Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ашық есіктер күні

Бұл дәстүрлі іс-шараға өткен сенбіде Қазақстандағы тұңғыш халықаралық серіктестік университеті жайлы біліп және естуге тілек білдіргендер мәжіліс залына лық толып жиналды.

2017 жылдың 08 сәуірі.

Негізгі іс-шара басталғанға дейін талапкерлер мен педагогтар, ата-аналар мұражайды аралап, ҚАЕУ жайлы фильм көру мүмкіндігіне ие болды.

Кездесуді университеттің бірінші вице-президенті Галина Конопьянова ашты.

Қонақтарды ҚАЕУ негізін қалаушы және президенті ҚР ҰҒА  академигі Ережеп Мәмбетқазиев, сонымен қатар кездесуге қатысқан шетелдік оқытушылар Кэти Хайд, Лу Фолтц құттықтады. ҚАЕУ талапкері, № 38 гимназиының түлегі және «Алтын белгі» иегері Арина Черноваға президент өзінің «Ректор – совесть вуза» атты кітабын сыйлады.

Өз сөздерінде ЖОО бірінші басшылары ҚАЕУ-нің ерекшеліктері мен артықшылықтарын қысқа да, нұсқа сипаттап берді.

Көптілді Қазақстан-Американдық еркін университеті қашан және қалай басталды?

 90-жылдары«Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп жатқанда. Алайда Америка немесе Еуропаға оқуға баруды қарапайым педагог, дәрігер, үй сыпырушының әрбір дарынды ұлы немесе қыздарының бәрі бірдей армандай алмады. Сондықтан да  Америка Өскеменге келетіндей ету керек болды.

Бұл өршіл жобаның табысты болуына көпшілігі сенбеді: Шығыс Қазақстанның облыс орталығында АҚШ, Канада, Еуропаның жетекші университеттерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен кадрлар даярлау – бұл мүмкін емес болып көрінді. Халықаралық білім шалғайда шынайылық болу үшін зор қажырлылық, күш-жігер көрсету керек еді. Ал осындай бірегей жоба табысының басты  факторы Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың қолдауы болды. Ол ҚАЕУ ашылу рәсіміне жеке қатысып, оның тұңғыш «Құрметті профессоры» атанды. Төрт жыл өткен соң, ҚР Президенті ҚАЕУ-нің алғашқы түлектеріне дипломдар тапсырды.

Көптілліктің осындай алаңының бірегейлігі мен артықшылықтары неде?

Студенттердің  АҚШ, Ка­на­да, Авс­тра­лия, Еу­ро­па елдері уни­вер­си­те­ттерінің шетелдік серіктес-оқытушыларының, тәжірибелі менеджерлердің, заңгерлердің, бан­ки­рлердің, бизнес­ме­ндердің нағыз ағылшын тілді ортасына жұмылуы үлкен нәтиже береді. Жыл сайын оқу және шығармашылық үдерісі қырықтан астам шетелдік әріптестердің қатысумен жүреді.  Жалпы, бүкіл кезең ішінде, 485-тен астам шетелдік оқытушылар мен мамандар өздерінің сабақтарын, шеберлік дәрістерін жүргізді.

Нәтижеге бұл қалай жұмыс жасады?

ҚАЕУ-нің 22 жылдағы қызметінде он мыңнан астам мамандар даярланып, олардың төрт мыңнан астамы ағылшын тілін еркін меңгерді, олар сол тілде жұмыс істеп, білімдерін жалғастыра алады. Алты жүзден астам ең дарынды  студенттер   аме­ри­ка­ндық бағдарлама бойынша оқыды, сонымен қатар олардың қолдарында қа­за­қс­тандық және аме­ри­ка­ндық дипломдар бар.

Мамандарды даярлау бағдарламасының міндетті бөлігі - студенттер мен оқытушылардың  АҚШ кәсіпорындарында, ком­па­нияларында, фир­маларында кәсіптік іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өтуі. Мұндай іс-тәжірибеге жеті жүзден астам  сту­ден­ттер мен ма­ги­ст­ран­ттар қатысты. Жүзден астам сту­ден­ттер мен ма­ги­ст­ран­ттар АҚШ             уни­вер­сите­ттерінде қашықтық курстардан өтті, ҚАЕУ-нің он сту­ден­ті мен түлектері     пре­зи­де­нттік «Бо­ла­шақ» бағдарламасының иегерлері атанды. ЖОО-ның тоғыз ең дарынды сту­ден­ттері Норт­вест На­за­рин (АҚШ)  уни­вер­си­те­тінің  ма­ги­ст­ра­ту­расы мен                 док­то­ран­ту­расында оқуларын жалғастыру үшін уни­вер­си­те­т гран­ттарына ие болды. ҚАЕУ жетпістен астам оқытушылары рес­пуб­ли­каның, об­лыстың шетелдіктердің қатысуымен кәсіпорындарда, ком­па­нияларда тағылымдамадан өтті.

