Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды енгізу

19
3
4
5
6
7
8
9
10
11
13
14
20

2019 жылдың 29 қарашасында ШҚО Білім беру басқармасы және Кәсіптік білім беру орталығының қолдауымен ҚАЕУ Жоғары колледжі базасында Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының арнайы пәндер басшылары мен оқытушыларына арналған "CLIL технологиясын қолдану арқылы арнайы пәндерді оқыту үдерісінде пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту" тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Колледж директоры, п.ғ.к., доцент Кикина Марина Ивановна ҚАЕУ жоғары колледжінде мамандықтар бойынша ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз ететін пәндерді кіріктіре оқыту технологиясын енгізудің үш жылдық тәжірибесін ұсынды.

Колледж арнайы пәндерінің оқытушысы - Ожекенева Бакыт Давлетчановна - семинарға қатысушыларды ағылшын тілінде пәндерді интеграциялап оқыту технологиясын жүзеге асыру аясында оқыту үрдісінде сандық білім беру ресурстарын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында қатысушылар ашық сабақтарға қатысты, онда колледж оқытушылары CLIL технологиясын қолдану арқылы арнайы пәндерді оқыту әдістемесін көрсетті: Кикина М.И. – педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған «Criteria-based assessment of learners’ achievements: Integrated Model» сабағы; Ким В.А. – "Шетел әдебиеті тарихы" пәні бойынша болашақ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «I. Stone’s Creativity. The Novel «The Life of Van Gogh/ И. Стоун шығармашылығы» сабағы; Мухаметкалиева М.К. – "Құқықтану" мамандығының студенттері үшін «System of human and civil rights and freedoms/Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүйесі» сабағы; Ильясова О.А. – "Биология" пәні бойынша бірінші курс студенттері үшін "Ways of evolution/Эволюция жолдары/"тақырыбындағы сабақ. Семинар соңында ҚАЕУ шет тілдері кафедрасының доценті Герсонская Валентина Владимировна семинар тақырыбы бойынша тренинг өткізді.

ҚАЕУ жоғары колледжі

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru