Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Шығыс Еуропа елдерінің қазіргі заман тарихы: батыс-славян елдері

T42A9041
IMG20191129163148086
IMG20191129163148087
IMG20191129163148093
IMG20191129163148109
IMG20191129163148112
T42A9037

2019 жылы 29 қарашада Қазақстан-Американдық Еркін университетінің бас оқу ғимаратында Чехия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гикл мырзамен және Словак Республикасының Қазақстан  және Қырғыз Республикаларындағы Төтенше және өкілетті елшісі Милан Коллар мырзамен кездесу өтті. 
Кездесу тақырыбы ретінде университет қонақтары екі ел тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі - Чехословакияның өткен ғасырдың 90-шы жылдары кезеңінде екі егеменді мемлекетке бөлінуін таңдады. Милан Коллар мырза революциялық оқиғалар 17 қараша, яғни, Халықаралық студенттер күнінде басталғанына ерекше назар аударды. Студенттер кез келген қоғамдағы алдыңғы қатарлылар болатыны хақ, өйткені олар - ел болашағының нышаны. Сондықтан болар, студенттері шешуші рөл атқарған әр түрлі саяси және тарихи оқиғаларға мән беру маңызды.
Өскемен қаласының оқушылары және ҚАЕУ студенттері шараға тыңдаушылар ретінде қатысуға шақырылды.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru