Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Жастар және отбасы саясаты салаларын әдістемелік сүйемелдеу бойынша іс-шаралар кешені» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберіндегі іс-шаралар

 

T42A5608
T42A5613
T42A5619
T42A5632
T42A5640
T42A5642
T42A5655

«Инфинити» даму орталығы» қоғамдық бірлестігі қаланың жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері үшін жеке тұлғалық өсім, отбасылық қарым-қатынас психологиясы және тайм-менеджмент тақырыбына тренингтер өткізді.

Спикерлер жеке тәжірибесімен бөлісіп, студенттерді толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Қызықты бағдарлама және ойын түрінде өткізілген тренингтер 2 күнге созылды.

Теориялық бөлімде семинарға қатысушылар көшбасшылықтың түрлі теориялары, көшбасшылық түрлері мен көшбасшы қасиеттері, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға ықпал ететін жаттығулар туралы білді. Сонымен қатар, студенттер қазіргі жағдайда командада жұмыс істеу, "жайлылық аймағынан" шығу, стратегиялық ойлау мен белсенділікті дамыту дағдыларын тәжірибеде жүзеге асырды.

Практикалық бөлімде студенттер сұрақтар қойып, зейінді, көшбасшылық қасиеттер мен командалық рухты дамытатын топтық жаттығуларға қатысты.

Жастарға арналған әлеуметтік жобаның маңызын ескерсек, іс-шара өзекті болды деп бағалауға болады. Тренинг қатысушылары пайдалы тәжірибе мен керемет әсер алып қайтты.

Тренингтерге ҚАЕУ-дің келесі қызметкерлері мен студенттері қатысты: Уразова Наталья Павловна, Зайцев Дмитрий Дюсембаевич, Манатбеков Айбек Аманбекович, Бабич Глеб, Шивцов Артём, Дарья Михайлова, Калымбеков Ильяс, Иконникова Анастасия, Протопопова Алёна, Куконева Сания, Алешина Анастасия и Аканова Карина.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru