Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-дің кәсіптік бағдар берудің жаңа форматы: Тарбағатай ауданы

 

T42A2802
IMG-20191023-WA0038
T42A2803-1
T42A2814
T42A2820
T42A2822
T42A2830
T42A2835

2019 жылдың 23 қазанында ҚАЕУ өкілдері Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылына кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа форматымен барып қайтты.

Университеттіміздің мобильді тобы Ақжар ауылының мәдениет үйінде мектеп оқушыларымен және ұстаздарымен кездесті.

Аталған кездесу мектеп түлектерін Қазақстанның жоғарғы білім беру мекемелеріне бағыттау бойынша іс-шаралар аясында өтті.

ҚАЕУ "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрланова Әсем Нұрланқызы және ҚАЕУ "Бизнес" кафедрасының аға оқытушысы, математика магистрі Бердібеков Азамат Бердібекұлы Қазақстан-Американдық Еркін университетімен таныстырып, оның тарихы мен білім беру бағдарламалары, кафедралар мен оқытуды ұйымдастыру барысы, қос дипломды білім алу және шетелде тағылымдамалардан, іс-тәжірибелерден өту мүмкіндіктері туралы баяндап беріп, ҚАЕУ 25-жылдығына орай түсірілген фильмді көрсетті.

ҚАЕУ студенттері Манатбеков Айбек пен Зайцев Дмитрий Тарбағатай ауданының оқушыларына университетте оқу, шетелдік оқытушылармен бірге өтетін сабақтары, тәжірибе алмасу, конкурстар мен олимпиадаларға қатысу жайын баяндап берді. ҚАЕУ студенттері Instagram танымал әлеуметтік желісі платформасында қызықты квест-ойынын өткізіп, оқушыларға ҚАЕУ жаңалықтарын бақылап, кез келген уақытта және кез келген жерде университет өкілдерімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік барына көз жеткізді.

Маркетинг және қабылдау бөлімінің менеджері Балжан Сәрсембаева оқушыларға ЖОО-на қабылдау, ҰБТ тапсыру тәртібін, оның мерзімін түсіндіре отырып, ҚАЕУ мемлекеттік гранттарына құжаттарды тапсыру мерзіміне ерекше назар аудартты. Оқушылардың көптеген сұрақтары американдық бағдарлама мен көптілділік бағдарламаларында оқыту жүйесіне қатысты болды.

Бердібеков Азамат Бердібекұлы өткізген «Логика қайда?» ойынына оқушылар ғана емес, кездесуге қатысқан жергілікті БАҚ өкілдері де қызығушылық танытты.

"Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Орақбаева Маржан Қабдулқанқызы "Педагогтардың эмоциялық күюінің алдын алу" тақырыбында мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг өткізді. Сондай-ақ түлектерге арнап «Мамандықтар әлемі» тақырыбында қызықты тренинг ұйымдастырды.

Біз Тарбағатай ауданының оқушылары мен мұғалімдеріне жылы шырайларымен қабылдап, қонақжайлылық танытқандары үшін, біздің ісімізге ықылас білдіргендері үшін алғысымызды айтамыз және кезекті кездесуді күтеміз!

Фотосуреттерді дайындаған Комнев Кирилл.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru