Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

КӨПЕН ЕРҚАСОВПЕН КЕЗДЕСУДЕ

IMG 20170302 WA0005

02.03.2017 жылы ҚАЕУ барлық мамандықтар бойынша 1-курс студенттері, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының барлық студенттері А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханаға өңіріміздің тумасы,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, аудармашы Көпен Ерқасовпен кездесуге барды.

Қазақ елінің тәуелсіздігі мен бостандығын жырға қоса отырып, өзінің кемеліне келген көркемсөз шебері екенін дәлелдей түскен ақын биыл 65 жасқа толып отыр екен. Ақын студенттермен кездесуде өзінің шығармашылық өмір жолын баяндап, кейбір туындыларына ерекше тоқталып өтті. Атап айтсақ, 11 күн ішінде қаламынан туған «Ақнайман қырылған» поэмасы мен оның жазылу тарихы тыңдарман тарапынан ерекше қызығушылық тудырып, қызу талқыланды. Сонымен қатар, «Самғау» атты өлеңдер жинағының басқа шығармалары да сұхбатқа арқау болды. Студенттер ақындық талант пен ақынның шеберханасы туралы сұрақтарын қойды. Ақындыққа нақты анықтама беріп, оның алғышарттарының нақты бір нәрсеге ғана тәуелді емес, ақын жоғары шеберлікке қол жеткізу үшін тек тума таланттың жеткіліксіз екенін баса айтып, қаламгер өзінің, басқа да атақты ақындардың шығармашылық қажырлы еңбек жолдарынан дәйек келтірді.  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы бола жүріп, аудан көлемінде бұрын орысшаланып кеткен немесе атауы таза орысша қойылған Алексеевка, Горный, Черняевка, Бобровка, Успенка, Орловка, Сорвенка, Николаевка, Архиповка, Рождественка секілді ауыл-село аттарының қазақшалануына көп күш салып, «ұлтшыл» деген атақ алыпты. Дегенмен бұл реттегі еңбегі текке кеткен жоқ. Қазір ол ауылдардың Теректі, Ақбұлақ, Қалжыр, Төсқайың, Ақжайлау, Шанағаты, Бұғымүйіз, Мойылды, Қайнарлы, Жиделі деп аталуына ақынның көп маңдай тері сіңген.

Көркемсөз шеберіне аталмыш шарада демеу болып, сұхбатқа тікелей араласқан өзінің замандастары мен достары Оңдасын Елубаев, Әлібек Қаңтарбаев, Тоқтарбек Мағзұмовтар да кездесуге қатысты.

Студенттер осы іспетті кездесулердің болашақ тіл мамандарының кәсіби құзіреттіліктерінің артуына, оқу үрдісінің неғұрлым қызықты әрі жан-жақты болуына әсерін тигізетінін атап айтты.

Кафедра «Педагогики и психологии»

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru