Бірінші курстықтарды студент қатарына қосу

«Большевик» түнгі клубында Қазақстан –американдық еркін университетінің бірінші курстықтарын студенттер қатарына қосу рәсімі болып өтті! Студенттер қатарына қосу күні – ерекше, әрі есте қаларлық оқиға. Бұл күнді көпшілігі бүкіл өмір бойы еске алып жүреді.

Бірінші курстықтарға оқу жұмысы және білім бағдарламалары жөніндегі вице-президент Ғ.А.Конопьянова, «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы Г.А.Мензюк құттықтау сөздерін арнады. Олар студенттерге ҚАЕУ-де нағыз, сенімді достарын табуды, оқуда табысты болып, өз «Alma-mater»-леріне сенімді болуды тіледі. ҚАЕУ студенттерінің бетке ұстарлары концерт даярлап берді. Ескендір Құмаров, Василя Хасязянова, Денис Ухов, ҚАЕУ КТК(КВН)және т.б. тамаша нөмірлерімен таң қалдырды.

Барлық бірінші курстықтар студенттер қатарына қосудың әзіл ғұрыпынан өтті.Мереке би кешімен аяқталды.