ҚАЕУ студенттерінің «БИПЭК - АВТО Қазақстан» ЖШС өкілдерімен кездесуі

2017 жылдың 16 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университетінің базасында 5В050700 «Менеджмент», 5В050600 «Экономика», 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының 3 және 4 курс студенттерінің «БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС өкілдері – қызметкерлер даму бөлімінің басшысы, Белова Анна Владимировнамен және даму бөлімінің аға менеджері Қалқатова Багданамен кездесуі болып өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты, университет студенттерін «БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС - «Студенттер мен түлектер тағылымдамасы» атты жаңа жобасымен таныстыру болды.

Сервистік-өткізу желісі Қазақстанның 19 қаласында орналасқан және  LADA,ŠKODA,Chevrolet,KIA,UAZ,Renault маркалы автомобильдерін, KAMAZ,АМКОДОР,AVANT арнайы техникаларын сату мен қызмет көрсету жөніндегі  25 кеңсесі бар «БИПЭК - АВТО Қазақстан» ЖШС, міне ұзақ жылдар бойы  университеттің негізгі серіктесі және жұмыс берушілерінің бірі болып отыр.

 «БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС базасында «Бизнес» кафедрасының оқу-әдістемелік базасы орналасқан. Кафедраның оқу-әдістемелік базасын құру мақсаты –білікті мамандар даярлауды жақсарту, оқу үдерісінің ғылыми, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік бағытталуын нығайту, сонымен қатар бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу және олардың нәтижелерін тәжірибелік қызметке енгізу.

«Студенттер мен түлектер тағылымдамасы» бағдарламасы мынадай мүмкіндік береді:

«Студенттер мен түлектер тағылымдамасы» бағдарламасының тұсаукесері аяқталған соң, студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.

«Бизнес» кафедрасы