Интернет арқылы ағылшын тілін үйренудің жеке сабақтары

Co-Serve International Language Consultants (CILC) Co-Serve International қоры Орегон штаты, АҚШ-да негізі қаланған білім беру ұйымының бөлімшесі болып табылады.  Бұл ұйым білім сапасы мен дүние жүзі бойынша серіктес университеттер арқылы көшбасшылық қасиетті арттыруға ықпал етеді.

Бағдарламаның негізі жеке, бағасы қолайлы, сонымен қатар интернет (Internet Based English Tutoring - IBET) арқылы ағылшын тілінің жоғары сапалы репетиторлығы болып табылады.   .

CILС  бөлімшелерінде ағылшын тілі (американдықтар қолданылатын) ұлттық тілдердің бірі ретіндегі Оңтүстік-Шығыс Азияның жоғары білікті оқытушылары жұмыс істейді.  Бұл оқытушылар студенттермен ағылшын тілінің жеке, жиі сабақтары үшін  Интернет арқылы байланысады.  Бағдарлама студенттерге оқытушылармен жеке кездесуге, ағылшынша сөйлеу практикасы бойынша мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.  

Бағдарламаның артықшылығы сабақты студенттер үшін қолайлы уақытта, қолайлы орында өткізу болып табылады.     Бағдарлама студенттердің жоғары жылдамдықтағы интернет пен компьютерге қол жетімділігі болуын талап етеді (DSL немесе кең жолақты). Студенттер мен оқытушылар бір электронды оқулықты пайдалану арқылы Skype бағдарламасының көмегімен байланыс орнатады. 

Оқытудың оңтайлы кестесі аптасына 3-4 сабақ құрайды, олардың әр сабағы 50 минутқа дейін барады.

  1. Co-Serve International Language Consultants ағылшын тілінің 5 деңгейін ұсынады:
  2. Beginner (бастапқы);
  3. Beginner-Intermediate (ортадан төмен);
  4. Intermediate (орта);
  5. Advanced-Intermediate (ортадан жоғары);
  6. Advanced (ілгері).

Ережеге сәйкес студент бір деңгейден шамамен 6 ай ішінде, тұрақты аптасына 3 сағаттан өтеді. Алайда бұл студенттердің жеке мүмкіндіктеріне байланысты. Әр деңгейді аяқтаған соң студенттер халықаралық үлгідегі сертификатқа ие болады.