Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

білім мен ғылымдағы халықаралық серіктестік: сын-тегеуіріндер және трендтер

IMG 0203

ҚАЕУ-де АҚШ,Канада, Германия, Оңтүстік Кореядан шетелдік серіктестердің, депутаттардың, ірі кәсіпорындар мен білім ұйымдары басшыларының қатысуымен халықаралық Дөңгелек үстел болып өтті …

 2017 жылдың 13 қыркүйегі

 Форумға қатысушылар мен оның қонақтары үшін Өскеменнің орталық ауданында жаңа оқу корпусының есіктері айқара ашылды. Жаңа мәжіліс залындағы көңіл- күй, ҚАЕУ-де құрылыс жүріп, оның дамып жатқанын білдіріп тұрғандай…

- Аса құрметті әріптестер, қымбатты достар! – деп бастады құттықтау сөзін форум бастамашысы, әрі салтанат иесі ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев. – Мен бүгінгі іс-шараға қатысуға мүмкіндік тапқан баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевқа республика қалыптасуының ең күрделі кезеңінде білім және ғылым министрлігін басқаруға маған зор сенім білдіргеніне, Қазақстан- Американдық еркін университетінің ашылуына жеке қатысқаны, оның алғашқы түлектеріне дипломдар тапсырғаны үшін шексіз алғысымды білдіремін. Кәсіпқой ретінде, бүгінгі ғылыми форум үштілділіктің дамуына лайықты үлес қосатынына кәміл сенемін.

23 жылдық қызметінде егемен Қазақстанның болашақ көшбасшылары - бәсекеге қабілетті көптілді мамандардың жас буынын даярлауды қамтамасыз еткен республикадағы тұңғыш халықаралық серіктестік жеке меншік ЖОО ретінде, осындай халықаралық деңгейдегі ғылыми форум өткізуге ҚАЕУ-нің құнды тәжірибесі бар. ЖОО оқу үдерісіне жыл сайын 40-тан астам шетелдік оқытушылар, АҚШ, Канада, Еуропа елдерінен жетекші мамандары қатысады. ҚАЕУ түлектері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде табысты еңбек етуде.

Қатысушыларға арнап, ҚАЕУ Қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен, ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтау сөз сөйледі.

Маршалл Кристенсен модератор болған бірінші панелді сессия аясында, білімдегі реформалар, өмір бойында білім қандай болуы керек деген мәселелер талқыланды. Сонымен қатар білімнің еңбек нарығына бағдарлануы, Кореядағы заманауи білім проблемалары, халықаралық білімдегі пәнаралық байланыстар мәселелері...

Өз ойларымен бөліскендер:

- Хью Холлманн, заң докторы, білім Академиясының директоры (Темпе қаласы, АҚШ)

- Кристиан Браувайлер, Батыс-Саксония университетінің профессоры (Цвикау қаласы, Германия)

- Роберт Робак, Strategic Resources Group, Inc. корпорациясының директоры, Resource Partners SRG Canada Inc. компаниясының президенті, Roebuck Garrett Investments и Roebuck and Associates, Inc. Бас директоры ( Торонто қаласы, Канада)

- Барталамеус Минковски, Қазақстан бойынша DAAD өңірлік өкілі (Кёльн қаласы, Германия)

- Вуджин Чу, PhD докторы, Сеул мемлекеттік университеті Бизнес-мектебінің профессоры (Сеул қаласы, Корея)

- Данетт Верворт, Нортвест Университетінің оқытушысы (Сиэтл қаласы, АҚШ)

Екінші панелдік сессияның спикерлері (модераторы Марина Кикина) болып сөз сөйлегендер:

- Дүйсек Қамысбаев, химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі

- Дина Жүсібалиева, педагогика ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы ХТжХҚҚУ профессоры

- Сәуле Байхонова, педагогика ғылымдарының кандидаты, ««Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік қоғамы ШҚ филиалының директоры

- Юлия Новицкая, ҚАЕУ шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі

- Әли Әбішев, экономика ғылымдарының докторы, Атырау мұнай және газ институтының ректоры.

Мына мәселелер талқыланды:

  • Білімдегі халықаралық серіктестік: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәжірибесі

  • Атырау мемлекеттік университеті мен Британдық Кеңестің мысалында халықаралық ұйымдары бар ЖОО-ның көпқырлы ынтымақтастығы

  • Халықаралық серіктестік білімді жаңғырту факторы ретінде

  • Халықаралық ынтымақтастықтың ҚР педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мазмұнын өзгертуге ықпалы

  • Қазақстан-Американдық еркін университеті: халықаралық серіктестік ЖОО үлгісі.

Аталып өткендей, дөңгелек үстел жұмысы, Қазақстан-Американдық еркін университетінің Президенті, оны құру бастамашысы және негізін қалаушы, егемен Қазақстанның білім және ғылым министрі, бүгінгі таңда да табысты іске асырылып жатқан білім саласындағы көптеген инновациялардың авторы Ережеп Мәмбетқазиевтің өміріндегі айтулы күнге орайластырылған болатын.

Мерейтой иесін ҚР ҰҒА бас Ғылыми хатшысы, академик, ҚР БҒМ ғылым Комитетінің ақпарат және есептеу технологиялары институтының бас директоры Мақсат Қалимолдаев құттықтады. Көптеген танымал саяси және ғылым қайраткерлері, басшылардың құттықтау-жеделхаттары мен құттықтаулары оқылды. Мерейтой иесі ірі кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар басшыларынан, әріптестерінен көптеген құттықтаулар алды.

Астрахан облысы Думасының шешімімен Ережеп Мәмбетқазиевке Астрахан облысы губернаторының «Астрахан облысына сіңірген еңбектері үшін» Құрмет мадақтамасы берілді. Ережеп Әлхайырұлының сол облыста туған белгілі, мұндағы туған ауылы Калининодағы мектепке оның есімі берілген.

Қоғаммен байланыс орталығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлык кукыктар коргалган.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)52-30-70 +7(7232)61-90-23 +7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru