Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ қабырғасында өткен «Латын әліпбиіндегі емле ерекшеліктері: мәселелері мен оны шешу жолдары» атты облыстық семинар

 

T42A8900
T42A8841
T42A8814
T42A8842
T42A8853
T42A8864
T42A8869
T42A8883

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру керектігі белгіленген. Содан бері бұл тақырып қоғам талқысында оң өзгеріс тауып, бұқараның назарын аудартқан болатын.  Аталмыш шешім көпшілікті елең еткізіп, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары арасында қызу пікірталас туғызды. Қазір бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, қоғамдағы бір алпауыт орынды алып отырған әлеуметтік желілерде пікірлер алаңы орнап жатыр.

19.04.2019 ж. ҚАЕУ қабырғасында да осындай алаң ұйымдастырылып, жаңа әліпби мен оның ізімен құрылған емле ерекшеліктері қызу талқыға салынды.

ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы Қалиғазина Сәуле Сағидаоллақызы «Жаңа әліпби - өркениет жазуы» баяндамасымен, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы, тренер Абилмажинова Ләйла Қазизхановна «Шеттілдік сөздерді жаңа емле ережесі бойынша меңгерту» атты тақырыпты баяндамасына арқау  етті. Сөзін аяқтай келе, «Армандастар» әнінің латын қарпінде жазылған караоке нұсқасымен студенттерге хормен ән шырқатты.

 Келесі сөз кезегінде  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығының жетекшісі, ф.ғ.к. Әлімхан А.Ә. «Латыннегізді ұлттық әліпбидің әлеуметтік -лингвистикалық мәселелері»атты тақырыпта  сөз қозғады.

Ал С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қауымдастырылған профессоры,  ф.ғ.к.Бияров Б.Н. «Латын жазуына арналған емле ережелеріндегі кейбір кемшіліктер» жайлы салмақты дәлелдемелер  ұсына отырып, арқылы   өзектілігін көрсете білді. Соңынан  Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, профессор, ф.ғ.к. Нурланова А.Н. Қазақстан-Американдық еркін университетінде қазақ тілін латын графикасына көшіру бағытын жүзеге асыру бойынша жүргізілген жұмыстарды жайлы сөз қозғап,  семинарды  қорытындылады.Семинар   тақырыбы студенттердің қызығушылығын оятып, пікірталасқа  ұласты.Студенттер   көкейінде жүрген сұрақтарына  толыққанды жауап алды.

«Педагогика және психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru