Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық байқауының жеңімпазы

IMG 20170421 WA0040 

ҚАЕУ «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызы сәуірдің 20-21 аралығында Астана қаласының Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінде өткен  «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері»  республикалық байқауына қатысты. Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды. 1-кезеңінде қатысушылар 15-20 минуттық бейнебаянда өздері креативті деп табатын сабақ үлгілерінің үзіндісін жіберіп, сырттай өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, 250-ден астам жұмыс жіберіліп, соның 30-ы үздік деп табылып, келесі кезеңге жолдама алды.

2-кезең сәуірдің 20 күні Астана қаласының KAZGUU университетінің ғимаратындағы «Үш би» залында өткізілді. Кезең шарты – берілген тақырып бойынша 2 сағат ішінде эссе жазу. Ұсынылған 3 тақырыптың ішінен «Сандық ұрпақ пен қазақ тілін оқытудың этнопедагогикалық негіздері: болашаққа көзқарасқа» таңдау түсті.

Байқау қорытындылары бойынша Нұрсұлу Қайырдықызы келесідей марапаттарға ие болды:

-  «КАЗГЮУ Университеті» АҚ атынан  «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» атты республикалық байқауда үздіктер қатарынан табылғаны үшін сертификат;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті атынан Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері»  атты республикалық байқауда үздік нәтиже көрсеткені үшін алғыс хат;

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы атынан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қосқан үлесі үшін алғыс хат.

Оқытушы сайыстан шығармашылық шабыт алып, келесі жылы ұйымдастырылған жағдайда қайта қатысуға бел буып отыр. Алдағы жұмысына шығармашылық табыс тілейміз!

Кафедра «Педагогики и психологии»

Хабарландыру

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru