Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа барып қайтқан ҚАЕУ студенттері

IMG-20191122-WA0006
IMG-20191122-WA0004
IMG-20191122-WA0003
IMG-20191122-WA0005

2019 жылдыңы 20 қарашасында "Құқықтану" білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына барды.
Білім алушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе сату " бойынша қылмыстық іс материалдарын қарау бойынша басты сот талқылауына қатысты.
Сот отырысы аяқталғаннан кейінгі баспасөз-конференциясы өтті, оған төрағалық етуші, қылмыстық іс бойынша судья Забенов К. Б. студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, студенттер сот корпусының мұражайына барды, онда судья Е. Турлина қонақтарды ШҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының құрылу тарихымен таныстырды. Кездесу барысында судья сот жүйесі, сот құрылымы, қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жұмыс ерекшеліктері туралы айтып өтті.
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот ұжымына болашақ жас заңгерлерді тәрбиелеу мен құруда практикалық көмек көрсеткендері үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!


Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru