Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Ұлы даланың жеті қыры»: студенттер көзімен

IMG 20190315 WA0030

Наурыз мейрамы аясында 2019 жылы 15 наурыз күні, сағат 14.00-19.00 аралығында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ұлы даланың жеті қыры: Наурыз – бабалар өсиеті» атты мерекелік іс-шара өтті. Қонақтарға Әз-Наурызға арналған «Наурыз – көктем елшісі» атты әдебиеттер көрмесі ұсынылды.

Көктемгі жаңару, ақ пейіл мен татулық мерекесінің ашылу салтанатынан кейін 14.00-16.00 аралығында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы бойынша студенттердің қатысуымен топтық сайыс өткізілді. Бірнеше кезеңнен тұрған бұл сайысқа ҚАЕУ-дің «Бастау» шығармашылық жастар ұйымы қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды:

  • I орын: «Самұрық» тобы, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

  • II орын: «Шамшырақ», С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

  • III орынды Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Бастау» ұйымы иеленді.

«Педагогика және психология» кафедрасы

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru