ҚАЕУ студенттері –заңтану бойынша Олимпиаданың жеңімпаздары

2016 жылдың 6  желтоқсанында Г.В. Плеханов атындағы РЭУ Өскемен филиалында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған өңірлік құқықтық олимпиада болды.             

 Олимпиадаға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, ҚАЕУ,  Плеханов атындағы РЭУ командалары қатысты.

Қазақстан-Американдық еркін университетінен аталмыш  олимпиадаға қатысушылар - «Заңтану» мамандығының  студенттері мен магистранттары - Хайруллина Ляззат, Сағындықов Дәурен, Строкатов Николай, Сафонова Евгения, Халиков Равиль.

Олимпиадаға әртүрлі кезеңдер кірді  – блиц-турнир, тестілерді, шырмауларды шешу, жазбаша тапсырмаларды орындау. Студенттер құқықтың, конституциялық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық сияқты  салаларынан өз білімдерін тексерді. 

Олимпиада қорытындылару бойынша  Қазақстан-Американдық еркін университеті «Заңтану» мамандығының студенттер командасы жеңімпаз атанды!