Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ: КОЛЛЕДЖДЕР

T42A7545
T42A7536
T42A7539
T42A7548
T42A7556
T42A7606
T42A7631
T42A7653
T42A7661
T42A7680

2019 жылдың 19 қарашасында Қазақстан-Американдық Еркін университетінің бас оқу ғимаратында ҚАЕУ колледжі мен Өскемен экономика және қаржы колледжінің түлектерімен кездесу өтті.

Колледж түлектері үшін ЖОО таңдауда көптеген шарттар маңызды: өз қабілеттерін жақсы білу, қызықты адамдармен кездесу, шетелдік мамандармен қатынас орнату, жаңа іс пен дағдыларды игеру, қызметтік мансапты дамытуды жылдамдату немесе өз өмірін толығымен өзгерту мүмкіндігі. Кездесуде қос колледж студенттері ЖОО білім беру бағдарламалары, грант алу мүмкіндіктері бойынша толық ақпараттандырылып, білім ордамыздың негізін қалаушы Мамбетқазиев Ережеп Әлхаировичпен жеке сұхбаттасты. Президентіміз өз кезегінде біздің университетке қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдіріп, колледждің көзге түскен түлектеріне қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде "Менің таңдауым" атты кітабын сыйға тартты.

Кездесу интерактивті түрде өтіп, одан арғы жұмыс таңдалған мамандық бағыттары бойынша жалғасты.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru