Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«ҚАЕУ –ШҚО мектептеріне»: ҚАЕУ-нің Ұлан ауданындағы Әдістемелік күні

2017 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдері, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында, Ұлан ауданында ҚАЕУ Әдістемелік күнін өткізді.

Іс-шара бағдарламасын кіргендер: мұғалімдерге арналған мына тақырыптарға семинарлар: «Білімдегі көптілділік саясаты жағдайларында шетел тілін оқытудың заманауи әдістемесі» (Новицкая Ю.В. – M. Ed., «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі), «Оқушыларды емтиханға психологиялық тұрғыда даярлаудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі»(қазақ тілінде), (Орақбаева М. К. психология магистрі, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы), «Оқушыларды емтиханға психологиялық тұрғыда даярлаудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі» (орыс тілінде), (Искендерова Ф. В. – PhD докторы, «Педагогика және психология» кафедрасының доценті), «Математиканы оқыту барысында ойындық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың ынталануын және білім сапасын арттыру» тақырыбына шеберлік сабағы (Зимановская А. А. – ҚАЕУ колледжінің жоғары санатты оқытушысы, Сапарғалиева Г. С. – ҚАЕУ колледжінің жоғары санатты оқытушысы). Семинарлар мен шеберлік сабақтары аяқталған соң, мұғалімдерге сертификаттар тапсырылды.

11 сынып түлектері үшін «Бизнес-жобалар жастар арасында кәсіпкерліктің басты қозғаушы күші ретінде» зияткерлік ойыны (Мамырбекова Д. С. экономика магистрі, «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы) және «Мен мамандықтар әлемінде» тренингі (Алиқанова Э. А. педагогика магистрі, «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы) өткізілді. Сонымен қатар оқушыларға арнап университет факультеттері мен мамандықтары жайлы толық ақпарат беріліп, ЖОО оқуға түсу мен құжаттар тапсыру ережелері жайлы кеңестер беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.

Маркетинг және қабылдау бөлімі

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru