Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Менің де Америкада көптілділікті дамытқым келеді

 

IMG1072
IMG1067
IMG1069
IMG1073

Деп мәлімдеді Джозеф Уилсон ҚАЕУ Президенті академик Ережеп Мәмбетқазиевпен болған әңгімесінде.

- Мен осында, Қазақстанға келгенім, мұндай мүмкіндікті Сіздің жасағаныңыздың арқасында. – Деп атап өтті Джозеф. – Маған көңіл бөлгеніңізге рахмет және біздің елдеріміздің арасында серіктестік жолын ашқан адаммен танысқаныма өте қуаныштымын.

Джозеф Уилсон бізге АҚШ-ның шығысындағы Теннесси штатының Нооксвилл қаласынан келді. Лингвистика магистрі ағылшын тілін оқыту әдістемесіне маманданған. Оқу жылының басынан ол бізде ағылшын тілінен сабақ береді және бұл бағдарлама ҚАЕУ- де бір жылға арналған.

- Мен мұндай ұзақ бағдарламаны көптілді Қазақстанды, білім жүйесін, мәдениет пен дәстүрлерін жан-жақты және тереңірек танып білу, сіздердің тәжірибелеріңізден үйрену үшін арнайы таңдап алдым.

Джозеф ҚАЕУ студенттерінің тіл даярлығының жоғары деңгейін ерекше атап өтті. Ол өзі университет тарихына және американдық серіктестермен көпжылдық ынтымақтастық тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытады. Ризашылық белгісі ретінде Ережеп Әлхайырұлы жас ғалымға өз монографияларын сыйға тартты.  

Жұртшылықпен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)500-300 +7(7232)502-945
+7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru