Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«ҚАЕУ –ШҚО мектептеріне»: ҚАЕУ-нің Шемонаиха ауданындағы Әдістемелік күні

2017 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдері, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға және   мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында, Шемонаиха ауданында ҚАЕУ Әдістемелік күнін өткізді.

Кикина М.И. – п.ғ.к., доцент, ҚАЕУ колледжінің директоры мектеп директорларына арнап «ШҚО білім ұйымдарында 2015-2019 жылдарға үштілділікті дамытудың Кешенді жоспарының екінші кезеңін жүзеге асыру» тақырыбына семинар өткізді. Сонымен қатар іс-шара бағдарламасын кіргендер: мұғалімдерге арналған мына тақырыптарға семинар: «Білімдегі көптілділік саясаты жағдайларында шетел тілін оқытудың заманауи әдістемесі» (Новицкая Ю.В. – M. Ed., «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі) және «Математиканы оқыту барысында ойындық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың ынталануын және білім сапасын арттыру» тақырыбына шеберлік сабағы (Зимановская А. А. – ҚАЕУ колледжінің жоғары санатты оқытушысы). Семинарлар мен шеберлік сабақтары аяқталған соң, мұғалімдерге сертификаттар тапсырылды.

9 сынып оқушылары үшін «ПРЕДПРИНИМАЙка» экономикалық ойыны өткізілді (Непшина В.Н. – PhD докторы, «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы). Ойыншыларға өздерін бизнес-жоспар даярлайтын кәсіпкерлер және ұсынылған жобаларды қаржыландыруға даяр инвесторлар рөлінде байқап көру мүмкіндігі берілді. 11 сынып түлектері үшін «Мен мамандықтар әлеміндемін» (орыс тілінде) (Вдовина Е.Н. психология магистрі, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы) және «Мен мамандықтар әлемінде» (қазақ тілінде) (Байтемирова К.Б. педагогика магистрі, «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы) тренингтері өткізілді.

Қорытынды бөлімінде оқушыларға арнап университетке оқуға түсу және құжаттар тапсыру ережелері жайлы кеңестер беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.

Маркетинг және қабылдау бөлімі

 

Хабарландыру

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru