Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ұлттық басылымға арналған жеңісіміз

 

IMG-20191030-WA0075
IMG-20191030-WA0028
IMG-20191030-WA0031
IMG-20191030-WA0033
IMG-20191030-WA0035
IMG-20191030-WA0063
IMG-20191030-WA0059
IMG-20191030-WA0076

Бүгін, яғни 2019 жылдың 30 қазаны күні Қазақстан –Американдық еркін университеті облыстық деңгейде өткен байқаудан қанжығасын майлап, 1-орынмен қайтып келді. Аталмыш байқауды ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма Егемен Қазақстан газетінің 100-жылдық мерейтойына арнап, «Ұлттық басылым – ұлттық тіл» атымен өткізді. Төрт кезеңнен тұратын конкурсқа «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызының жетекшілігімен «Журналистика» мамандығының 1-курс студенттері Мұратқанова Мадина, Аменгельдинова Гульдана, Муратканова Ариана қатысты. Тәжірбелерінің аздығына қарамастан, қыздар білімділік, қағылездік пен ақпарат беру тәсіліне деген жаңашыл көзқарастарын танытты. Егемен еліміздің төл басылымының тарихын жете зерттеген команда газеттің ең алғашқы «Ұшқын» деген атын топқа айдар қылды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен тіл тазалығын сақтай отырып, тіл мәдениетін жетілдіруді мақсат еткен байқауда әр оқу орнынан 3 адамнан тұратын 1 команда қатысып, кезеңдері төмендегідей болды:

1-кезең таныстыру командалар өздерін және оқу орындарын еркін түрде таныстырулары керек болды. «Тағылымды тарих» деп аталатын келесі кезеңде капитандар өз араларында Егемен Қазақстан басылымының 100-жылдық тарихы бойынша білімдерімен сынасты. Бұл кезеңде топ басшысы Мұратқанова Мадина Kahoot.com  бағдарламасын меңгергенін, газет тарихын терең білетінін танытты. 3-кезең шарты бойынша командалар латын әліпбиіннің жаңа емлесінің ережелерін сақтай отырып, және экранда көрсетілген тірек сөздерді қолдана отырып, «Егемен Қазақстан» газетінің болашағын қалай елестететіндері жайлы шағын ой-толғауларын жазды. Ал үй тапсырмасы ретінде берілген соңғы «Ұлттық басылым – ұлттық тіл» сатысында командалар мерейтой иесі болып отырған басылымға өздерінің тілектері мен құттықтауларын бейнебаянда көрсетті.

Осындай мазмұнды кезеңдерен тұратын сайыста ҚАЕУ «Ұшқын» команасына бәсекелес командалар осал болған жоқ. Олар- Семей медицина университетінің «Достар» командасы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Алтай ақпарат», Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың «Көк түрік» және Семей қаласы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Руханият» командалары.

Барлық кезеңдерен сүрінбей өтіп 1-орындарымен топ жарған «Ұшқын» командасы «Samsung» маркалы планшеттерге иеленді.

 Бейнебаяндарды түсіріп, монтаждау жұмыстарына атсалысқан Бабич Глеб, Идаятұлы Кашап және Комнев Кириллға және жанкүйер болған ҚАЕУ Белсенділер тобына алғыс білдіреміз!

 

Педагогика және психология кафедрасы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru