Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ кәсіптік бағдар беруінің жаңа форматы: Зайсан ауданы

T42A2541
T42A2586
T42A2607
T42A2647
T42A2662-1
T42A2714
T42A2750
T42A2771
T42A2785

2019 жылы 23 қазанда құрамында оқытушылар мен студенттері бар Қазақстан-Американдық Еркін университетінің мобильді тобы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласына барды. Биылғы жылдың 150-ден астам мектеп түлегі мен университетіміздің өкілдері Зайсан қаласының Мәдениет үйінде кездесті.

ҚАЕУ "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрланова Әсем Нұрланқызы Қазақстан-Американдық Еркін университетімен таныстырып, оның тарихы мен білім беру бағдарламалары, кафедралар мен оқытуды ұйымдастыру барысы, қос дипломды білім алу және шетелде тағылымдамалардан, іс-тәжірибелерден өту мүмкіндіктері туралы баяндап, ҚАЕУ 25-жылдығына орай түсірілген фильмді көрсетті.

Маркетинг және қабылдау бөлімінің менеджері Балжан Сәрсембаева оқушыларға ЖОО-на қабылдау, ҰБТ тапсыру тәртібін, оның мерзімін түсіндіре отырып, ҚАЕУ мемлекеттік гранттарына құжаттарды тапсыру мерзіміне ерекше назар аудартты. Оқушылардың көптеген сұрақтары американдық бағдарлама мен көптілділік бағдарламаларында оқыту жүйесіне қатысты болды.

ҚАЕУ студенттері Манатбеков Айбек пен Зайцев Дмитрий Тарбағатай ауданының оқушыларына университетте оқу, шетелдік оқытушылармен бірге өтетін сабақтары, тәжірибе алмасу, конкурстар мен олимпиадаларға қатысу жайын баяндап берді. ҚАЕУ студенттері Instagram танымал әлеуметтік желісі платформасында қызықты квест-ойынын өткізіп, оқушыларға ҚАЕУ жаңалықтарын бақылап, кез келген уақытта және кез келген жерде университет өкілдерімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік барына көз жеткізді.

Бердібеков Азамат Бердібекұлы өткізген «Логика қайда?» ойынына оқушылар ғана емес, кездесуге қатысқан жергілікті БАҚ өкілдері де қызығушылық танытты.

"Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Орақбаева Маржан Қабдулқанқызы "Педагогтардың эмоциялық күюінің алдын алу" тақырыбында мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг өткізді. Сондай-ақ түлектерге арнап «Мамандықтар әлемі» тақырыбында қызықты тренинг ұйымдастырды.

Біз Зайсан қаласының оқушылары мен мұғалімдеріне жылы шырайларымен қабылдап, қонақжайлылық танытқандары үшін, біздің ісімізге ықылас білдіргендері үшін алғысымызды айтамыз!

Қоғаммен байланыс орталығы

 Фотосуреттерді дайындаған Комнев Кирилл

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru