EXPO-2017 студент–еріктілерімен кездесу

2017 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университеті базасында жаттықтырушылар және де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен, «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесі еріктілерінің  Форумы болып өтті.

Халықаралық көрме жұмысына қатысуға еріктілер тізімі даярланды, олардың қатарына ШҚО университеттерінің 1-3 курс студенттері кірді, соның ішінде ҚАЕУ-нің  32 студенті бар. Еріктілер үшін ағылшын тілін жоғары деңгейде  білу міндетті талап болып табылады.  «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесіне еріктілердің баратын бағдарлы уақыты 2017 жылдың 1  тамызы -12 қыркүйегі аралығында деп  жоспарланып отыр.

Шетел тілдері  кафедрасы