 ҚАЕУ түлектері қайда жұмысқа орналасады?

 Қа­за­қс­танда да, одан тыс жерлерде де. Олар шетелдіктердің қатысуымен отандық аса ірі кәсіпорындар мен компанияларда, мемлекеттік органдарда, Ре­сей, Швей­ца­рия, АҚШ, Ұлыб­ри­та­ния, Гер­ма­ния, Ис­па­ния, Гре­ция, ҚХР, Бол­га­рия, Авс­тра­лияның белгілі компанияларында жұмыс істейді.   

Өз табыстарын ҚАЕУ  студенттерінің өздері де көрсетті.  Күтілгендей, олардың әрқайсысы өзі және ҚАЕУ жайлы ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде еркін баяндап бере алды.

Евгений Лютовский, «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3 курс студенті. Белоусовка кенті №1 орта мектебінің түлегі, Евгений АҚШ-да іс-тәжерибеден өткен кездегі алған әсерлерімен бөлісті. Бүгінде ол «EnglishClub», студенттік даму Орталығы клубтарының белсендісі.

Қанат Сағидолдин қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде еркін және акцентсіз сөйлейді, көптілділіктің осындай деңгейіне жолды ол туған мектебінің қабырғасында бастап, оны бітірген соң, ҚАЕУ колледжіне оқуға түсті. Колледжден кейін ҚАЕУ бакалавриатын аяқтады, бүгінде Қанат «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша  магистратураның 1 курсында оқиды. АҚШ-ғы іс-тәжірибе оған тек тілді тереңдетіп меңгеруге ғана көмектескен жоқ. Қанат  дүниені кеңірек және тереңірек таныды.

Айнур Юсупова - Аягөз қаласындағы көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясының түлегі. Өзінің аудармашылық шеберлігін 3 курс студенті «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасына қатысу, американдық студенттермен аудармашылық іс-тәжірибе арқылы жетілдіруде.

Александр Штыков, «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3 курс студенті, дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейлді бітірген.  ҚАЕУ-де оқу кезінде ол АҚШ-да оқытудан өтті, американдық студенттермен аудармашылық іс-тәжірибеден жиі өтеді.

Юлия Ларионова, М.Әуэзов атындағы  №17 орта мектептің түлегі, ҚАЕУ-де «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша үшінші курста оқиды. Оның SUSI бағдарламасына, Мәскеудегі БҰҰ Үлгісіне қатысуы көпшілікке үлкен әсер қалдырды. Дмитрий Чех - баскетболдан құрама команданың мүшесі, «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураның 1 курсында оқиды. Ол №37 орта көпсалалы мектептің түлегі. ҚАЕУ-де оқуы кезінде ол «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасына белсене қатысады.

Дамир Далелқанов– «Заңтану» мамандығының екінші курс студенті. Ол заң клиникасы бойынша іс-тәжірибеден, американдық студенттермен аудармашылық іс-тәжірибеден өткеннен кейінгі өз әсерлерімен бөлісті.

Ресми бөлімнен соң, бизнес, құқық және халықаралық қатынастар, шетел тілі, педагогика және психология кафедраларында мамандықтардың тұсаукесерлері болды. Мұнда  студенттік жобалардың көрсетілімі, Қазақстан экономикасы дамуының негізгі векторы ретіндегі «ЕХРО-2017. Болашақтың энергиясы» интерактивті ойыны, "Өз құқықтарынды біл" зияткерлік ойыны,  ағылшын тіліндегі интерактивті ойындар, «Мен мамандықтар әлеміндемін», «Әлеуметтік желілердің болашақ мамандықты таңдауға ықпалы» тренингтері ұйымдастырылды. Әндер сахналанып және айтылып, сонымен қатар оқып-үйренетін тіл халықтарының билері орындалды.

Қонақтар туристік өнімдердің  және студенттік макеттердің, БОПжӘ мамандығы студенттері еңбектерінің көрмесімен танысты. «Менің мамандығым «Журналист» бейнеролигі көрсетілді.

Ашық есіктер күнінің үшінші бөлімінде ҰБТ жаңа пішімі бойынша МжҚБ кеңестері жүргізілді.

ҚАЕУ басшылығы Өскемен қаласы әкімдігіне және қалалық білім басқармасына ашық есіктер күнін өткізудегі ұйымдастырушылық қолдаулары үшін алғысын білдіреді.

       Жұртшылықпен байланыс Орталығы

 

Хабарландыру

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru