Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

СібТКУ және ҚАЕУ колледждері оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы жалғасуда

ҚАЕУ Мәнсап пен тұлға дамыту орталығы базасында Сібір тұтыну кооперациясы университеті (Новосибирск қаласы, Ресей)  колледждері оқытушыларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қызметкердің негізгі дағдыларын дамытудың  инновациялық әдістері»  бағдарламасы жалғасуда. Бағдарлама университеттер ынтымақтастығы жайлы келісімді жүзеге асыру аясында іске асырылуда.

ҚАЕУ «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к, Гаврилова  Юлия Александровна  «Қазіргі заманғы халықаралық құқық проблемалары» тақырыбына семинар өткізді.  Ағылшын тілін қолданып халықаралық жария құқықты оқыту әдістемесіне баса назар аударылды.

«ВЕЛЛ» туристік агенттіктер желісі Шығыс Қазақстан өкілдігінің Бас директоры, дінтану магистрі, Кочнев Денис Витальевич «Туризмдегі менеджмент. Тиімді рекрутинг және туристік бизнесте маркетингтік және ақпараттық саясатты басқару» тақырыбына шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабақ аясында туристік бизнестің түрлері, туропреаторлық қызметті ұйымдастыру мәселелері  қарастырылды.

«Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Четтыкбаев Руслан Қайратұлы «Қоғамды ақпараттандыру проблемалары» тақырыбына семинар өткізді. Семинарда ақпараттық қауіпсіздіктің төмендегідей мәселелері қарастырылды: заманауи киберқауіптер, сонымен қатар мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі. Тыңдаушыларға компьютерлік қауіптер– компьютерлік вирустар, «құрттар» және зиянды трояндық бағдарламалар жайлы ақпарат берілді – сонымен қатар олармен күрестің негізгі тәсілдері ашылып көрсетілді. Күн өткен сайын өзектілігі артып отырған       киберқылмыс тақырыбына айтарлықтай маңызды көңіл бөлінді. Сонымен қатар, тыңдаушыларға жеке ақпараттарына хакерлердің жағымсыз қол сұғуынан және  вирустардың  енуінен қорғану жөнінде құнды ақпараттар алу мүмкіндігі туды.     

 «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Трофимова Юлия Владимировна «Дебиторлық берешектің бухгалтерлік және басқарушылық қырлары» тақырыбына семинар өткізді. Шеберлік сабағында қарызды өндіріп алу жөніндегі  мерзімі өткен берешекпен жұмыстың үш бағыты қарастырылды;  борышкерлермен жұмыс; серіктестермен жұмыс.  Шеберлік сабағы барысында тек берешектер пайда болуының алдын алу жөніндегі мәселелер ғана емес, сонымен бірге оларды жою тәртібі жөніндегі, яғни өз жұмысында жоғарыда көрсетілген үш бағытты мейлінше жақсы үйлестіру мәселелері де қарастырылды.         

Семинарлар мен шеберлік сабақтары аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Мәнсап пен тұлға дамыту орт талығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru