«Менің Отаным–тәуелсіз Қазақстан»

Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы Өскемен қаласының мектептерімен белсенді ынтымақтастық қатынастарын жүргізеді. Осы ынтымақтастық аясында 2014 жылдың 9 желтоқсанында оқытушыСавелий Мужчиль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орайластырылған Өскемен қаласы дарынды балаларына арналған № 34 арнайы мектеп-лицейдің  гуманитарлық-эстетикалық  цикл кафедрасының пәндік аптасының іс-шараларына қатысты.

№34 мектеп-лицейдің көптеген түлектері өз оқуларын ҚАЕУ-де жалғастыруда. Солардың қатарына Савелий Мужчиль де жатады. «Менің Отаным–тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына арналған дөңгелек үстелдің қатысушысы ретінде ол, тәуелсіздік кезеңінде құрылған Қазақстанның үздік ЖОО бірі  – Қазақстан-Американдық еркін университеті, оның жетістіктері мен табыстары жайлы айтып берді.  Сонымен қатар сол күні «Мемлекеттіктің қалыптасу: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, фашизмге қарсы соғыстағы жеңіске Шығыс Қазақстанның қосқан үлесі жайлы айтып берді.

Белсенді ынтымақтастығы үшін Савелий Мужчиль құрмет грамотасымен марапатталды.