Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Студенттік бизнес ӨК ЭҚК басталады

Өскемен экономика және қаржы колледжінде болашақ       бизнесмендерді  тұрақты негізде «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні базасында даярлау жүргізіледі.

Арнайы және экономикалық пәндер оқытушысы Евгения Хрупина жас кәсіпкерлерді алға бастыру идеясына ден қойды. Бұл үшін ол,  DAMU кәсіпкерлерді қолдау Қоры ұйымдастырған шағын және орта бизнесті ұйымдастыру жөніндегі тәжірибелік курстар мен семинарларда оқыды.     

Қазірдің өзінде осындай тәлімгерліктің алғашқы нәтижелері де бар. Мәселен, «Менеджмент» мамандығының студенті Марина Зиновьева өз бизнесін құру идеясымен құмартты. Өз оқытушыларының білімдері және қолдауларымен қаруланған ол, «Зиновьева» ЖК ашты, оның қызметінің басты бағыты – балалар мерекелерін ұйымдастыру.

Студенттер Темірхан Нариманов, Айбек Төлегенов («Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы) 2017  жылдың сәуір айында «Жастар және ғылым» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша XX- ғылыми студенттік  конференцияға қатысты. Конференция  Семей қаласында өтті.  Өздерінің үздік баяндамалары үшін олар III дәрежелі дипломды иеленді (жетекшілері Ш.К.Сембина).

«Қаржы» мамандығының  студенті  Игорь Бирюченко Республикалық «Просвещение» ақпараттық-әдістемелік орталықтың қамқорлығымен    Астана  қаласында өткен, “EXPO-2017” Республикалық ғылыми-тәжірибелік         конференцияның жеңімпазы атанды. Игорь «Биогаз баламалы энергия көзі ретінде» атты жұмыспен баяндама жасап, I дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Хрупина Е.Е.).

Хабарландыру

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru