Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы

Қазақстан-Американдық еркін университеті базасында British Council мен «Ғылым фонды» АҚ «Ньютон – Әль-Фараби» серіктестік бағдарламасы шеңберінде  Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы ашылды. Қазақстанда барлығы осы іспетті 14 Орталық бар. Қазақстан-Американдық еркін университеті базасындағы орталық Шығыс-Қазақстан мен Павлодар облыстары үшін ашылған.

Орталық қызметінің мақсаты Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметін қолдау мен зерттеу нәтижелілігін арттыру, зерттеушілер, ғылыми-техникалық персонал мен ғылыми жетекшілердің біліктіліктерін арттыруға атсалысу, сондай-ақ зерттеушілер мен соңғы нәтижелерді қолданушылар арасындағы өзара әрекеттестік болып табылады.

Семинарларды Ұлыбританиядағы білікті жаттықтырушалар өткізеді.

Жоба қатысушылары – ЖОО, орта және техникалық, кәсіби білім беру  оқытушылары, ғылыми қызметкерлер мен ғылыми қызметті дамытуға қатысқысы келетін өнеркәсіптік сектор өкілдері болып табылады.  

Жұмыс тілі – ағылшын.