Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттері – тіл жанашырлары

1

Қазақстан-Американдық еркін университеті Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп, «Қате жарнамаға жол жоқ!» атты облыстық айлық аясында  қала көшелеріндегі көрнекі ақпарат пен жарнамалардың  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында рейд жүргізді.

 Рейдке университетіміздің «Педагогика және психология» кафедрасының тілші мамандарының  жетекшілігімен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері  қатысты. Студенттер Өскемен қаласының М.Әуезов даңғылы, Севостопольская, Михаэлис, Виноградов, Бажов, Ворошилов, Астана, Дзержинский, Космическая және Карбышев көшелерін аралап, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің заң талаптарына сәйкестігін және аудару кезінде негізгі мағынасының дұрыс болуын тексерді.  Тексеру нәтижесінде 37 қате анықталды.  

 Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне рейд қорытындысы бойынша кең көлемдегі ақпарат, фото есеп тапсырылды.

Кафедра «Педагогики и психологии»

2

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru