін сәтті жүзеге асыра алған орта және шағын бизнес корпорациялар мен компанияларда, фирмалар мен ұйымдарда болуын қарастырады.  Академияның бағдарламасы барысында қатысушылар кездесулерге, талқылауларға, диалогтар мен практикалық жобаларға қатысып ұсынылған әдіс-тәсілдердің ыңайлы екенін байқап көруге болатынына көз жеткізеді.       

Академия бағдарламасында келесі визиттер жоспарланған:  

Портланд қаласына, Орегон штаты қатысушылар төмендегі компаниялар мен ұйымдарда болады:

  1. Intel халықаралық корпорациясы;
  2. Medical Teams International – дүние жүзі бойынша төтенше жағдайларға орай әрекет ететін халықаралық медициналық гуманитарлық ұйым;
  3. AKT – аудиторлық компания, аудиторлық және консалтингтік қызметтерді жүзеге асырады;
  4. US Digital – жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеуші компаниялар;
  5. Western Pacific College – бұрын профессор  профессор Маршалл Кристенсен президенті болған университет;

Бэнд қаласына, Орегон штаты:

  1. American Licorice – конфеттік  фабрика;
  2. Bend Research – фармацевтік ғылыми-зерттеу компаниясы;
  3. Healing Reins (аудармасы "исцеляющие вожжи" деген мағына береді ) –коммерциялық емес ұйым, дамуы тежелген және басқа да себептермен ауыратын ересек мүгедектер мен балаларды атпен серуендеу көмегімен, атты немесе басқа жануарларлы пайдалану арқылы терапевтік сабақтар терапиясын жүзеге асырады. 

Вашингтон штаты:

  1. First Fruit of Washington – дүние жүзіндегі ең ірі меншік алма бағы   (азық-түлік компаниясы);
  2. Vista Hermosa – меншік білім беру мектебі;
  3. Collegium – қалалық қоғамдық орталық;
  4. Jubilee Ranch – жасөсіпірімдерге оңалту орталығы

Көшбасшылықтың жазғы Академиясынан оралған соң қатысушылар көшбасшылық принциптері бойынша университеттің, қаланың, елдің қажеттіліктеріне қызмет ететін нақты бірлескен жобаны енгізуге жұмыс істейді.   Қатысушыларға тренер-тәлімгер көмек көрсетеді.   Аталмыш жоба қатысушыларға қоғам игілігі үшін өзгерістерді жүзеге асыруда өз әлеуетін сезінуге көмектеседі.  

 

Программа международного лидерства Программа международного лидерства