Жаңаша күздік отырғызулар

261020166

2016 жылдың 25 қазанында ҚАЕУ ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері мұражай-қорық аумағында ағаш көшеттерінің күздік отырғызуларына қатысты. Олар университет пен ШҚ облыстық архитектуралық-этнографиялық және  табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы арасында жасалған Меморандум аясында өткізілді.

Бұл күздік отырғызулардың ерекшеліктері - олардың полимерлік материалдарды қолданып жүргізілуінде. Жаңа технологияларды қолданудағы нұсқауларды, белгілі ғалым-эколог, х.ғ.к., ҚАЕУ ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Раушан Мәмбетқазиева жасады. Жалпы алғанда, бұл Қазақстан-Американдық еркін университетінің  «Қалалық университет» инновациялық жобасы аясындағы кезекті әлеуметтік жобасы болды.

261020167