Жылдың жас ғалымы

2016 жылдың  8  желтоқсанында Өскемен  қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруғы сіңірген еңбегі үшін» сыйлығын тапсыру рәсімі болды. «Жылдың жас ғалымы» аталымында   Қазақстан-Американдық еркін университеті «Бизнес» кафедрасының оқытушысы Әйгерім Оралбекқызы сыйлыққа ие болды.

Әкімнің сыйлығы  Өскемен қаласында тұратын 14 жастан 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтарына, жастардың ерекше сіңірген еңбектерін  ынталандыру және тану мақсатында беріледі.

Сыйлық  жылына бір рет, 7 аталым бойынша беріледі:

  1.                    Жылдың студент көшбасшысы.
  2.                    Жас кәсіпқой.
  3.                    Жылдың жастар ұйымы.
  4.                    Жылдың жастар акциясы.
  5.                    Жас шығармашылық ұжым.
  6.                    Жылдың жас ғалымы.
  7.                    Жылдың жас отбасы.

Әйгерім Оралбекқызы  24 жасында халықаралық ғылыми жобаның орындаушысы, бірнеше республикалық жобалар байқауының жеңімпазы болып табылады,  14 ғылыми жұмыстар жарияланымдары бар.